Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7


- Кесте. «Сараптық баға» нәтижесін өңдеу кестесі



бет70/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   86
4- Кесте. «Сараптық баға» нәтижесін өңдеу кестесі

Педаго- гикалық

таным-

дық


ықылас- тық

көңіл-күйлік еріктік

тілдік қатынастық

дене дамуы



















Мектепке отбасынан келетіндердің арасында оқыту, үйрету шаралары жүйелі түрде жүргізілмегендіктен, бала бойында белгілі бір дағдылар жиынтығы қалыптаса бермейді. Соның салдарынан мектепке келген бала алғашқы күндерден бастап-ақ, оқу әрекет талаптарын орындауда сабақ барысына біраз қиындықтар тудырады. Ол қиындықтардың мазмұны, көпшілік жағдайда сөздік нұсқауларды түсінбеу, соның салдарынан тапсырманы орындай алмауы; сөйлеу мәдениетінің қалыптаспауы себепті қойылған сұрақтарға жауап ала алмау, ал жауап берген жағдайда бас шайқау, басын изеу,

тағы да басқа түрлі одағайлар мен ым-ишараны пайдалануы, оқу, жазу дағдыларының қалыптаспауы т.б.

Оқу әрекетінде, балалардың мектепке даярлықсыз келуі мұғалімнің сабақ жүргізуіне айтарлықтай бөгет болады. Егер осы «бөгеттің» ішкі мазмұнына үңілер болсақ, оның әсте де баланың педагогикалық дайындықсыздығының

Мектепке психологиялық даярлықты анықтау мазмұнындағы дене дамуы бағыты - бала мектепке қабылданар алдында тұтастай медициналық тексеруден өтеді, егер қалыпты даму жағдайынан қандай да бір ауытқулар табылса, баланың жалпы білім беретін мектепке қабылдануы кейін шегеріледі.

Арнайы дәрігерлік тексеру мектепке баратын балалардың жалпы денсаулық жағдайы мен ағзаның физиологиялық көрсеткіштерінің даму мөлшерін анықтайды. Ал, мектептік окуға қажетті биологиялық кемел омыртқа жотасының икемділігі, оң қолдың алақан саусақтарының икемділігі мен мектептік кемел көрсеткіштерін тексере бермейді. Сондықтан, балалардың мектепке даярлық деңгейін анықтағанда, дене дамуын тексеру мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс.

Балалардың тілдік қатынасын ұстаздар қауымы маңызды өлшем ретінде таниды.

Диагностикалық бағдарлама

Мектепке даярлық диагностикасы — баланың әлеуметтік көңіл- күйлік, психофизиологиялық жүктемелер мен оқу бағдарламасын сапалы игере алу-алмауы сұрағына жауап қана. Даярлық деңгейінің өлшемін құру барысында тәжірибе жүзінді тексеріліп, ғылыми сыннан өткен 6-7 жасар бала бейнесінің үлгісіне сүйену керек. Ол мына сапалардан тұрады: оқуға жетік әлеуметтік жағынан бейімделген, дене дамуы кемелденген, ары қарайғы дамуға даяр.

Мектепке барар балалардың ақыл-ойының оралымдылығын анықтау үшін логикалық ойлауын, арифметикалық дағдыларын, кеңістікті бағдарлауын, қабылдауының жылдамдығын тексеретін авторлық әдістемелерден мысалдар келтірейік.


  1. Векслер тесті. Балалардың сөздік қоры, заттардың ұқсастық белгілері мен айырмашылықтарын ажыратуы, санамақты есіне сақтау дағдыларын өлшейтін тапсырмалардан құралады. Тест мазмұны ақыл-ойдың жалпы көрсеткішін құрайтын сөздік және сөздік емес тапсырмалардан тұрады. Ағылшын тіліндегі бұл әдісті орыс тілінде «сөйлеткен» А.Ю.Панасюк.

  2. Л.С.Выготский өдістемесі. Балаларға топтама сөздер оқылып, оларды бір сөзбен қалай атауға болатыны сұралады. Мысалы: көйлек, күрті, шалбар, малақай - киім. Бұл әдістеме аркылы ұғымдардың калыптасуы мен оларды жинақтай білу іскерлігі анықталады.

  3. А.Р.Лурияның «Пиктограмма» өдістемесі. Мақсаты: құралдарды пайдалану арқылы балалардың есте сақтауының даму деңгейін анықтау. Зерттеуші есте сақтауға он, он екі сөздер мен сөз тіркестерін ретімен атайды. Ал бала әр сөзге сол сөзді есіне түсіретіндей сурет салуы тиіс.

  4. Е.Е.Кравцованың «Кім үлкен?» деп аталатын әдістемесі арқылы балалардың ойлау операцияларының даму деңгейін анықтайды. Әдістеме ауызша есептерді ойша шешу арқылы орындалады: қоян- қасқырдан үлкен, қасқыр - аюдан үлкен. Сонымен кім үлкен? Қоян ба, аю ма?

  5. С.Я.Рубинштейннің «10 сөзді жаттау» өдістемесі ерікті есте сақтау деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Қалыпты жағдайда дамып келе жатқан баланың әрбір жаңа сөз сайын есте сақтауы арта береді; ал медициналық, психологиялық көмек қажет ететін балалардың есте сақтауы, керісінше, кеми береді.

