Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет52/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Қыз алған жоқ жақыннан Тобықты əзір,
Өлтірем деп жүрмесін бізді қазір,
Өзімді аяп тұрғам жоқ, сізді аяймын,
Сен сау болсаң болар ем мен-ақ нəзір.
Шəкəрім Мамырдың осы алғашқы кездесудегі сөзінен-ақ оның 
ішкі əлемінің рухы қаншалықты биік екенін танытып өтеді. Бұл – 
олардың бір-бірімен тілдесіп, сырласып, белгілі бір уағдаға келген-
нен кейінгі кездесуі сəтіндегі Мамыр сөзі. Сол алғашқы кездесуден-
ақ, біз Мамыр бойындағы нық сенімді, нақты байламды байқаймыз.
Шындығында поэмадағы əрбір қимылдың, оқыс оқиғаның ба-
стау көзінде Мамыр тұрады. Ол – өжет те өр қыз. Мұны Шəкəрім 
Мамырдың əрбір сөзінен, іс-əрекетінен байқатып, үнемі оқырманға 
ой тастап отырады. Қалқаманмен кездесіп, бірге кетуге бел байлаған 
Мамыр шешіміне назар аударайық:
Мамыр айтты: Мен сенсіз тірі тұрман,
Үш қайырдым сөзіңді мен антұрған,
Бір құдайға сиында, ал да жөнел,
Жолыңда өлсем разымын, жаным құрбан.
Бұдан тағы бір түйеріміз поэмада Шəкəрім көбіне Мамырдың 
сырт тұлғасына, сыртқы сұлулығына сұқтанбай, оның ішкі жан 
дүниесін ашуға ұмтылған. Мамыр ең алдымен, ішкі рухы күшті, бір 
шешімді өжет қыз ретінде көрінеді. Оны поэманың басында еркек-
шора қыз ретінде көрсетуі де осы ерге тəн өжеттіктің өзегі қайда 
жатқанына жөн сілтеу еді.
Мамырдың жан сұлулығы, ішкі сезім нəзіктігі жоғарыдағы 
Қалқаманмен кездесу сəтінде айқын білінеді. 
Алдыңа кешу сұрап келіп тұрмын,
Көзге тірі болсам да өліп тұрмын,
Қалқаман, осы саған қоштасқаным,
Денемді емес, жанымды беріп тұрмын.
11–853


162
Қыз жанының нəзіктігі, сезімталдығы, оның ішкі рухы осы 
сөздердің өн бойынан төгіліп тұрған жоқ па? Яғни Шəкəрім 
кейіпкерлердің сөз қатысын олардың бітім болмысын ашуға оңтайлы 
пайдаланып, сол арқылы кейіпкерлерінің жан-дүниесіне терең 
бойлаған. Сүйгеніне деген адалдыққа, махаббат атты ұлы сезімге 
деген пəктікке Мамыр өмірінің соңына дейін берік болады. Ағасы 
Көкенайдың қолынан қаза табар сəтте қайсарлығын, өжеттігін 
сақтап қалуы оның бейнесін биіктете түседі. Ол өзінің ажал алдын-
да тұрғанына өкінбейді, тілегі тек Қалқаманның амандығы.
– Көкенай, қорғамаймын, сөзіме бақ,
Ісім жөн, бір құдайға көңілім хаһ.
Мойныңа менің қаным халал болсын,
Болма енді Қалқаманның қанына ортақ.
Кешікпей мен өлемін, сен тірісің,
Іс емес құдай кешер қылған ісің.
Өлтіртпе, тілегім сол, Қалқаманды,
Барасың тəңір алдына, білемісің?
Мамырдың осы соңғы сөзінде өз ісіне өкіну жоқ. Тек тағдырға 
мойынсыну бар. Ол өзінің адалдығына сенімді, махаббат атты 
ұлы күштің құдіретіне шырмалып, құрбанға шалынғанын жақсы 
түйсінеді. Осы қасіретті оқиғаның құрбаны жалғыз өзі ғана болуын 
қалайды. Сондықтан да оның аузынан шыққан соңғы сөз “Қалқаман, 
аман бол!”.
Поэмадағы Қалқаман – шыншыл бейне. Оның өзгелерден ар-
тылып, көзге ұрып тұрған ерекшелігі жоқ. Ол – шыншылдығымен, 
қарапайым жан ретіндегі іс-əрекетімен сүйсіндіретін кейіпкер. 
Қалқаман – Мамырға шын ғашық жан. Өз тілегіне орай, қыз 
келісімін алған жігіт, алдағы қиын-қыстау күндердің, тартыс-
таластардың боларын біле тұра, күрт шешім қабылдап, берік 
байламға келеді. Сөйтіп, Мамырды алып қашады. Бұл – Қалқаман 
бейнесінің ірі қимылға барар азаматтық тұлға екенін байқататын 
бір көрініс.
Қалқаманның Мамырдай аруға тең, Мамыр махаббатына сай 
тұлға екендігін танытатын екінші бір көріністі Шəкəрім поэма 
соңында береді. Мəмілеге келмеген Көкенай ақырында садақпен 
атып, қара санынан жаралағанда, “Мамырдан қалған жанның керегі 


163 
не” деп, басын оққа байлаған Қалқаманның аман қалғанын көріп, 
“А, құдайлап” шауып келген құрбы-құрдасына ол былай дейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет