Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



бет54/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   86
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық тәрбиесінің басты мақсаты не?

  2. Сенсорлық эталондар дегеніміз не?

  3. Сенсорлық тәрбие дегеніміз не?

  4. Мектеп жасына дейінгі балаларға кеңістік пен уақытты қабылдауды үйрету жолдары.

  5. Мектеп жасына дейінгі балалардың заттарды кеңістікте қабылдауының ерекшелігі

  6. Мектеп жасына дейінгі балаларға түс, пішін, рең, көлем, қашақтық ұғымдарын ұғындыруда дидактикалық ойыннның ықпалы.

  7. Сенсорлық тәрбие мектеп жасына дейінгі балаларға заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерін танытушы басты құрал.

  8. Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуы

  9. Кеңістік пен уақытты бағдарлауды дамытудың жолдары

  1. тапсырма

Балаларға көше құрылысын құрастыруды ұсынбас бұрын тәрбиеші бірінші топтағы балаларды топсеруенге апарды. Топсеруен барысында балалардың назарын әр түрлі үйлердің құрылысына аударып: есіктің, терезенің, үйлердің қалай орналасқанын көрсетті. Көшенің машина жүретін бөлігі мен жаяу адамдар жүретін бөлігі де таныстырды. Ал екінші топтың балаларымен мұндай дайындық жұмысын жүргізбей- ақ, олардан құрылысты бастай беруін сұрады.

Қай топтың балалары (салыстырмалы түрде) жұмысты дұрысырақ орындайды?

Қай топтағы құрылыс тартымды әрі мазмұнды болып орындалады?


  1. тапсырма

Суреттегі бейнелерге қарап айтқан балалардың пікірлеріне талдау жасаңыз.

Меруерт: «Суретте ұлдар, қыздар, өзен, доп бейнеленген».

Серік: «Ұлдар суға шомылып жатыр, кейбіреулері доппен ойнап жүр, оның ішінде қыздар да бар».

Мерей: «Жаздың ыстық күні балалар өзенге келді. Нұрлыхан мен Мереке суға шомылып жүр. Заңғар, Жазира, Серік, Арай доп ойнап жүр».



  1. тапсырма

4 жастағы балалармен серуенде жүрген тәрбиеші олардың назарын гүлзарға аударып:

  • Мына гүлдерді қалай атайды? - деп сұрады. Балалар:

  • Түймедағы

  • Дұрыс, ал оны басқа гүлдерден қалай ажыратамыз?

  • Түймедағының ортасы сары болады.

  • Ал түймедағының жапырақтары қандай?

  • Олар ақ әрі ұзын.

Сұрақ: Осы жастағы балалардың қабылдау ерекшелігін анықтаңыз. Тәрбиеші балалар танымының қандай сапасын қалыптастырды. Жоғарыдағы балалардың әңгімелерінен олардың жас ерекшеліктерін және суретті қабылдау деңгейін анықтаңыз.

  1. тапсырма

6 жасар Сеік бөлмеде машинамен ойнап жүрді. Тосын қимылдан машина диванның астына кіріп кетті де, ол анасына келіп, сыпырғы беріңізші деп сұрады. «Сыпырғы неге керек?» деген шешесінің сұрағына «Машина диванның астына домалап кетті, соны алуға керек» деп жауап берді.

Дәуренге ойлаудың қандай түрі тән.

Бала психикасы дамуындағы ойлаудың осы түрінің маңызын анықтаңыз.


  1. тапсырма

3 жас 5 айлық балалардың тәрбиешісі аквариумдағы балыққа жем беріп қоректендіретін. Бұл жөнінде бұған дейінгі арнайы сабақ өтілмегендіктен, балалар балық туралы қарапайым сұрақтарға да жауап бере алмады.

Мұның себебін нақтырақ түсіндіріңіз. Екінші кіші топтағы балаларды байқампаз емес деуге бола ма? Балық тіршілігіне балалар бақылауын қалай ұйымдастыруға болады?

Тест сұрақтары:


  1. Қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түсініктер.

  1. сенсорлық эталондар

  2. сенсорлық тәрбие

  3. форма

Д) көлем

Е) сенсорлық құрал



  1. Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір- бірімен байланысты неше жағы бар?

  1. екі жағы

  2. үш жағы

  3. төрт жағы

Д) бес жағы

Е) алты жағы



  1. Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бірінші жағын табыңыз?

  1. заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру.

  2. заттар мен құбылыстардың әр түрлі көлемі мен формасы жөніндегі түсініктерді меңгеру.

  3. заттар мен құбылыстардың әр түрлі ауданы мен ені жөніндегі түсініктерді меңгеру.

Д) заттар мен құбылыстардың әр түрлі пішіні мен ауданы жөніндегі түсініктерді меңгеру.

Е) заттар мен құбылыстардың әр түрлі салмағы мөлшері жөніндегі түсініктерді меңгеру.



  1. Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір- бірімен байланысты екінші жағын табыңыз

  1. қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру

  2. қоршаған ортаны деңгейлей, жартылай қабылдаудың жаңа әрекетін игеру

  3. қоршаған ортаны жекелей, даралап қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру

Д) заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру

Е) қоршаған ортаны жалпылай және саралай мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру



  1. Кеңістікті бағдарлау мен уақытты бағдарлаудың қайсысы балаға едәуір қиындыққа түседі.

  1. уақытты бағдарлау

  2. кеңістікті бағдарлау

  3. түр-түсті бағдарлау

Д) салмақты бағдарлау

Е) көлемді бағдарлау



  1. Баланың сәбилік шақта-ақ заттардың орналасуын көру іскерлігін меңгеруі қалай аталады?

  1. кеңістікте бағдарлау

  2. уақытты бағдарлау

  3. сапаны бағдарлау

Д) форманы бағдарлау

Е) кескінді бағдарлау



  1. Дыбыстық қабылдау амалдарына бой үйрету қалай аталады?

  1. интериоризация

  2. интроспекция

  3. имперация

Д) интернат

Е) инсайт



  1. Зейінді күшті және тұрақты ететін күш

  1. ерік

  2. сезім

  3. эмоция

Д) қиял

Е) мінез


  1. Шаманың адамдардың қолданатын өлшемдері қалай аталады?

  1. сантиметр, метр.

  2. километр

  3. децимет

Д) тонна

Е) килограмм



  1. Неше жаста бала түс пен форманың жеке эталондарын меңгеру арқылы олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды, заттардың қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететін белгілері туралы түсініктерді игеруге көшеді.

  1. бес-алты

  2. үш-төрт

  3. бір-екі

Д) екі-үш

Е) жеті-сегіз



  1. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау, сөйлеу,
    ес, қиял үдерістерінің дамуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет