жоғарыүлгерімділігіне жетудің міндеті дифференциалды оқытуда оқушының жеке ерекшелігін ескеру негізінде шешіледі. Оқыту жəне білім берудегі дифференциация туралы түсінік. Дифференциалды оқыту топтық оқу деңгейіне байланысты бірдей салыстырмалы топты бөлу формасын ұсынады. Топты құрылымдық талдау схемасы. Бірінші топ, жоғары оқуқабілеті бар оқушылар: а) жоғары деңгей, даму жəне жұмысқа жоғарықабілеттілігі; ə) орташа деңгей, даму жəне жұмысқа жоғарықабілеттілігі; б) жоғары деңгей, даму жəне жұмысқа орташа қабілеттілігі. Бұл топ оқушылары оқу міндеттерін өз бетімен шешуге жəне белгісіз жағдайдақажетті білімді қолдануды талап ететін қиын материалдармен жұмыс жасайды. Екінші топ, орташа қабілеттері бар оқушылар: а) орташа деңгей, оқуғақабілеті жəне жұмысқа орташа қабілеттілігі; ə) төменгі деңгей, дамыту жəне жұмысқа жоғарықабілеттілігі; б) төменгі деңгей, дамыту жəне жұмысқа орташа қабілеттілігі. Бұл топтағы оқушылар бірінші топтың тапсырмасын, мұғалімнің жəне тірек схемасының көмегімен орындайды. Үшінші топ, оқуқабілеттері төмен оқушылар: а__________) жоғары деңгей, дамыту жəне жұмысқа төменқабілеттілігі; ə) орташа деңгей, дамыту жəне жұмысқа төменқабілеттілігі; б) төменгі деңгей, дамыту жəне жұмысқа төменқабілеттілігі. Бұл топтағы оқушылар оқу тапсырмаларына шек қоюды, сабақта қосымша түсіндірулерді жəне жаттықтыратын жұмыстардықажет етеді. Дифференциалды оқытуда əлсіз оқушылармен жұмыста сабақтан соңқосымша дайындалуды қажет етпейді. Дифференциалды оқытуүдерісінде оқушылардың бір топтан, екінші топқа көшуі мүмкін. Көшу немесе ауысу оқушының даму деңгейініңөзгеруінен, сабақта білім алуда қызығушылығының тууына талаптануда, оқу бағыттылығының жоғарылауы жəне кемшіліктерді толықтыруында қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмыс тапсырмалары: 1. ォДифференциацияサ, ォДифференциациялап оқытуサ, ォОқыту жəне білім берудегі дифференциацияサ, ォДифференциацияның тиімділігіサ ұғымдарына педагогикалық сөздіктер, жаңашыл педагог- ғалымдардың берген анықтамалары бойынша сипаттама беріңіз. 228 229 2. Дифференциалды оқыту технологиясының тарихи даму кезеңдерін саралаңыз. 3. Дифференциациялап оқытудың мақсаттарын анықтаңыз 4. Дифференциация түрлеріне сипаттама беріп, оны сызба түрінде кескіндеңіз. Ұсынылатын əдебиеттер: 1. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудыңқазіргі технология- лары. Алматы, 2005. 2. ƏбдіғалиевҚ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – Алматы, 2004. 3. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007. 4. ЖүнісбекƏ. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008. 5. Педагогические технологии: Методические рекомендации /Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д. Ушинского, 2002. 6. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 1998. 7. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. – М.: Педагогика, 1990 г. 12.5. Ұжымдық оқыту технологиясы (В. К. Дяченко, А. Г. Ривин) Ұжымдық өзара оқыту технологиясын (ұйымдастырылған диалог, байланыстырушы диалог, талгенизм таланттар жəне дарындылар, оқудыңұжымдық тəсілі, ауыстыру құралында оқушылардың жұппен жұмысы) А. Г. Ривин жəне оның оқушылары мен ісін жалғастырушылары(В. К. Дяченко, М. Д. Брайтермен, А. С. Соколов, т.б.) жасап шығарған. Мұндай технологияда оқу материалын дайындау оқу мəтіндерін, қосымша жəне анықтама, сабақ тақырыбы бойынша (немесе сабақтар циклі бойынша), оқу мазмұнын меңгеру бірлігіне бөлу(авторлық нұсқада ойлау сағаттары), мақсатты тапсырма жасау, оның ішінде үй тапсырмаларын жасау жатады. Оқушыларекі кезеңді бағдарға алады: - дайындық, қажетті жалпы оқулық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру жəне өңдеу мақсатындағы; кеңістікті бағдарлау; жолдасыңды тыңдап, оның не айтып отырғанын есту; шулы ортада жұмыс істеу; қажетті ақпаратты табу; жекеше есеп парақтарын қолдану; белгілі кейіпкерді сөзге жəне сөзді кейіпке айналдыру. Бұл біліктер арнайы тренингтік сабақтар кезінде іске асады; - таныстырушылық, жалпы элементі «ойын ережесін» меңгеру, мақсаттыұстанымды хабарлау, өңдеу мінезімен нұсқау жəне оқуқорытындысын есептеу тəсілі болып табылатын əртүрлі модификациялары бар. Оқу сабағының жүрісі сабақ мазмұнының жасына, оқу материалының көлемі мен оны меңгеруге кететін уақытынақарай, таңдалған технология нұсқасына байланысты əр түрліөтуі мүмкін. Ұжымдықөзара оқыту технологиясы келесі сатылардан тұрады: - əрбір оқушыөзінің іс-əрекетін анықтайды(бұл əріп, буын, сөз, сөйлем, мəтін бөлігі, суреттеме, мінездеме, буын немесе оқулық та- рауы, статья, тарихи құжаттар жəне т.с.с болуы мүмкін); - қасыңдағы оқушымен білім алмастыру рөлдік ойын ォмұғалім – оқушыサ ережесі бойынша. Рөлдерді ауыстыру міндетті түрде қажет. Мұғалім жаңа сабақ тақырыбыныңөз нұсқасын, өзінің жоспарын ұсынады, қойылған сұрақтарға жауап береді, бақылау сұрақтарын немесе тапсырмалар жəне т.с.с ұсынады. Бұл саты білім алмастырумен аяқталады; - жаңағана қабылданған ақпараттыөңдеу жəне өзара оқытуға жаңа жолдас іздеу жəне т.с.с. Орындаған тапсырмалар есебі не жекеше карточкалар немесе