  6. Баланың мектепке оқуға ықыластық даярлығын анықтау үшін Н.Л.Белопольскаяның әдістемесін қолдануға болады. Әдістің міндеті баланың ойынға және оқуға ықыласын байқау. Ойын элементтерін пайдаланып, ынталандыру арқылы белгілі бір тапсырмалар жүйесін орындатады.

  7. Д.Б.Элькониннің «Кескіндеме диктант», Л.А.Венгердің «Өрнекті диктант», Л.И.Цеханскаяның «Өрнек» әдістемелері үлкеннің нұсқауын тыңдап, оны орындау мен өзінің әрекетіи белгілі бір тәртіпке бағындыру іскерлігін анықтау үшін қолданылады.

Мектепке психологиялық даярлықты анықтау мазмұнына «Сараптық баға» өдісінің қосары мол:

- Тексерілуі тиіс түрлі өлшемдер бір-бірімен өзара байланысты мәнде анықталып, оның қорытындысының біртұтас күйде жасалуы мынадай мәселелерде ұтымдылық танытады:



  1. мектепке психологаялық даярлық деңгейін көтеруге байланысты психологиялық дамьпу шарапарының кешенді бағдарламасын жасауға;

  2. мектептегі оқу-тәрбие жүйесінің бағдарламасын құруда негізге алынар тексеру қорытындысының бірыңғайлылығы тәжірибелік қолданысқа ылайықтылығы.

Баланың психикалық дамуының картасы

Мектепте оқуға психологиялық дайындықты тексеру нәтижесінде баланың психикалық даму картасына, қысқаша айтқанда, психикалық картаға енгізу керек. Оның бірінші бетіне баланың фамилиясы, аты, туған жылы, айы, күні, отбасы, сыныбы туралы мәліметтер жазылады. Содан соң «баламен жүргізілген жұмыс туралы жинақталған мәліметтер» кестесі беріледі. Бұл баланың мектепке келуінің бүкіл уақыты бойына толықтырылады. Бұл құрама кесте келесі тарауларға бөлінеді:



  1. Айы/күні (датасы)

  2. Тексерудің немесе жұмыстың басқа түрлерінің жүргізілу себебі;

  3. Іс-шараның мақсаты мен тәжірибесі;

  4. Алдағы жұмыс үшін мәселелер.

Әрі қарай баламен жүргізілген жұмыстың нақты нәтижесі көрсетілген бөлімдер басталады.

  1. Өткен кезеңдердегі даму, оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері туралы мәліметтер;

  2. Денсаулық жағдайы туралы мәліметтер;

  3. Диагностикалық жұмыстарды жүргізу туралы мәліметтер (пайдаланылған әдістер мен нәтижелер);

  4. Психокоррекциялық және даму жұмыстары туралы мәліметтер;

  5. Педагогтармен біріккен жұмыс туралы мәліметтер (мұғалімдермен, тәрбиешілермен жүргізілген әңгімелер; олардың балаларға берілген міндеттемесі; психологтың ұсыныстары; бірігіп қабылдаған шешімдер; шешімдер мен ұсыныстарды орындау нәтижесі мен барысын талдау);

VI Ата-аналармен біріккен жұмыс туралы мәліметтер (ата- аналармен әңгімелер; психолог берген ұсыныстар; біріккен шешімдер, оны орындау нәтижесімен барысын талдау).

^ІІ. Үшінші адам немесе инстанция үшін балаға психологтың берген қорытындысының көшірмесі.

^ІІІ. Балаға қатысты психологтың сұрауына жауап ретінде алынған мамандардың қорытындысы.

ІХ. Қосымша мәліметтер. Ерекше белгілер.

Психологиялық мәліметтердің кеміп қалуын болдырмау үшін картаны шифрлап қою керек. Мұндай жағдайда бала туралы мәліметтер жазылған (фамилиясы т.б.) бірінші бет бөлек сақталады. Онда психологиялық картаның өзге бөлімдері сияқты шифр және кілті (жауабы) көрсетіледі.

Картаны тек психологтың және кәсіби бағыттағы оның басшыларының ғана көруге құқығы бар. Ал әкімшілік қызметкерлер

мен педагогтар ондағы мәліметтерді тек психологтың келісімін алғаннан кейін ғана пайдалана алады. Егер бала басқа мектепке ауысса, оның картасы сол мекеменің психологына беріледі.

Мектепке қабылдауда баланы психологиялық тексерудің негізгі мақсаты - оның дара ерекшеліктерін айқындау. Егер арнайы дамыту жұмысын қажет ететін бала келсе, психологиялық картада міндетті түрде тексерту сәтіндегі:



  1. Оның дамуын сипаттайтын тарауларды толықтыруы керек; пайдаланған диагностикалық әдістемелерді, алынған мәліметтерді тіркеу керек;

  2. Баланың негізі зияттылық және тұлғалық проблемаларын тіркеу керек;

  3. Қажетті дамыту жұмыстарының жоспарын белгілеу керек.

Егер психолог өз құрдастарынан жоғары даму көрсеткіші бар балалармен кездессе осы айтылғандардың бәрі де картаны толтыруға қатысты, бірақ кері белгімен. Бұл жағдайда болашақ оқушыға (мектепте де, үйде де) жеке-дара жұмыс белгілеу керек. Өйткені орта оқушыға есептелген оқу бағдарламасы оның даму қарқынын тежемеуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет