Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет123/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

мектептердің экономикалық базасының жəне мұғалімдердің
ақпараттық сауаттылығының төмендігі.
Сонымен, бастауыш мектептерде компьютерлік технологияны
пайдалану үдерісін одан əрі дамыту үшін аса көңіл бөліп қарайтын
мəселе, осыған сəйкесті педагогикалық бағдарламалық құралдар
жасалынып оқу үдерісінде қолданылса, онда бұл құралдарды
оқушыларды оқыту мен дамыту ісіне тиімді пайдалануға жағдай
жасалады.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Білім беруді ақпараттандырудықалай түсінесіз. Бастауыш
білім беруді ақпараттандырудың қазіргі кездегі жағдайын талдаңыз.
2. Электронды оқулықтарды сипаттап, электронды оқулықпен
жұмыс істеу əдістемесін саралаңыз.
3. Қазіргі заманғы компьютерлердің техникалық мүмкіндік-
терін айқындаңыз.
4. Интерактивті тақтамен жұмыс жасау іскерліктеріңізді
жетілдіріңіз, интерактивті тақта элементтерін сипаттаңыз.
268 269
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Досжанов Б., Альменаева Р. Электрондық оқулықтарды
даярлау əдістері. – Алматы, 2002.
2. Нұрғалиева Г. К. Компьютер əлемі. – Ұлт тағылымы
республикалық ғылыми-педагогикалық __________журналы. – №2, 2012.
3. Апатова Н. В. Информационные технологии в школьном
образовании. – М., 1999.
4. Полат Е. С., Бухаркина М. Ю. Новые педагогические и
информационные технологии в системе образования. Электронды
оқулық. – Академия, 2002.
5. Ошанова Н. Т. Білім беру жүйесінде коммуникациялық
технологиялардың көмегімен оқушылардың дүниетанымдық
көзқарастарын қалыптастыру. – Алматы, 2008.
6. Түсіпова А. Ж. Компьютер – жаңа оқытудың технологиясы. –
Алматы, 2012.
7. Абубаева А. Электронды оқулықтарды пайдалану. – // Инфор-
матика негіздері, №4, 2006.
8. Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі.
//Қазақстан мектебі №6, 2006.
9. Аяжанов С. С., Сатымбекова С. Б. Компьютерлік желілер. –
Алматы, 2011.
10. Соболева Н. Н. и др. Электронный учебник нового поколения.
Информатика и образование №6, 2002.
11. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары.
Алматы, 2005.
12. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар.
Алматы, 2004.
13. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен
оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
14. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология
негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
15. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д.
Ушинского, 2002.
16. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
17. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
13. ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ƏДІСТЕМЕЛІК ЖЕТІЛДІРУ
ЖƏНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ НЕГІЗІНДЕГІ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жоспар:
13.1. Модульдік оқыту технологиясы.
13.2. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясы.
13.1. Модульдік оқыту технологиясы
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту
идеясы алынған.
Оның мазмұнына:
1) оқытудың жалпы мақсатын қою;
2) жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3) оқушылардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық)
бағалау;
4) оқыту əрекеттерінің жиынтығыұл кезеңде жедел кері
байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
5) нəтижені бағалау енеді.
Осының арқасында оқу үдерісі модульдіксипат алып,
құрылымы ортақ, бірақ мазмұны əр түрлі жеке блоктардан жасалады.
Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда
толық меңгеру əдістемесінің негізгі шарттары, құрылып жатқан
педагогикалық технологиялардың негізгі қағидалары ескерілді.
Осыдан келіп мұғалімнің оқу үдерісін құрудағы жұмысының
өзгертуі туындайды. Толық меңгеру əдістемесінде (Дж. Блок,
Л. Андерсан жəне басқалар) əрбір оқу біліктері ауқымында
мұғалімнің қызметі төмендегіше құрылады:
1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру;
2. Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту
жоспарымен таныстыру;
3. Оқытудағы жүргізу (негізінен мұғалімнің оқу материалын
өзі баяндауы түрінде);
4. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру;
5. Тексеріс нəтижелерін бағалау жəне тарау мазмұнын толық
меңгерген оқушыларды айқындау;
270 271
6. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды
жүргізу;
7. Диагностикалық тест өткізу жəне оқу бірлігін толық
меңгерген оқушыларды айқындау.
Модульдік оқыту XX ғасырдың 60 жылдарының аяғынан
бастап ағылшын тілді елдерде дами бастаған. Оның негізгі мəні –
сабақтың жоспары, ақпараттар банкі жəне сабақтың дидактикалық
мақсаттарына қол жеткізуге бағыт беретін əдістемелік нұсқаулардан
тұратын жеке оқу бағдарламасын оқушылардың өзіне ұсынып, сол
бойынша оларға өз бетімен жұмыс жасату. Педагогтың қызметі əр
түрлі болған: ақпаратты игеруге көмектесу, кеңес беру, бағыт беріп
оқушының жұмысын ұйымдастыру жəне бақылау.
Модульдік оқыту модульсөзінен шыққан. Модуль – бұл белгілі
бір функционалдық жүктемесі бар қандай да бір жүйенің өз алдына
жеке бөлігі, бөлшегі. Оқыту теориясында функционалдық жүктеме
болашақ маманның кəсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыруға
қажетті əрекеттердің жəне ақпараттың белгілі бір мөлшері
(дозасы) болып табылады. Осы айтылғандарды ескере отырып,
модульге мынадай анықтама беруге болады: Оқытушы модуль
бұл оқу пəнінің танымдық жəне кəсіби аспектілерден тұратын
мазмұндық бөлігінің жүйелі түрде аяқталған формасы, ол оқушының
берілген модульді толық меңгеруі нəтижесінде қалыптасатын білім,
білік, дағдыларын бақылап, тексерудің тиісті формасымен аяқталуы
тиіс.
Модуль:
 ақпараттардың аяқталған блогынан;
 оқушы іс-əрекеті бағдарламасынан;
 бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген
мұғалімнің нұсқауларынан тұрады.
Модульдер белгілі бір ережелерге сəйкес жасалады, оларға
мыналар жатады:
1) оқытудың мақсаттарын анықтау;
2) қойылған мақсаттарға сəйкес оқу материалының мазмұнын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет