Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет79/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар
отыサ.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге əзірлік, ойынды
өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті
құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге əзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу
болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі,
балалардың белсенділігі жəне олардың іс-əрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды,
тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нəтиже береді. Ойын арқылы
балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді,
таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, əрі
адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?
1. Оқушылар нақты қызмет тəжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып
қиын мəселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге
мүмкіндік береді.
4. Оқушы əрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса
жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт
мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дəстүрлі оқу материалдарымен
салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нəтижесі, өз жетістіктері, əсерлері, алған білімі,
дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен,
мұғалімдермен көбірек əңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене
білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Бастауыш сынып сабақтарын қызықты да, əсерлі етіп,
түрлендіріп өткізу мұғалімнен шығармашылық ізденісті,
педагогикалық шеберлікті талап етері сөзсіз.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын –
айналадағы дүниені тану тəсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен
қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды,
ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А.С.Макаренко:
ォОйын – балалар өмірінде өте маңызы зор нəрсе, үлкендердің
қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың
ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен
кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ
қайраткер, ең алдымен, тəрбиені ойын арқылы аладыサ, – деп балалар
ойынын жоғары бағалаған.
Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған
материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне
көмектеседі. Өйткені бастауыш сыныптағы оқушылардың аңсары
сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен
кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана əрі сапалы
орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін,
қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында
балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Ал мұғалімнің міндеті – балаларды ойынға өз қызығушы-
лығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын мен адам мəдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде
анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның
психологиялық жəне əлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең
қарастырылуда. Ойын технологиялары əлі де білім беру саласында
жаңа инновация болып табылады.
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет