Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет83/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   151
дұрыс айтып шығады (7-10 минут). Бұл ойынды мұғалім белгілі бір
модуль бойынша оқушының қандай деңгейде меңгергенін тексере
алады.
Қазақтың ұлттық ойындарының бір қыдыруы асық ойынынан
тұрады. Асықты ォСен айтサ, ォМəтінді жалғастырサ ойындарында
қолдануға болады. Бұл ойындар асық лақтыру арқылы жүреді
де, баланы шапшандыққа, тез ойлауға дағдыландырады. Сабақта
ұлттық ойын элементтерін қолдану барысында мұғалім сөздермен
таныстырады, дұрыс айтуға үйретеді, салт-дəстүрді сүюге
тəрбиелейді. Оқушылар көбінесе сабақта ойын түрлерінің жиі
болуына жақсы дағдыланады.
Əр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты
етіп өткізу арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген
ынта-ықыласын, пəнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын
баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның
бір түрі ォсергіту сəтіサ. Сабақта сергіту сəтін өткізгенде оқушының
шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тəрбиелік мəніне де
назар аудару қажет. Мысалы: ォҰзын құлақ, сұр қоянサ немесе
дене қимылдарына қатысты сергіту ойындары: ォƏй, шымыжық,
шымыжықサ.
Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып,
балаға тəрбиелік мəні зор ойындар арқылы дамытуға болады.
Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды.
Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз
мүмкіндігінше іс-шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады.
Ойын арқылы өткізілген сабақтарда артта қалған, жасық мектептен
қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше,
баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық іс-
əрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.
ォСөйлемサ тақырыбын өту барысында ォСөз қуаласпақサ,
ォҰйқасын тапサ, ォЖалғасын тапサ, ォЖоғалған сөзサ, т.б. дидактикалық
ойындар қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға
мүмкіндік береді.
ォСөз таптарыサ, ォСөйлем түрлеріサ тақырыптарын өту
барысында тірек сызбалар да балаларға ерекше əсер етіп, оқуға
деген құштарлықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыруға
себепші болады.
ォСөз құрамыサ тақырыптарын қорыту барысында ォБілім
биржасыサ, ォБрейн рингサ оқыта үйрету ойындары оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттырады.
Дүниетану сабақтарында ォАдамサ, ォТабиғатサ, ォҚоғамサ
172 173
бөлімдерінде ォЗоопаркサ, ォБотаникалық бақサ, ォТабиғатқа саяхатサ,
ォҚала мен қала маңыサ, ォЕртегілер театрыサ, т.б. ойындарын
пайдалануға болады.
Математиканы оқыту үдерісінде жұмыстың əр түрін пайдалану
бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын
арттырумен қатар, олардың математикалық қабілеттерін дамытуға
септігін тигізеді. Осының негізінде математика сабақтарында
оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін
төмендегідей жұмыс түрлері пайдаланылады.
Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар – оқушылардың жан-
жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойна-
латын ойындар, ォЖұп картинкаларサ, ォЛотサ, ォДоминоサ балалардың
ойлау қабілеттерін дамытады. Тіл сабақтарда зейінін, ойлауын, бай-
ланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор. Мы-
салы, ォҰйқасын тапサ, ォЖалғасын тапサ, ォЖалған сөзサ.
Ал, математика сабақтарындағы ойындардың негізгі міндеті
есептеу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру. Осы мақсатта
біз мынадай ойындарды пайдаландық. Мысалы, ォҚара белгіサ,
ォСиқырлы картаサ, ォ16-дан бастаймызサ, ォЦифрлар жарылысыサ,
ォБизнесменサ, ォКөбейту тауыサ, ォАсқарпаздарサ.
Көп таңбалы сандардын кұрамын өткенде оқуға, жазуға
төселдіру үшін ォСиқырлы картаサ, ォАздан көпке қарайサ ойындарын
пайдаланған абзал.
Математика сабақтарында тағы бір тиімді пайдаланылатын
ойын-сергіту логикалық ойын есептер. Бұл логикалық есептерді
ұсыну балалардың ойының ұшқырлығына, тез есептеуге төселдіруге
өте үлкен əсер етеді. Қазір математика сабақтарында ォҚазақтың
байырғы қара есептеріサ деген кітаптан көптеген логикалық
құрылымды ойындарды пайдалануға болады. Мысалы, ұзындық
өлшем бірліктері тақырыбына байланысты ォҰлу мен қырғауылサ,
ォҚырсық жолаушыサ туралы есептер берілсе, оқушы өз тіліміздегі
өлшем бірліктерін де меңгереді. Ал салмақ өлшемін өткенде ォЖеңіл
сақинаサ, уақыт өлшеміне байланысты ォДыбысты сағатサ, есептерін
ұсынуға болады. Есептеуге байланысты ォАсық саныサ, ォШып-
таサ, ォТауық нешеу саналған!サ, т.б. ойын-есептерді бере отырып
балаларға ォҚиял қыр асырадыサ, ォТұяқты тұяқ жібермейдіサ сияқты
нақыл даналықты меңгеруге болады.
Тапқырлыққа берілетін материалдардың негізгі мақсаты
оқушылардың қызығушылығын ояту, ойлау əрекетін белсендіру,
ой-өрісін __________кеңейту болып табылады. Олардың түрлері əртүрлі болып
келуі мүмкін: ребустар, қазақ халқының ауызша есептері, өлең-
есептер, викториналар, т.б.
Сонымен, педагогикалық ойынның маңызы зор екендігін
жаңашыл педагог-ғалымдары өз еңбектерінде атап кеткен. Ойын
біріншіден, білу жəне үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып,
өзіндік білім алуы өмір тəжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойын-
ның кəсіптік, əуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар.
Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге,
адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс
табады.
Қорыта айтқанда, кез келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда
оқушыларда əрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп
оқушы ой-өрісін ойын арқылы дамытады.
Ойындар – оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылы-
ғын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: ォОйынсыз ақыл-
ойдың қалыпты дамуы да жоқ жəне болуы да мүмкін емес. Ойын
дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы
баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады.
Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар отыサ, – деген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет