Эксперимент әдісі. Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс көмекке келеді. Ол - психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші балаға түрлі іс-әрекет жасауға жағдай жасайды және іс-әрекет түрлерін де өзгертіп отырады, олардың алдына белгілі міндет қояды. Осы міндеттің қалай шешілуіне қарай сыналушының психологиялық ерекшеліктері қаралады.
Эксперимент әдісін жүргізудің тиімді жақтары:
Зерттеуші зерттеліп отырған психикалық құбылыстарға өз тарапынан жағдайлар туғызады;
Алынған деректерді қайта-қайта алуға мүмкіндігі бар;
Экспериментте бөлек көрсеткіштерді қысқа және қарапайым түрде белгілеуге болады, бірақ зерттеу протоколы анық болуы керек.
Протоколдың сараптамасы бақылау нәтижелеріне қарағанда жеңілірек, өйткені эксперимент нәтижелері бір типті және бір ағыммен өтеді.
Эксперимент әдісін жүргізудің тиімсіз жақтары:
Зерттеушінің өз ыңғайына қарай экспериментті жүргізсе, зерттеудің шынайлығы болмайды. Бала өз кемшіліктерін білдіргісі келмей жасанды қылықтар көрсетеді немесе ұялып, еркін ашыла алмайды;
Дайындалған сұрақтарға балалардың берген жауаптарынан зерттелініп отырған баланың тұлғалық қасиеттері байқалмайды;
Эксперимент зерттеушіден арнайы дайындықты, яғни техникалық дағдыларды, вариациялық статистиканың қарапайым тәсілдерін талап етеді:
Әр түрлі құралдардың көмегімен зерттелініп отырған балалардың жауаптары сигнал арқылы берілгенімен, зерттелуші балалардың мінез- құлығына көңіл аудара қоймайды.
Мәселен, бір зерттеу кезінде мектепке дейінгі балалық шақта ойлау мүмкіндігі қимылдардың, бейнелердің, сөздердің көмегімен қалай дамитынын бақылаған. Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтардың балаларына «тетікті» міндеттер сериясы ұсынылған. Оның мәнісі бала «тетіктің» алыс жатқан иініне бекітілген суретті алуы үшін «тетіктің» өзіне жақын жағын қалайша бұру керектігін білуі керек. Міндеттер үш түрде берілген. Бірінде нақтылы тетіктер баланың алдында, столға бекітілген. Демек, бала оны өз қолымен ұстап, қажет деген жағына қарай бұра алады. Екінші жағдайда, осының бәрі сурет арқылы көрсетілген. Ал үшінші жағдайда балаға бұл туралы ауызша айтылып түсіндірілген. Қорытындысында үш жасар балалар міндетті нақты жағдайда ғана шешкен, сурет бойынша кейінірек, ал ауызша айту бойынша шеше алатын мүмкіндік одан да кейін болған. Мұндағы балаларға берілген экспериментті тапсырма тетікті қолданып затты алу, соның өзінде тапсырманың түрі өзгертіліп тұрады (нақты тетік, суреттегі және ауызша айтып түсіндіру). Нәтиже әрбір жас айырмашылығына байланысты бөлінген топтардың дұрыс жауаптарының санына қарай шығарылады.
Кейбір психологиялық эксперименттер арнаулы аппараттар қолдануды қажет етеді. Мәселен, балалардың көзбен көру қабылдауын зерттегенде көбіне көздің қимылын тіркеп отыратын арнаулы құрал қолданады.
Эксперимент өткізілетін бұрын-соңды әдеттенбеген жағдайлар, әсіресе аппараттар қолдану баланы қысылтып, оның мінез-құлқын өзгертуі, кейде баланың тапсырманы орындаудан бас тартуына немесе берген сұраққа ойланбастан қалай болса, солай жауап беруіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан ғалымдар балалармен эксперимент
жасағанда, оны қызықты ойын түрінде немесе сурет салу, құрастыру т.б. тартымды іс-әрекет түрінде өткізуге тырысады. Мәселен, баланың көзбен шамалай білуін дамытуға арналған зерттеу кезінде үш жасар балаларға ұзындығы әр түрлі екі шыбық беріп, соның қайсысы ұзын екенін көрсетуді сұраған. Балалар көбінесе шамамен, қарамастан көрсеткен. Мұндай тапсырма оларды, әрине, қызықтырмады. Содан соң әр шыбықтың астыңғы жағына кнопка қадап, стол үстіне электрлендірілген ойыншық - металлофонда ойнайтын ит қойылады. әр жолы ұзын шыбықтың астындағы кнопка ойыншыққа қосылып отырды. Сосын балаға: «қазір ит металлофонда ойнау үшін сен не істеу керек екенін ойлап табасың. Егер сен ұзын шыбықты бассаң, ит қуанып кетеді де, ойнай бастайды», - деді. Эксперимент өткізудің формасын бұлайша өзгерту балаларға ерекше әсер етті. Балалардың барлығы да шыбықтарға зейін қоя қарап, керектісін іздей бастады, иттің ойнағанын көргенде: «Міне, мен дұрыс бастым ғой». Ит ойнады», - деп айқайлап жібереді. Экспериментті тіпті көздің қимылын зерттегеннің өзінде де ойынға айналдыруға болады. Ол үшін баланың денесінің әр жеріне сымы бар электрод бекітеді. Осындай зерттеудің бірінде ғарышкер болып ойнау ойдағыдай нәтиже берді, ондағы электродтары бар көзілдіріктер космостық скафандрдың бір бөлшегі еді.
Көп жағдайда балалармен эксперимент тікелей балабақшада өткізіледі, зерттеуші балалардың іс-әрекетін ұйымдастырушы тәрбиешінің рөлін атқарады. Бұл жағдайда балалар өздеріне ұсынған ойынның немесе берілген тапсырманың әдейі ұйымдастырылып отырғанын сезбей де қалады. Айталық, арнайы ойынға қатысқан балаларға мал, машина, мебель, ойыншықтар бейнеленген көптеген карточкалар үлестіреді де, енді олардың бір-біріне үйлестігіне қарай топтастырып жайып қоюды ұсынады. Мектеп жасына дейінгі балалар ойынға қызыға кіріседі, балалар бір тектес суреттерді іріктеген кезде қандай қорытынды жасағанын, қандай белгілеріне көңіл бөлгенін тек зерттеуші ғана анықтайды. Немесе мектепке дейінгі ересек балаларды жалаушалар жасауға үйретеді. Бір топқа бұл жалаушаларды кейін мереке ойынын ойнау үшін, ал үшіншілеріне - ойыншықтары жоқ сәбилерге тарту ету үшін жасап жатырсыңдар деп түсіндіреді. Бұл балалар үшін әдеттегі сабақ болғанымен, зерттеушіге әр түрлі себептің балалардың іс-әрекетіне қаншалықты әсер еткенін білуге көмектесетін әдіс болып табылады.
Әдетте мұндай эксперименттер табиғи деп аталады. Мектеп жасына дейінгі балаларға қолдануында лабораториялық және табиғи
эксперименттер арасында ерекше айырмашылық жоқ. Қандай жағдай болса да балалар өздерін қызықтыратын іспен айналысулары тиіс.
Лабораториялық экспериментте зерттеу арнайы құрылған бөлмеде өткізіледі. Зерттеу үшін әр түрлі құрылғылар мен құралдар қолданылады. Бұл жағдай балаға өте қызықты да таныс емес. Оның жасандығы баланың зерттеушіні көре алмағандықтан көрінеді.
Психологиялық-педагогикалық эксперимент - эксперименттің бұл түрі педагогикалық психологияда кең таралған (Лазурский). Психологиалық-педагогикалық эксперимент баланы оқыту барысында зерттеуге мүмкіндік береді. Психологиялық-педагогикалық эксперимент пайдалану барысында бірнеше «срез» алынады, «срез» зерттеліп отырған құбылыстарды белгілі бір жағдайларға дейін және кейінгісін суреттейді.
Психологиялық зерттеудің әдісі болып табылатын қалыптастырушы экспериментті балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа бағдарламалары мен тәсілдерінің тиімділігін анықтау үшін қолданылатын педагогикалық эксперименттен ажырата білуі керек. Сырт көзге олар бір-біріне ұқсас, екеуіне де балалар әлдене жаңалыққа үйрету, оның табысты нәтижесін ұсынылған болжамдардың дәлелі ретінде қарайды. Айырмашылық осы болжамдардың өзінің сипатында: психолог үшін ол психикалық үдерістердің, сапаның жеке бастың қасиетінің қандай ерекшеліктері даму барысында қалыптасатынын болжау болса, педагог үшін баланы оқыту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижеге қалай, нендей жолдармен жетуге болатынын болжау.
Мектепке дейінгі балаларды оқытып-тәрбиелеу ісінде
әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу, өмірбаянын зерттеу, тест-
сынық жүргізу, әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісін
жүзеге асыру
Балалар қабылдауына арналған бақылау мен эксперименттерден олардың мектепке дейінгі шақта заттардың түрін жекелеп бөлек-бөлек қабылдай алмайтыны, яғни оның нендей бөлшектерден тұратынын, олардың қалай орналасқанын айыра алмайтыны бұрыннан белгілі. Мектеп жасына дейінгі бала не заттың жалпы құрылымына, не оның жеке бір бөлшегіне көңіл бөледі де, оны қалған бөлшектерімен байланыстыра қарамайды. Заттың түрін жекелеп бөлек-бөлек қабылдау үшін оны ойша әр бөлшектен қайта құрып шыға алатындай, оның ішкі моделін жасайтындай болуы керек. Ал бала бұған қажетті іс-әрекет жасай алмайды. Егер бұдан кейін де ол әр бөлшекті бөлек ұғынатын
болса, онда ол қабылдаудың жаңа типін - моделдеуші іс-әрекеттерді игергені.
Достарыңызбен бөлісу: |