Өкінішке орай, ұжымдық оқыту тəсілі сол кездегі педагогтер, əдіскерлер тарапынан қолдау таппады. Мектептер көп жылдар бойы ресми мемлекеттік қаулылар бекіткен əдістемелер мен əдіснамалық қағидалар бойынша жұмыс істеді. Оқытудыңұжымдық тəсілінің көкейтестілігінқазіргі заманғы білім берудіңқарама-қайшылықтары мен пайда болған мəселелерді шешу жолдарын ұсынады. Дəстүрлі оқыту дағдарыстары оқытудың төмендегіқарама-қайшылықтардан көрінеді. Оқытудыңұжымдық тəсілінің ерекшелігі келесі үдерістердің сақталуына байланысты: - Оқушылардың жұптарының ауысып отыруы. - Олардыңөзін-өзі оқытуы. - Өзара бақылау. - Өзара басқару. Оқушыларұжымында барлығы бірін-бірі жəне əрқайсысын оқытады. Оқытудың топтық тəсілі мен оқытудыңұжымдық тəсілінің айырмашылығы бар. Оқытудың топтық тəсілінде ұжымда тек бір адам ғана – мұғалім немесе кеңесшіқатысушы рөлін атқарса, оқытудыңұжымдық тəсілінде бір мезгілде бірнеше оқушы басқаларына əсер етеді. А. Г. Ривин əртүрлі жағдайлардақолданылатын оқытудың ұжымдық тəсілінің бірнеше əдістемесін атап көрсетті: - кез келген оқу пəні бойынша мəтіндік материалды оқу; - мəтінді өзара алмасу; - тапсырмаларды өзара алмасу; - оқулық бойынша есеп пен мысалдарды шығару; - өзара диктанттар жазу - жұптасқан түрдеөлең, тақпақтар жаттау; - жұптасқан түрде жаттығуларды орындау; - сауалнама бойынша жұмыс; - шет тілін оқу. Бастауыш мектепте ұжымдық оқытудыұйымдастыру. 1. Бастауыш мектептің кез келген пəнінде оқулық бойынша мəтіндік оқу материалын оқыту жоспарланады. Ол үшін берілген оқу материалы бірнеше бөлікке бөлінеді. Бастауыш сыныптарда мəтін көлемі аз болуы керек. Əр оқушыөз бетінше жеке жұмыс істейді. 2. Бір партада отырған екі оқушы бірігіп мəтіннің бірінші бөлігін оқуға кіріседі. Біреуі мəтінді ақырын дауыспен оқыса, екіншісі мəтіннің дұрыс оқылуынқадағалап отырады. Содан соң екеуі бірігіп мəтіннің мазмұнын талдайды, демек, біреуі мазмұнын айтып, екіншісі толықтырып отырады. Сонымен қатар басқа оқу материалдарынан да үзінділер келтіруге болады. Бастауыш сынып оқушылары мəтіннің осы бөлігіне ат қойып, оның жоспарын құрады. Жоспар құру барысында талас туындап, мəтін жан-жақты талданып, оқушылардың ойлау қабілетіне жағымды жағдай туады. Содан соң бастауыш сынып оқушылары мəтіннің бөлігінеқойылған атын жəне қарастырылған жоспарды дəптерлеріне жазып, тарасады. Мəтіннің екінші бөлігін талдау үшін əрқайсысыөзіне жаңа жұп таңдайды. Егер мұғалімөзінің оқушыларыныңқабілетін жақсы білетін болса, онда кіммен бірігіп жұмыс істеуге болатынын айта алады. Бірақ бұл міндетті емес. 236 237 3. Жаңа жұптарда оқушылар бірінші бөлімніңқысқаша мазмұнынқайталайды. Олар жоспарды салыстырып, өзгертіп, түзетеді. Біреуі бірінші бөлімнің мазмұнын айтса, екіншісі ай- тып отырған баланың дəптеріне қарап, қажет кезінде түзетіп, толықтырады. Содан соң олар бірінші жолғыдай мəтіннің екінші бөлімін талдайды. Осылайша мəтін аяқталғанша жұптарын ауысты- ра отырып, жұмыс істейді. 4. Мəтінді талдау барысында ақырғы жұптың жұмысы маңызды. Мəтіннің ақырғы бөлігін талдаған жұп кезекшіге немесе мұғалімге жұмысты аяқтағаны жөнінде айтады. Осылайша оқушы оқылған тақырып бойынша кіші немесе үлкен топта жұмыс істеуге дайын. 5. Мəтіннің барлық бөлімін талдаған оқушылар 4-6 адамнан кіші топтар құрайды. Олар өздеріне жүргізушілер тағайындайды. Жүргізушіөзіне жəне əр оқушыға материалды айтып шығуүшін сөз береді. Топ əр оқушыға бағақояды. Жүргізуші бағақойылған қағазды мұғалімге береді. Мұғалімөз кезегінде 2-3 оқушының білімін тексеруі мүмкін. Оқушыларөз жолдастарының білімін дұрыс бағалайтындықтан мұғалімнің бағасымен тура келіп отыра- ды. Барлық бағалар сынып журналына қойылады. Тапсырмалармен өзара алмасу, бірыңғай тапсырмаларды орындау бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын игеруде таптырмайтын əдіс. Бастауыш сынып мұғалімі математика сабақтарында оқушыларға бір жолмен шығарылатын бірыңғай тапсырмаларды береді. Осындай тапсырмалардың бірнеше жұбы карточкаларға жазылып, нөмірленеді. Мысалы, 4-сынып оқушысы Асқаров бірінші тапсырманың барлығын шығарса, Асанов екінші тапсырмалардың жауаптарын біледі. Осындай болған жағдайда жұптаса жұмыс істей отырып, олар тапсырмаларымен алмасады. Бұл алмасу былайша жүзеге асады: Асқаров Асановтың бірінші тапсырмадағы теңдеуінқайта шешу арқылыүйренеді. Осылайша ол Асановтың барлық сұрақтарына жауап беріп, теңдеудің шығару жолын түсіндіреді. Теңдеудің шешуі немесе қажетті жазуларды ол Асановтың дəптеріне жаза алады. Тура осындай жолмен Асқаров екінші тапсырмадағы теңдеулерді шешу жолын Асановқаүйретеді. Бұдан соң тапсырмадағы екінші теңдеулердіөз беттерінше шығарады да, дұрыстығын тексереді. Осылайша олардың жұптасып жұмыс істеуі аяқталып, олар өздеріне басқа серік іздейді. Əрбір оқушыөзінің тапсырмасын орындап, ауыспалы жұптардан басқа тапсырмаларды шешуді үйреніп, басқалардыүйретуге дайын болған кезде ұжымдық оқыту түрі енгізілді деп есептеледі. Егер қандай да бір тапсырманы орындай алмаған жағдайда мұғалім түсіндіру жұмысын жүргізеді. Тапсырмаларды орындау кезінде білім-білік дағдыларын оқушының игергенін мұғалім белгілеп отырады. Əр оқушының аты-жөнініңқарсысында тапсырманың нөмірлері жазылған графаға нүктеқойылады. Бұл нүкте оқушы осы тапсырма бойынша тапсырманың орындалу жолын түсіндіре алады деген сөз. Жұптық жұмыс аяқталған кезде нүктенің орнына ォ+サ