дифференциалды оқыту пікірін жүзеге асырудың бастамасы 1922 жылы Дальтон-план бойынша жұмыс басталады. Дальтон-планының көмегімен оқытуүдерісіне оқушылардың мүмкіндіктерін ескеретін бағдарламалар енгізілді жəне құрылды. Оқу бағдарламаларын күрделілік деңгейіне бөлу, нақты пəн бойынша біліміне нұсқау, оқушылардың жеке ерекшеліктерін қамтамасыз ету жəне олардың дальтон-план бойынша жұмысы дифференциалды оқыту принципіне жауап береді. Сонымен қоса, ол оқушыларды деңгейлік дайындаудың қазіргі талаптарына үндес. 20 жылдардыңортасына қарайөмірге енгізілген жаңа тəсіл өңделді. Кеңестік мектепте дифференциалды оқытудың алғашқы формасы дарынды дəрежесі бойынша дифференциация болып табы- лады. Дарынды балалармен жұмыстың тəжірибесінде əдебиеттер мен əдістемелер болмағандықтан дифференциалды оқытудың аталған формасы баланың психикасына, яғни тым ашушаң, қызбалы болуына əкелді. Бірақ оның жағымды да жақтары болды: үлгерімі нашар жəне даму жағынан кем балаларды есіркеу жəне соған байла- нысты əдістемелер қолданылды. Дифференциалды оқытудың келесі формасы – еңбекке баулу курсымен үйлестірудеқабілеті бойынша дифференциация. Бұл тəсілдің негізгі кемшілігі: жалпы білімділігін бағаламау. Бұл кезең дифференциалды оқытудың екі формасымен ерекшеленеді: дарынды дəрежесі бойынша дифференциация; еңбеккебаулу курсымен үйлестіруде қабілеті бойынша дифференциация. 30 жылдары кеңестікүкімет барлық оқу-тəрбие үдерісінде қатаң тəртіп белгілеуді жою туралы қаулықабылдайды. Барлық орта білім беру мекемелеріндегі оқушыларды жалпы білім беруге 222 223 дайындауға жəне толық емес орта мектептер үшін бірыңғай талаптар бекітіледі. Бұл жылдарда мектеп қызметінің бірыңғай оқу жоспары бойынша оқу-тəрбие үдерісінқұруға жəне оқу пəндерінің мазмұнын қалыптастыруға бағытталды. Педагогика ғылымында келешек үшін дифференциалды оқыту пікірін өңдеу жалғасты. Осыған байланысты дифференциалды оқыту пікірін өңдеу білім берудіңрегламенттік мазмұны негізінде жүзеге асты. Бірақ ғылыми көзқараста дифференциалды оқытудың шекарасын анықтауқажет болды. Осы мəселеге алғаш рет 1946 жылы Н.К. Гончаров назар аударды. Ол дифференциалды оқытудың шекарасын ғылымның екі тобы – табиғат жəне қоғам негізінде анықтау керек деді. 50 жылдың ортасында, орта мектепте дифференциалды оқыту бойынша эксперимент жүргізудің дайындық жұмысы басталады. Бұл жұмысты бастаушылар М.А.Мельников, А.М.Арсеньев, Н.К.Гончаров болды. Дифференциалды оқыту бойынша жүргізілген экспериментті жұмыстыұйымдастырудың негізгі принципі келесілер болды: ォмектеп үш бірыңғай міндетті шешу керек, яғни кəсіптік, политехникалық жəне жалпы білім беру, дифференциацияны жалпы білім берумен шектемеу керекサ. Үйлесімді бағдарламалар жəне пəндер циклдері бойынша бөлімдерқұрылғанда дифференциалды оқыту басталды. Жалпы білім берудің бірыңғай көлемі сақталды, дифференциация жалпы білім беру пəндерімен бірге арнайы жəне тəжірибелі өндірістік дайындық пəндерін қамтыды. Осымен, кеңестік мектептегі дифференциалды оқыту шет мемлекеттерінің фуркациясынан ерекшеленді, яғни мұнда дифференциация екі бағыт бойынша: математикалық жəне гуманитарлық жүргізілді. Мектеп практикасына пəндерді тереңдетіп, оқыту бойынша сыныптарды жəне факультативтерді енгізу ниеттерінің негізін эксперименттік тексеруге байланысты жүргізілген жұмысы 50 жылдың аяғында дифференциалды оқыту тұжырымдамасынөңдеумен аяқталды. 1966 жылы Кеңес министрініңォорта жалпы білім беру мектептерінің жұмыстарын əрі қарай жалғастыруサ қаулысы бойын- ша дифференциалды оқытудың екі формасы енгізілді: тереңдетілген білім, оқушылардыңқабілеттерін, қызығушылықтарын, кəсіптік хабарын жан-жақты дамыту. Сонымен, 60-70 жылдары мектеп тəжірибесінде оқуүдерісіндегі дифференциацияның келесі түрлері: факультативтік сабақ, арнайы кластар жəне гуманитарлық пəндердің агробиология, физика, есептеу техникасы, математика пəндерін тереңдетіп оқытатын арнайы мектептер пайда болды. Теоретиктердің берген бағасы практикаға факультативтердің енгізілуі дифференциалды оқытудың берілген формаларын орындауда дидактикалық жəне əдістемелік жағынан толық өңделмегендігін дəлелдеді. Бірақ зерттеудің əр түрлі (əдістемелік, дидактикалық, психологиялық) аспектілерініңқарқынды жүргізілген жұмыстарының нəтижесінде дифференциалды оқытудың аталған формаларын енгізуде жетістіктерге жетті. Сонымен, В.А.Орлов қорытындылай келе, ォфакультативтер оқушыларда білімнің жоғары деңгейінқалыптастырудаөзінің кеңқажеттілігін жəне өмірлік қабілетін көрсеттіサ, - деді. Ал, 70-жылдың басында дифференциалды оқытудың тиімді формасы ретінде арнайы мектеп жəне сынып шегінде пəндерді тереңдетіп оқыту болып табылады. Дифференциалды __________оқытудың осы формасының кеңінен таралуы үшінқиыншылықтар болды. Сондықтанөз уақытында В.А.Орлов пен Э.И.Унт пікірі бойынша, пəндерді тереңдетіп оқыту оқушыларға терең білім береді. Кеңестік мектепте дифференциалды оқыту пікірі құрылуының екінші кезеңін, мектептік білім беруді ұйымдастыруда эголитарлық тəсіл контекстінде дифференциалды оқыту пікірінің даму кезеңі деп атауға болады. Ол дифференциалды оқытудың екі формасымен ерекшеленеді: факультативтік сабақтар; пəндерді тереңдетіп оқытуда арнайы кластар мен мектептерге бөлу. Осы екі форманың да мақсаты: білімді тереңдету, оқушылардың қабілеттерін, қызығушылықтарын, кəсіптік хабарын жан-жақты дамыту. Дифференциалды оқытудың барлық формаларын ұйымдастырудағы жетістіктер, олардың барлығы негізінен оқушылардың типологиялықерекшеліктеріне ғана бағытталған еді, ал оқушылардың жеке ерекшеліктері толығымен ескерілмеді. 1895 жылы білімдегі педагогикалық дағдарыс, сонымен қатар мектептік білім беру практикасындағы дифференциалды оқытудың жағдайы, мектептегі дифференциалды оқытуды жүзеге асыруда жаңа амалдарды іздеуге итермеледі. 224 225 1990 жылдың басы дифференциалды оқыту тұжырымдамасы жəне жаңа пікірлердің тууы, мектептік білім беруде дифференциа- ция мəселесінің дамуындағы жаңа кезең деп есептеледі. Тұжырымдама авторлары дифференциалды оқытудыңқажетті шартын халықтық білім беру жүйесіндепайда болған əлеуметтік келісілген тенденция жəне екі объективті, яғни кеңестік мектепке