Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет81/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   151
түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен
тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады.
Өйткені кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты
ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез,
əрі қызығып орындайтын болады.
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы
бастауыш сынып оқушыларының тілге деген қызығушылығын
қалыптастыру – бастауыш сынып мұғалімінің алдында тұрған негізгі
мəселелердің бірі.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында
ойындардың алатын орны ерекше. Əр сабақтың тақырыбына сай
ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген
қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат
ойын əрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік
қорды молайтып, тілдесу əрекетіне жетелеу.
Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік
нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта
мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке,
ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары
артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық
шағынан бастап кəрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп
отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын
168 169
барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген
көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы
нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нəтижелі тартуға болады.
Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын
оқушылардың сол орындалатын іс-əрекеттер арқылы тіл үйренуге
деген сенімін қалыптастырады.
Олар:
 Қазақ тіліне ғана тəн дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға
жаттықтыруға;
 Оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын
дамытуға;
 Жағдаяттар туғызып, іс-əрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге.
Белгілі педагог А.С.Макаренко баланың ойын үстінде түрлі
таным-түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі
артатынын атап көрсеткен. Сабақта ойналатын дидактикалық
ойындардың пайдасы өте зор. Ол ойындарды тақырып бойынша
өзгертіп тұруға ыңғайлы болады. Ойынның мақсаты, шарты
балаларға түсіндіріледі.
Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар əртүрлі
жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға
бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан
түрлі дағды, мəліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Бастауыш
мектеп мұғалімдері сабақта оқушылардың алған білімдерін одан
əрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой-өрісін
кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін
арттыру мақсатын көздейді.
Қазақ тілі пəнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис
салаларын оқытқанда тақырыпқа орай əртүрлі əдіс-тəсілдермен,
шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика саласы бойынша ォКім жылдам?サ ойынын ойнатуға
болады.
1. Қ əрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы:
Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар.
Мысалы: ы – ыдыс, Ыдырыс, ыстық
І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е – береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап
жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық
ォДыбыс таңдау ойыныサ. Ойынның шарты бойынша таңдаған
дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып
қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет