401 Қалыптызоналық топырақтар – 5 топырақ типінен тұратын
құрғақ шөпт топырақтар
Құрғақшылықтың өлі қабаты – аспалы қылтүтік топырақ
суының төменгі шегі мен ыза суының қылтүтік жиегінің жоғарғы
шегінің арасында, қабат салу ылғалдылығына жақын жатқан
ылғалды қалыңдылық.
Гравитациялық су– грунтты топырақта ауырлық күшінің
əсерінен қылтүтіктерде ұстап тұрылмай, жоғарыдан төмен жылжи-
тын су.
Гигроскопиялық су – топырақтың ауадан сіңіре алатын бу
тəрізді ылғалдылықтың ең жоғарғы мөлшері.
Мезорельеф – рельефтің орташа мөлшері. Мысалы, тау
аңғарлары, алқаптар, шұңқырлар.
Макрокомбинациялар – мезокомбинацилардың жер бедерінің
ірі өзгерістеріне байланысты алмасып отыруы.
Микрорельеф– рельефтің өте ұсақ түрі. Мысалы, ұсақ құм
төбелер, соройпаңдар жəне т.б. Пестицидтер – ауру туғызатын ұсақ бунақденелілерді жою үшін
қолданылатын химиялық заттар.
Сорланған топырақтар – құрамында суға тез ерігіш тұздардың
біршама мол кездесетін топырақ түрлері.
Сор топырақ – суға тез ерігіш тұздардың топырақтың беткі
қабатынан бастап мол кездесуі.
Сортаң топырақ – топырақтың коллоидты кешені негізінен на-
трий катионына қаныққан топырақтар.
Солодтар – қалдықты кварц жəне аморфты кремний балшығы
көп топырақтар.
Топырақ-биоклиматтық белдеу – топырақтардың көлбеулі
зоналар мен биіктік белдеулердің радиациялык жəне жылу
жағдайларының біртектестігі.
Топырақ-биоклиматтық облыс – топырақ зоналарының тек
радиациялық жəне жылу жағдайлары ғана емес, сонымен катар
ылғалдану жəне құрғақтану жағдайларының біртектестігі.
Топырақты бонитеттеу – топырақтың табиғи құнарлығын салы-
стырып бағалау, оларды табиғи қасиеттер бойынша жіктеу.
Топырақ провинциясы – топырақ зонасының кейбір топырақ
жəне оның түзілу ерекшеліктеріне байланысты (ылғалдану,
құрғақтану немесе температуралық өзгерістері) – зонаның бір бөлігі.
26–1427