Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет133/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

12.17. Сорланған топырақтар
Сор топырақ, орманды дала, дала, шөлейт жəне шөлді 
аймақтардағы құрғақ климат жағдайында топырақтың тұздануы 
нəтижесінде қалыптасады. Құрамында суға тез еритін тұздар көлемі 
1%-дан артық болады. Сор топырақ 2 типке бөлінеді: автоморфтық 
сор топырақ жер бетіне ежелгі тұзданған жыныстардың шығуынан 
қалыптасады, құрамында тез еритін тұздардың көлемі 0,5-1%-
ды құрайды (сульфаттар, хлоридтер), гидроморфтық сор топырақ 
минералданған топырақ – жер қыртысы суларының жер бетіне 
жақын орналасуы, олардағы тұздардың булануы барысында 
жоғарғы горизонтта 6-8%, одан да көп мөлшерде тұздардың жина-
луы жағдайында дамиды. Қолдан суарған кезде жерасты ағысы жоқ 
немесе ағысы өте нашар жерлерде көп ұзамай жерасты ыза сулары 
пайда болып, олардың деңгейі жоғары көтеріліп, бетіне жақындап, 
буланып, топырақ бетінде мол тұздар қалдырады. Бұл жағдайды 


337
топырақтың екінші сорлануы, яғни жерді суарумен байланысты сор-
лану деп атайды. Құрамында тұзы мол сор топырақ немесе тұзы аз-
дау сорланған топырақтар онда өсетін өсімдіктер үшін өте зиянды. 
Сор топырақта тұздардың деңгейі жоғары болса, өсімдіктер өнімі 
соғұрлым төмен болады. Сондықтан суармалы егіншілік жағдайында 
топырақтың сорлануымен күресу – басты мəселелердің бірі. Жера-
сты ағысы нашар алқаптарда сорланған топырақтарды тұщы сумен 
шайып, ыза суларды қолдан қазылған кəрізді-коллекторлы жүйелер 
арқылы басқа жаққа ағызу қажет. Жалпы сор топырақ өзінше белдем 
түзбейтін, белдемаралық топырақтарға жатады. Сор топырақтарды 
қолдан жақсартпайынша, оларды ауыл шаруашылына пайдалану 
тиімсіз. Орталық Африкада, Австралияда, Солтүстік Америкада, Ка-
спий жағалауларындағы ойпаттарда, Солтүстік Қырымда, Орталық 
Азияда, Қазақстанда таралған.
12.18. Шөл зонасының топырақтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет