Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет105/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   151
туралы Заңының талаптарына сай келеді жəне дəстүрлі оқытудағы
оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді.
Олардың əрқайсысы 1-ші деңгейлік тапсырмаларды орындауға
міндетті жəне жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындауға
құқылы, Осылайша, бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп
толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда
жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау əр оқушының күнделікті
мақсатына айналады.
Қорыта келе, саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының
принциптері – оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру
жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын жəне
өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші,
өзін-өзі тəрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын сипаттап беріңіз.
2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының түрлерін атап,
оларға сипаттама беріңіз.
3. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының төрт деңгейін
ашып көрсетіңіз.
4. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшеліктерін
айқындаңыз.
5. Бастауыш мектепте деңгейлеп саралап оқыту технологиясын
пайдалану мүмкіндіктерін анықтаңыз.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Бастауыш мектептің оқу-тəрбие үдерісінде деңгейлеп-
саралап оқыту технологиясын қолдану жағдайын анықтыңыз.
2. Бастауыш мектепте деңгейлеп-саралап оқытуды қолданудың
артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындаңыз. Оны Венн
диаграммасы арқылы кескіндеңіз.
3. Деңгейлеп оқытудағы мұғалімнің орнын көрсетіп, бастауыш
мектепте оқытылатын кез келген пəн бойынша деңгейлеп-саралап
оқыту технологиясын пайдаланып сабақ жоспарын құрыңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Қараев Ж., Қуанбаев Б. Жетірілдірілген педагогикалық жүйені
жобалаудың дидактикалық шарттары. – Ізденісреспубликалық
ғылыми-педагогикалық журналы. – №1, 2004.
2. Қараев Ж. Оқушылардың шығармашылық қабілетін деңгейлеп
оқыту технологиясы арқылы дамыту жолдары. – Алматы, 2008.
3. Кобдиқова Ж. У. Оқытудың педагогикалық жүйесін
технологиялық негізде жетілдіру. – Алматы, 2005.
4. Сейтқазиев Ж. Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу. – Тараз, 2013.
5. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология-
лары. Алматы, 2005.
6. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –
Алматы, 2004.
7. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту
құралдары. – Алматы, 2007.
8. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі
сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
9. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им.
К. Д. Ушинского, 2002.
10. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
11. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
12.4. Дифференциалды оқыту технологиясы
Дифференциациялап оқытудың мəні. Қазіргі əлеуметтік-
экономикалық жағдай мұғалімдердің алдында тұрған оқу-тəрбие
жұмысын жетілдіруде, оқушының өзіндік, шығармашыл ойлауын
дамыту жəне білім деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету
міндеттерін маңызды күрделендірді. Көп уақытқа дейін барлық оқыту
жəне тəрбие əдістемесі оқушының орташа деңгейіне бағытталды.
220 221
Онда оқушылар сыныбы жекелеген тұлғалардан тұрады, яғни
олардың əрқайсысының өзіне тəн психологиялық жəне адамгершілік
ерекшеліктері, өзінің қызығушылығы жəне бейімділігі, шындықты
көруі болды. Мұндай құбылыстың себебі тəрбиелей жəне дамыта
отырып оқыту тұлғаға тікелей емес, оның дамуында ішкі жағдай
арқылы əсер етті.
Ішкі əлемнің əртүрлілігі əр баланың ерекшелігін анықтайды.
Оқушылардың оқуын ұйымдастыруда, мұндай факторларды
жеткіліксіз есептеу орташа оқушыныңпайда болуына əкелді.
Əрбір оқушының ішкі дүниесінің бірегейлігі, оның ерекше
дүниетануы оқушының танымдық мүмкіндіктерінің пайда болуын
қамтамасыз етеді. Мектепте мұндай ерекшеліктерді ескеру оқытудың
қызметтік жəне мотивациялық аспектілерін жоғарылатуда көрінетін
əрбір оқушының дұрыс нəтижелерге жетуінде басты рөл атқарды.
Оқытуда, оқушылардың барлық ерекшеліктерін ескеруді жүзеге
асыратын құрал – дифференциация болып табылады.
Дифференциациялап оқыту – бұл əр оқушының қабілетін,
бейімділігін, қызығушылығын ескере отырып жеке басын дамытуды
қамтамасыз ететін білім берудің жүйесі.
Оқыту жəне білім берудегі дифференциация дегеніміз:
 білім берудің мазмұнын, түрін, əдісін, темпін, көлемін таңдау
арқылы əр оқушыға білім меңгеруіне қолайлы жағдай жасалатын
оқу іс-əрекетін ұйымдастыру.
 əр түрлі білім алу қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арнап
оқыту жүйесін бағдарлау.
Дифференциацияның мəні – оқушыларды бөлу емес, оларды
біріктіруде дер кезінде дифференциалды көмек көрсету.
Дифференциацияның тиімділігі – мұғалім оқушылардың
жұмысын бақылап қана қоймай, осы уақытта жеке оқушылармен
жекеше жұмыс жасайды. Оқушылар үш режимде жұмыс істей алады:
мұғаліммен бірігіп, жеке жəне өз бетімен мұғалімнің жетекшілігімен.
Дифференциалды оқыту технологиясының тарихи даму
кезеңдері. Мектептің білім беру тарихы, дифференциация барлық
жағдайда оқушыларды оқытуда қолданылғандығын дəлелдейді.
Мектептік білім беру пайда болғанда, мемлекеттен жеке алынған,
əрбір дəуір талаптарына сəйкес дифференциалды оқыту мəселесі
де дамыды. Мысал ретінде біздің отандық мектептерімізде,
бұл мəселесінің пайда болу жолын үш кезеңге бөлуге болады:
бірінші кезең – 1918-1930 жылдары, дифференциалды оқытуды
ұйымдастыруға жалпы амал, тəсіл іздеу; екінші кезең – 1930-1990
жылдар, мектептік білім беруді ұйымдастыруда эгалитарлы амал
контекстінде дифференциалды оқыту пікірінің дамуы; үшінші кезең
1990-2000 жылдар, мектептік білім беруді бұқарашылдандыру
жағдайында дифференциалды оқытуды жүзеге асыру үшін жаңа
амалдарды анықтау.
XX мыңжылдықтың 20 жылында, яғни алғашқы кезеңде
бұл мектеп тəжірибесінде жəне педагогикалық теорияда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет