Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет110/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

Сабақтарда оқушылармен топтық жұмыстарды ұйымдастыра
жəне жүзеге асыра келе, белгілі мақсаттарға жете отыра бірнеше
қағидалы мəселелерді шешеді. Олар мынандай қағидаларға
жіктеледі:
1. Пəндерді оқыту барысында сабақтағы топтың əр түрлі
мүмкіндіктері бар екендігін ескеру қажеттілігін талдаулар көрсетеді,
атап айтқанда:
- оқу материалдарын талдауға, салыстыруға жəне бірін-бірі
толықтыруға қатысты тапсырмалар таңдай білу;
- жаттығулар мен есептеулер жүргізілетін тапсырмалар;
- бірнеше варианттық жауаптарынан дұрысын дəлелдеулер
арқылы ақиқатын анықтау;
2. Бірін-бірі түсінетін, бірігіп оқу материалдарын пысықтайтын,
қайталайтын жауаптарына дəлелдер келтіріп, талдау жүргізіп, сапалы
еңбек ететін топты ұйымдастыру. Бұл арада оқушылармен ақылдаса,
білім деңгейлерін ескеріп, жеке психологиялық ерекшеліктерін,
мүмкіндіктері мен қабілеттерін ұмытпаған абзал;
3. Оқушылардың білімдері мен қағидаларына бағалау жасауда
олардың оқу, еңбек ету, талпыну-ұмтылуларын есепке алып, басқа
пəн мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен ақылдасып, еңбек
нəтижелерін салыстыру арқылы тапсырмаларды жүйелі жалғастыру.
Əрбір топта үлгерімдері əр түрлі, талаптары, ынталары түрліше,
ер жəне қыз балалардың 4 жəне 5-тен алынып бірге ойласа жауап
беретін сұрақтар жауаптары тыңдалып, сапалы сұрыптау, талдау
жасалып, түсініктеме беріліп, топтардағы табыстарына қажетті
шарттарына талдау жүргізіліп, қорытынды тұжырымдар жасалады.
Үйге берілген тапсырма жəне жаңа сабақ материалдары
негізінде дайындалған 3 сұрақтан тұратын тапсырмаларға 4
оқушыдан топтасып 6 топ 10-15 минут __________бойына бірлесе отыра,
жазбаша жауаптарын даярлайды. Əрбір топтың жауаптарын басқа
топ мүшелері оқып, бүкіл сынып болып талдап, қорытындылай келе
бағалайды. Ұжымдық жұмыс барысында басты нəтиже: күнделікті
оқып, қайталауға мəжбүр болып, жүйелі оқуға қалыптасады,
тəрбиесі жақсарады.
Сабақтың түрлерін, құрылымын ғылыми жəне əдістемелік
тұрғыдан түрлендіріп оқытулар нəтижелі, мақсатты болатындығын
айтқан жөн. Ұжымдық жұмыс барысында оқушылардың жазбаша
жəне ауызша жауаптарын, олардың қызыға оқып, қайталайтындығын
байқау қиын емес.
Маңыздысы жауаптары жүйелі, формула, түсініктер, мысалдар,
есептеулер түсіне оқуға ұмтылғандарын білдіреді. Ұжымдық оқыту,
жұмыс істеу барысында алда туындайтын қиындықтар жоқ емес,
атап айтқанда бұл жұмысты əдістемелік ұйымдастыруда:
- оқушыларды үлгерімі, тəртіптері, талаптары, ынталары
бойынша бөлуде;
- оқушыларға даярланатын сұрақ тапсырмаларды даярлауда
жəне нəтижелерін талдап бағалауда;
- сабақтың тақырыптарына байланысты əрбір жеке оқушыға
нақты сұрақтар даярлауда күрделі жəне қарапайым, қиын жəне
жеңіл, жай жəне ойландыратын, дəлелдеуді қажет ететін, қорытып
шығаратын, жаза салатын т.б.;
- жұмыстың əрбір кезеңдерін де уақытша ұйымдастырулар,
түрлендірулер;
- əрбір топтың жұмысына объективті жəне негізделген бағалау;
- жұмыс барысында оң нəтижелерді бөліп алу жəне оны игеру,
ұжымды болса дамыту, жетілдіру, іс жүзінде пайдалануға жету жо-
лында еңбек ету.
Сабақты топтық оқытудың педагогикалық мақсаты оқушы-
лардың өз бетінше, əрбір оқушының жеке өзінің оқуын жүзеге
асыруда, олардың танымдық белсенділігін арттыру, əрбір
жеткіншектің қайырымдылығын дамыта түсу, бірін-бірі түсінуге
жеткізіп, сезімталдықтарын жетілдіріп, қол ұшын беруге əзір
екендігін күшейте беру.
Сондықтан сабақтағы топтық жұмыс, ұжымдық тəсіл ең тиімді.
Себебі оқушыларды тегіс сабаққа қатыстыруға көмектеседі.
Жеке бастың толығымен жан-жақты даму үшін жоғары
дамыған ұжым қалыптастыру қажет. Ол үшін шындық негізінде
ұйымдастырылған ұжым қажет. Бұл дегеніміз білім беруде оқыту
үдерісіне қарастырылған əрбір субъект, алдымен оқушылар, əр
бірін, ал əрбірі бəрін оқытып тəрбиелейді. Ұжымдық оқытудың
тəсілі ұжымдық формада, яғни дəстүрлі технологиядан бөлек
ұйымдастырылады.
Ұжым – бұл мүшесі екі адамнан асатын адамдардың бірігуі, егер
педагог бір оқушымен жұмыс істесе, онда бұл оқыту индивидуалды
234 235
болады. Сондықтан бірігуімен өзара көмекке қарамастан оқытудың
жұпталған формасы ұжымдық оқытуға жатпайды.
Негізінде жоғарыда айтылған пікір де мəселені осылай қарауды
талап етеді, яғни қорытып айтсақ ұжымға берілген анықтамалардың
мəнін анықтауға əрекет жасадық, өйткені барлық дидактиканың
категориялары осы ұғым арқылы айқындалады. Сол мақсатпен
біз осы мəселе туралы көптеген арнайы əдебиеттерді зерттеп,
педагогикада көп таралған тұжырымдарға тоқталып талдау жасадық.
Ұжымдықоқыту дегеніміз – ұжым əр мүшесін оқытады
жəне əрбір мүше бəрін оқытады деп түсінеміз. Ұжымサ – оқытуда
əдістемелердің пайда болуы, ұжымサ – бұл мұғалім мен оқушының
қарым-қатынастары болып саналады. Ұжымサ – бұл қарым-қатынас
барысында болатын басқармалы таным.
Талдау қорытындысы бойынша ешбір тұжырымда оқытудың
мəнін ашпайды да, тек сипаттамасын береді немесе оқытудың бір
жағын ғана көрсетеді физиологиялық, психологиялық, бірақ тұтас
оқыту емес. Олардың бəрін оқытудың мəнін ашудағы кезеңдер деп
түсінуге болады.
Ұжымдық оқыту əдістемесін əр түрлі пайдаланады. Қарым-
қатынас құрылымына сəйкес оқытудың ұйымдастыру түрлері бар.
Олар:
1. Жеке дара (жанама түрдегі қатынас);
2. Жұптықұрақты жұптағы қатынас);
3. Топтық (топтық қатынастың құрылымы). Ол қатысушылардың
санына қарап екі түрге бөлінеді: жалпы сыныптық (фронтальдық)
жəне звено-бригадалық;
4. Ұжымдық (ауыспалы жұптағы қатынас).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет