Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет10/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   86
Әңгімелесу (сұрау) әдісі. Мектеп жасына дейінгі балаларды зерттеу үшін сұрақ әдісі көп қолданыла бермейді. Әдетте, төрт жасқа дейін сұрақ балалар заттарды немесе олардың бейнесін көрсетіп тұрып жауап беретіндей етіп қойылады. Картина бойынша сұрақ қою оған мысал бола алады. Оның мақсаты - баланың картинада бейнеленген заттың көлемін және олардың арақашықтығын бақылай білуін анықтау. Бірнеше картинада көлемі де, арақашықтығы да әр түрлі екі-екіден шыршаның суреті салынған. Балаларға: «Үлкен шыршалардың суреті қай картинада? Қайсысында кішкентай шыршалар салынған? Қандай шыршалар бір-біріне жақын орналасқан? Қандай шыршалар бір-бірінен қашық орналасқан? Қай картинада бірдей шыршалар салынған?» деген сұрақтар қойылады. Балалар бірде ана, бірде мына бейнелеулерді көрсетіп жауап беріп жатты.

Төрт жастан кейін балаларға ауызша жауап берерліктей сұрақ қою, демек шын мағынасында әңгімелесу мүмкін болады. Әңгімелесу баланың білімін, ұғымын, оның заттар, құбылыстар, оқиғалар, адамдар және олардың қылықтары туралы, өзі жайлы пікірін анықтау қажет болған жағдайда қолданылады. Баламен әңгімелесу үшін сұрақтарды дұрыс іріктеу - үлкен өнер. Олар балаларға түсінікті әрі қызықты болуы қажет, ешқашан сыбырлап айтып жіберу дегенге жол бермеу керек, өйткені балалар иланғыш келеді де: «Сен шахмат ойнай білесің бе?» - деген сияқты сұрақтарға мақұлдап жауап береді.

Сұрақты әуелі ойлап, балалардың барлығына бірдей ретімен қояды немесе жалпы бағытын белгілейді де, алдыңғы сұрақтарға берілген жауаптың нәтижесіне қарай өзгертіп отырады.

Әңгімені әзірлігі мол зерттеуші жүргізуі тиіс. Баланың жауабы сұрақтың мазмұнына ғана емес, оның зерттеушімен қарым-қатынасына да байланысты болмақ. Зерттеліп отырған баланың жеке-даралығын сезіне білуге қабілеттілік, ұстамдылық әңгімені табысты етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет