Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет13/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86
Байланысты:
китап

+

-

  1. Бұл белгілі бір нормаға сәйкестендіру.

  2. Тесттер қайталанып және салыстырмалы түрде топ балаларды зерттеуге мүмкіндік береді.

  3. Тест әдістің нақтылығы мен қысқалығы тез уақытта үлкен сапалы материалды жинақтауға мүмкіндік береді.

  4. Тестті кез келген сауатты жантанушы өткізе алады.




Тестке кіретін әрбір тапсырма бір емес, бірнеше варианттарда беріледі, өйткені бір тапсырманы бала кездейсоқ себептермен жақсы немесе нашар орындауы мүмкін. Ал ұқсас тапсырмаларды ойдағыдай орындау дәрежесінде кездейсоқтық бола қоймайды.

Те сттер тапсырмаларын тексеру және жас мөлшерлік норма белгілеу үдерісі тестті стандарттау деп аталады. Стандартталғаннан кейін тестке ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Тесттің көмегімен зерттелетін балалар өздерінің нәтижелері бойынша норма белгіленген балалар не тапсырма орындаса, дәл соны қайталауы тиіс. Сол себепті тест әдісін кейде стандартанған сынақтар әдісі деп атайды.

Балалардың жалпы ақыл-ойының даму дәрежесін анықтауға арналған интеллектуалдық тесттер деп аталатын тесттің маңызы өте- мөте зор.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін тесттік тапсырмалар әдеттегі іс-әрекеттер, ойын, құрастыру, құрау түрінде жасалады. Ақыл-ойдың дамуын тексеруге тестті қолдану, осы дамуға әр түрлі жағдайдың тигізетін әсерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Тесттер ғылыми зерттеулерден басқа практикалық мақсатта да кеңінен қолданылады. Ақыл-ой дамуын анықтауда тесттерді практикалық мақсатта қолданады. Тесттер ақыл-ой дамуының маңызды көрсеткіштерін айқындауға құрылса және тесттік зерттеулердің нәтижесі баланың келешек тағдырын шешу үшін емес, тек осы дамуымен алғаш таныстыру үшін қызмет етсе ғана өзін ақтаған болып есептеледі. Сондай-ақ интеллектуалдық даму деңгейін анықтау мақсатында да, ақыл-ой сынақтарын жүргізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет