қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дəлелдер. Психолог А.С.Выготский: ォбала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-əрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінедіサ - дейді. Я.А.Каменский ォойынды рухани жəне дененің даму қозғалысыサ - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың əдет-ғұрпына сəйкес болу керектігін айтты. К.Д.Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді – деді. Жоғарыда айтылған мəселелерді теория жəне практика жүзінде ұлы педагог В.А. Сухомлинский терең жəне жан-жақты қарастырған. Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап, оқумен жаттығады жəне ойын үстінде салыстыру арқасында тапсырмаларды орындауға тырысады, ойын оқушыларды ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып, бұдан оларды тез қимылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға жəне тапсырманы нақты орындауға əкеледі. Əрине, бұл жерде ойын ережесі сақталуы керек. Жарыс элементі ойында əрқашанда маңызды болып келеді. Жарыста балалардың белсенділігі, жеңіске жету еркіндігі жоғарлай түседі. Ойынды таңдау кезінде оқушылардың техникалық деңгейін, сапасына қарай белгілі бір жүйеде жүргізілуін есте ұстаған дұрыс. Ұлы класик педагогтар Я.А.Каменский, И.Песталоцци, А.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский жəне қазақ халқының ағартушы педагогтары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтар, ойынның маңызын айта келе, ойын дегеніміз – айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне, ойын – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы қанат бітіретін осындай ғажайып нəрсе, өмір тынысы дейді. 160 161 Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың əрі формасы, əрі əдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу əрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі əрекеті – ойын болса, оқу-тəрбие үдерісінде олар біртіндеп ойын əрекетінен оқу əрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады. Ойынның мақсаты – Ойын технологиясы арқылы 5-6 жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Дидактикалық ойындар – балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді жəне нақты міндетті шешеді. Ойын: - сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. - сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. - сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Бастауыш сынып мұғалімі оларды жалықтырмай əр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуі керек. Ойын