Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет80/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   151
түрлерін педагогикалық үдерісте əдістер мен тəсілдердің кең
көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі
оқытуда нақты мақсатының қойылуымен жəне оның оқу-танымдық
бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нəтижесіне
сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын əдістері оқушыларды
166 167
оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын əдістері мен
жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын
əдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда
жүргізіледі:
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тəрбие жұмысының негізгі
саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі,
дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің
сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нəтижені көре білу, яғни оқушыға
берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы
оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес
саусақ бірдей емес, яғни əр оқушының сабаққа қызығушылығы,
дүниетанымы, даму ерекшеліктері əртүрлі. Сондықтан оқушылардың
осы топтарына əртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын
элементтері кез келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті,
нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды
асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың
қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі – дидактикалық
ойындар.
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында
əртүрлі əдіс-тəсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім
ойын жағдаяттарын туғыза отырып, əртүрлі заттарды қолдану
арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін
құрастырады.
Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық
ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау,
пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш
сынып оқушылары əлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды
жалықтырмай əртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге
тырысуы қажет.
Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін
арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік
меңгеруге үлкен əсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық
ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып,
сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында
үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада
қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пəндерінің мазмұнымен тығыз
байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нəтижелер береді.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен əдістерін
жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын
түрлерін оқу үдерісін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау
кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын
түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына
неғұрлым сəйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі.
Оны тиімді пайдалану сабақтың əсерлігін, тартымдығын
күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын
арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді,
жеңіл келеді.
Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты,
мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған
жөн. ォОйыннан басталадыサ, – десек, баланың ойын жетілдіріп,
сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш
сынып мұғалімінің басты қолданатын тəсілі – ойын.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері – мұғалімнің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет