Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет56/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

“Бірінші басылымы 1999 жылы Ыстанбұлда жарияланған 
естелігімде:”...Елім-айлап өткен өмір” менің естелігімнің аты. 
Естігендерім мен көргендерімнің есте қалған жиынтығы. 
Өмірімнің алпыстан асып, жетпіске таяған кезінде қағаз бетіне 
түсіргендерім. Басқаларына ұнап-ұнамайтынына қарамастан, 
есте қалғандарды болғанындай күйінде жаздым. Бұл көркем 
əдебиет түріндегі бір еңбек емес. Дерлік елу жылдан бері шет 
елдерде өмір сүрген бір қазақтың қиырда жүріп жазып, сыртта 
бастырған ғұмырнамасы...” деп қысқаша таныстырғанмын. Ал 
енді, қазіргі (көктем, 2005) жетпістен сексенге қарай өрлеген 
кезеңде де айтарым сол”.
Автордың шығармасы өмірбаяндық толымды материалдарды 
кең қамти отыра, тарихи қоғамдық мағлұматтарды, Шығыс 
Түркістан қазақтарының өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан 
бергі кезеңді саяси-əлеуметтік жағдайларынан барынша хабардар 
етеді. Бұл жөнінде академик Р. Нұрғали: 
“Шетелдегі қазақ 
диаспорасының көрнекті өкілдерінің бірі, қоғам қайраткері
журналист, қаламгер Хасен Оралтайдың “Елім-айлап өткен 
өмір” шығармасын жанр жағынан алғанда, өмірбаяндық роман 
деуге болады. 1999 жылы Стамбул қаласында жарық көрген 
сегіз жүз бетке жуық туынды С. Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ 
кешу”, С. Мұқановтың “Өмір мектебі” романдары сияқты 
автордың басынан кешкен өмір жолынан мол мағлұматтар 
береді. Мұндай романдар қазіргі əдебиетімізде де бар”,
-дейді.
Романның өзегінде ұлт-азаттық идеясы өріледі. Алғашқы 
тарауда-ақ, 1936 жылы Қызыл өзенде Жүніс Қожаның бас шы-
лығымен Ұлтты қорғау ұйымы құрылып, ол ұйымдағы Жүніс 
Қожаның орынбасары болып, Қалибек Райымбекұлының бел-
гіленгені баяндалады. Олар Үндістанға көшуге дайындық жасай 
бастағанда, осы құпия əзірлікті Қытай үкіметі біліп қойып, 
айып салады. Одан соң, қолда бар қару-жарақты сыпырып алып
қысым жасайды. 1939 жылдың аяғында Шығыс Түркістанның
қазақтарынан Үрімжідегі Құрылтайға шақырылғандар сол 
жақтан қайтпай қалады. Мұндай зорлыққа шыдай алмағандар 
бас көтерулер жасап, қарсылықтар көрсетеді. Əрине, бірден 
ұйымдасқан қарулы көтеріліс жасау мүмкін емес еді. Сөйтсе 


141
де, еркіндікті көксеген бас көтерер азаматтар Қытайдан құтылу 
шараларын ойлай жүреді. Жер-жерде қарсылықтар, бас көтерулер 
болыпты дегенге құлақ түріп, жұдырықтай жұмылуды көксейді. 
Шалғайдағы жат елдің былай да қатерлі өміріне қуғын, аңду, 
жала жабу, жазалау сияқты əрекеттер одан сайын үрей шақырып, 
сақтануға, қандай жағдайға да дайын болуға үйретеді. Қытай 
өкіметі елді жазалау мен жасқандырудың талай айла-шарғысын 
көрсетеді. Осыған байланысты автор мынадай дерек келтіреді: 
“1945 жылдың көкек айының бас шенінде Қорқыс өзенінің батыс 
жағында Нұрпай батырға жасалған жауыздық нақтылы айғақ. 
Өзінен басқаның бəрін жау санаған қытайлар Нұрпай батырды 
шəйіт еткеннен кейін, екіқабат əйелі Биғаншаның қарнын жа-
рып, төрт жасар ұлы Əбдірахманның жүрегін суырып алып, 
сүйегін 50 километр қашықтықтағы Бортынке қалашығына 
дейін сүйреп апарған. Өліні қорлау, жансыз денені көрсетіп, 
жұрт шылықты жасқандыру Қытай əкімшілігінің баяғыдан келе 
жатқан саясаты. Мəселен, сонау 1880 жылдың соңында Алтайда 
“Асылбектің басын алу”, 1920 жылы “Қылаңның басын алу”, 
олардың денесін сол кездегі Сарсүмбе, қазіргі Дөңбазардың шығыс 
жақ дарбазасына ілу секілділер жауыздықтың бір мысалы”. 
Əдеби шығармаларда əрекет белгілі бір уақыт пен кеңістікте 
өтеді. Оның қысқалығы немесе созыңқылығы шығарма сюже-
тіне, көлеміне байланысты. Сюжет баяндау құрылымы ретінде 
эпи 
зодтарға, оқиғаларға жіктеледі. Шығармадағы оқиғалар тіз-
бегі кейде кең салалы, кейде эпизодтық (үзік көрініс) түрде алмаса 
баяндалады. Соның ішінде тарихи-ресми деректерге осы эпизодтық 
сипат тəн. Деректер автордың ойын нақтылап, дəйектеуде үлкен рөл 
атқарып тұр. Жат жердің аласапыран күресі мен тартыс-таласын 
көру пешенесіне жазылған Қалибек, елді ұйытып, бір жерге топтай 
білді. Айтса ақылға, істесе əре 
кетке берік жанның ой-арманы 
аз ғана халқын аман сақтау еді. Автор көтеріліс қимылдарын, 
оған ұйымдасуды баяндау үстінде қатысушылардың көңіл-күйін 
ғана емес, көпшіліктің жағдайын қоса береді. Əрине, көп болған 
жерде пікір қайшылығы мен алауыздықтың туындайтыны анық. 
Оны автор мынадай үзін ділерде беріп, оқиғаның даму үстіндегі 
қайшылықтарын қоса қамтиды:
“– Қалибек мылтықты бұзақылардың қолына берді, олар 


142
ер 
тең құйыршық болып кетсе қайтеміз? – Мылтық бізге неге 
берілмейді, оның өз ойы дұрыс емес. – Тиісті орынға мəлімдеу 
керек мұны, - деген сөздерді екінің бірі айта бастағанын сездім. 
Осы көтеріліс қимылдарының барысын түйіндеуде Х. Оралтай 
басылым беттеріндегі ресми деректерді алға тартады. Ол “Қытай 
деректері”, “Американ деректері” тақырыпшаларымен берілген. 
Сөйтіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет