Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет75/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Е. Н. Ильиннің адамгершілікті қалыптастыруға негізделген
əдебиетті оқыту жүйесіне сипаттама беріңіз.
2. Бастауыш мектепте тіл дамыту пəнін оқытуда Е. Н. Ильиннің
жүйесін пайдалану бойынша тірек сигналдарын жасаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Ильин Е. Н. Урок продолжается. – М., 1973.
2. Ильин Е. Н. Искусство общения. – М., 1982.
3. Ильин Е. Н. Рождение урока. – М., 1986.
4. Ильин Е. Н. Путь к ученику. – М., 1988.
5. Ильин Е. Н. Герой нашего урока. – М., 1991.
6. Ильин Е. Н. Воспитаем читателя. – СПб., 1995.
7. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары.
Алматы, 2005.
8. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –
Алматы, 2004.
9. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту
құралдары. – Алматы, 2007.
10. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д.
Ушинского, 2002.
11. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
12. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
158 159
11. ОҚУШЫНЫҢ ƏРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІРУ ЖƏНЕ
ИНТЕНСИВТЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Жоспар:
11.1. Ойын технологиясы
11.2. Проблемалық оқыту технологиясы
11.3. В. Ф. Шаталовтың тірек сигналдар технологиясы
11.1. Ойын технологиясы
Қазақстан Республикасының ォБілім туралыサ Заңында оқыту
формасын, əдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық
қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне,
педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектепте оқыту үдерісінде дидактикалық ойындар əрі
оқу, əрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады.
Ойын – балалар əрекетінің бір түрі, оқушыларды оқыту жəне
тəрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың əдісі мен құралы. Ойын
əрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным үдерісіне əсерін
тигізеді.
Ойын – балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін
енуіне, өзіндік ォМенінサ қалыптастыруға жəне шығармашылыққа,
белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді.
Ойын – əрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке
дайындайды.
Н. К. Крупская ォҚандай ойын болмасын баланы бір нəрсеге
үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен
ынтымақты болуға үйретедіサ – дейді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені
танудың тəсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды
жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық
қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар.
Н. Ф. Талызина ォАлты жасарлар ойнай отырып, логикалық
қабылдау арқылы оқуды жəне математиканы таным қызығушылығын
меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін оқу əрекеті орын аладыサ,
деген пікір айтты.
В. В. Давыдов оқушыларда танымдық проблемалық міндеттерді
шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тəжірибені
меңгертуге болады, яғни соның нəтижесінде білім-білік, дағды
дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді.
Н. К. Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның
маңызының зор екенін көрсеткен.
Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға,
ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет