Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет29/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   80
Кімді сөгіп, кімді енді жамандармын.
Түмен жылан өлген жоқ, өртенген жоқ,
Түсіп кетті ішіне адамдардың.
Орда жылан, от қойсаң мекеніне,
Өліп жатып, тіріліп кетеді де,
Ой-пейіліне көшеді өлтіргеннің
Бір де бірі қалмастан көтеріле.
Болмады ғой болмаспен белдескенің,
Жылан көшті жұртынан, сен көшпедің.
Сыртың – адам болғанда ішің – жылан,
Не болады ертеңің, жерлестерім?
Қауымдастарының жан түршігерлік пиғылы мен қылы-
ғына налыған Ғайша бұл да Адамның өзін Құдай деп есеп-
темегендігінен туындап отырған жай деп ойлады. Адамзатқа 


76
деген нала-кекпен өртенген жыландар енді сол адамның өз 
ішіне көшкенде адамзаттың ертеңі не болмақ деген үрей қызды 
мазасыздандырады. Осындай ой құшағында отырған сəтінде інісі 
Алмастың қағанның айтыс өткізбек хабарын жеткізгені Ғайшаға 
ерекше əсер етеді. Оның мақсаты – жеңіп, тіккен бəйгені алу емес, 
көкейінде жүрген ойды жеткізу. Автор, осы жерде өзінің болған 
оқиғаны баяндаушы, айтушы ретіндегі міндетін естен шығармай, 
айтысқа сипаттама береді. «Жапон халқы үшін Фудзияма тауының 
маңызы қандай болса, о баста түркілер үшін айтыс сондай еді. Ел 
кейін «айтыс ұсақтап кетті» деп жүрді. Ұсақтап кеткен айтыс па, 
жоқ ақындар ма?», - деп, бұл ұлттық өнердің мəдениет тарихында 
өте салмақты орны бар екенін аңғартып өтеді. Поэма оқиғасына 
араласқан Қағанмен оқырман осы кезде танысады. Ол да 
айтыстың əуел бастағы мəнін жоғалтқанына күйінген жан екен. 
Ол да шындықты білмек болғанмен, біле алмай дал болады. Өзі 
саудагердің кейпіне түсіп, сан мəрте айтысқа шығып, сөзді Қағанға 
бұрып əкеліп тірегенмен, ақын біткен мадақтаудан, мақтаудан 
ұзай алмайды. Ғайшамен айтыспаққа өзі шыққан Қаған тағы 
да сол шындықты білмек. Бұрынғы-соңды қазақ поэмаларында 
кездеспеген авторлық стильдің ерекшелігі сонда – жоғарыда 
өзіміз айтып өткендей, тек болған оқиғаны айтып жеткізуші 
міндетін арқалап отырған ол «өкінішке орай, айтыстың толық 
нұсқасы сақталмаған» дей келе, қыз бен жігіт айтысының кейбір 
тұстарын «сол айтыстың үзінділері деп ойлаймыз» деп ұсынады. 
Қыз бен жігіт болып сөз қағыстырған Ғайша мен Қағанның сөз 
саптаулары, айтқан ой-толғамдары, уəждері тамаша ұлттық 
поэтикалық тіркестерді, олардың зор көркемдік мүмкіндіктерін 
таныта алған. Бұл жерде, əрине, біздің айтпағымыз Есенғалидың 
нағыз ұлт ақыны ретіндегі тегеурінді таланты мен танымы. Ақын 
Ғайша қыз болып:
Керме, керме, керме өлең,
Керіп тартшы көлденең,
Тұяқ біткен сүрінсін,
Тізе біткен бүгілсін...
...Қайқы қылыш – қара өлең,
Анаған да сермедік,
Мынаған да сермедік – 
деп төгілтсе, енді бірде Қаған болып:
Ал, айт десең айтайын,
Қаратаудың басынан


77
Қайырайын өлеңді.
Алатаудың тасынан 
Айырайын өлеңді – 
деп термелетеді. Ақын айтысқа тəн стильді толық сақтай отырып, 
екі айтысушының аузына замана, Қағанат жайлы күрделі 
мəселелерді салады. Ғайша тарапынан айтылатын Қағанның 
бойындағы келіссіз іс-əрекеттер шымыр тіркес, шынайы суретті 
сөздермен беріледі. 
Таққа Қаған мінген соң,
Айласы бар мекерлік,
Ақылы бар жетерлік
Кеңге салды қамалды,
Қырық шаһарды қаратып,
Жиырма төрт елді тағы алды.
Қырды қырып, ойды орып,
Бəрінен күшті болсам деп,
Аш бөрідей жаланды – 
деп Қағанды сынай отырып, сақтандыра сөйлейді:
Əр Мұсаға бірақ та
Бір перғауын табылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет