Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет107/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   151
бірыңғай талап жəне тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасауды
атап көрсетті.
Дифференциациялап оқытудың мақсаттары:
психологиялық-педагогикалық;
əлеуметтік;
дидактикалық.
Біз үшін дифференциалды оқыту мақсатының бірінші жəне
үшінші бағыты қажет.
Дифференциациялап оқытудың психологиялық-педагогикалық
көзқарастағы мақсаты: əр оқушының қызығушылығы мен
бейімділігін дамыту жəне талаптарды анықтауға тиімді жағдай
жасауға негізделген оқытуды даралау.
Əлеуметтік көзқарас бойынша дифференциациялап оқытудың
мақсаты: ол əрбір қоғам мүшесінің социуммен өзара əрекет
бейімділігін ұтымды пайдалану мақсатымен шығармашылық,
интеллектуалдық, кəсіби қоғам потенциалын қалыптастыруына
мақсаттылықпен əсер ету.
Дидактикалық көзқарас бойынша оқушыларды
дифференциациялап оқыту үшін жаңа əдістемелік жүйені жасау
жолымен толғағы жеткен мектеп проблемаларын шешу.
Дифференциация түрлері. В.М.Монахов, В.А.Орлов, В.В.Фирсов
дифференциалды оқытудың келесі формасын ұсынады:
Сыртқы дифференциация (арнайы мектептер ұйымдастыру,
тереңдетіп оқыту жəне коррекциялық сыныптар, факультативтер,
таңдау курстарын, т.б. ашу).
Ішкі дифференциация – əдеттегі сынып көлемінде əр оқушының
даралық ерекшелігін ескере отырып сабақ барысындағы жұмыстың
ұтымды түрін анықтау.
Элективті дифференциация – бұл оқушыларға міндетті оқу
пəндерімен қатар бірнеше пəндерді қосымша ретінде оқуға құқық
беру.
Сыртқы дифференциация – біршама тұрақты топтарды арнайы
принциптер негізінде (қызығушылық, бейімділік, қабілет, жетістік
нəтижелері, жобаланған мамандық) құрау болып табылады. Мұнда
білім мазмұны мен оқушыларға қойылатын талаптар өзгеше болады.
Сыртқы дифференциация селективті жүйе көлемінде (профильді
сынып жəне пəндерді тереңдетіп оқыту сыныбын таңдау) немесе
элективті жүйе көлемінде іске асырылады.
Сыртқы дифференциацияның мəні білім беруде оқушыларды
таңдаған бағытта максимал дамыту мақсатымен олардың тұрақты
қызығушылықтарын бейімділіктерінің жəне қабілеттерінің
көлемінде мамандануға бағыттау болып табылады.
Қазіргі кезеңде мектепте 2 түрлі сыртқы дифференциация
қолдануда: факультативті сабақтар жəне жеке пəндерді тереңдетіп
оқыту сыныптары.
Ішкі дифференциация – бұл кездейсоқ белгілер арқылы
жиналған оқушылардың үлкен тобын əр түрлі оқыту. Бұл түр
оқушылардың дара жəне топтық ерекшелігін толық ескеруге
мүмкіндігіне негізделген. Ол материалды оқыту темпін, оқу
тапсырмаларының дифференциациясын, əр түрлі іс-əрекетті таңдау,
мұғалім тарапынан көмектің мазмұны мен дəрежесін мөлшерлеу
вариативтілігін болжайды. Бұл əр түрлі деңгеймен əр түрлі əдістер
арқылы оқыту жұмысын жүзеге асыру мақсатымен сыныптағы
оқушыларды əр түрлі топтарға бөлуге мүмкіндік туғызады. Əдетте
бұл топтар мобильді, икемді, жылжымалы болады. Қазіргі кездегі
ішкі дифференциацияның ерекшелігі ол тек оқуда қиындық
сезген оқушыларға ғана емес, сонымен бірге дарынды балаларға
бағытталған. Ішкі дифференциация оқушылардың даралық
ерекшелігін ескере отырып дəстүрлі түрде немесе оқыту нəтижелерін
жоспарлау негізіндегі деңгейлік дифференциация жүйесі түрінде
жүзеге асады.
Ішкі дифференциацияның мəні əдетте бағдарламалық
материалды бірде-бір меңгеру деңгейіне оқушылардың
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып
индивидуалдық жолмен оқыту түрлері мен əдістерін қолдану болып
табылады.
Авторлар алғаш рет ішкі дифференциацияны оқытудың
нəтижесін жоспарлауда деңгейлік дифференциация жүйесінің
формасын да жүзеге асыру мүмкіндігін көрсетті.
Деңгейлік дифференциация оқушыларды бірдей бағдарламамен
оқытып отырып, əр түрлі жоспарланған деңгейде меңгеру құқығы
226 227
жəне мүмкіндігі бар (бірақ міндетті деңгейден төмен емес) оқытуды
ұйымдастыруын ойластырады.
Дифференциалды оқытудың əдістемелік принциптері. Өңделген
тұжырымдама оқу пəндерін оқытуда дифференциалды оқытудың
əдістемелік принциптер жүйесін, оқу жоспарын қалыптастыру
жəне білім беру мазмұнын сұрыптау принципін, қазіргі кезеңде
дифференциалды оқытудың негізгі мəселесін шешуде жалпы амалды
жəне дифференциация жүйесін мақсатты құруды анықтады.
Сонымен, үшінші яғни дифференциалды оқыту пікірін
дамытудың қорытынды кезеңін мектептік білім беруді
бұқарашылдандыру жағдайында дифференциалды оқытудың жүзеге
асуы үшін, жаңа амалдарды анықтау кезеңі деп атауға болады жəне
дифференциацияның сыртқы формасын əрі қарай жетілдіру жəне
дамытумен сипатталады.
Дифференциалды оқытудың əдістемелік принциптері оның
формаларының жаңа типологиясын жүзеге асырумен байланысты.
Оның мəні мынада:
- оқушылардың ерекшелігінің типологиясы негізінде тұрақты
сынып немесе топ құру;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, жан-жақты
дайындықты жүзеге асыру.
Барлық оқушылардың оқуға қабілеттілігінің дамуы мен
дайындық деңгейі бірдей болмаған жағдайда дифференциалды
оқыту технологиясы қолданылады.
Жеке қабілеттері ескерілмей, тек жас ерекшелігіне байланысты
жиналған 25-30 оқушы білімді бірдей жəне тең меңгермейді. Кейбір
оқушыларда өз жасына сай ойлауға икемділігі, ширақтылығы
болмайды, жинақтап қорыта білмейді, осыдан кейін оқу
материалдарынан қала бастайды. Бұндай оқушылардың білімге
деген қызығушылығы жоғалады, оқуға деген теріс көзқарасы
пайда болады. Бұл үлгермеушілікке əкеліп соғады. Жақсы оқитын
оқушылармен де жұмыс істеу қиын, себебі, мұғалім сабақты
орташаоқитын оқушының қабілетіне негіздейді. Олар біртіндеп
оқу тапсырмаларын орындауда жеңілдіктерге үйренеді жəне
бірінші қиындықтар өз-өзіне сенбеушілік, сасқалақтау туады. Ал,
бұл үлгерімнің төмендеуіне əкеледі. Сондықтан əрбір оқушының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет