Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет134/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор əсерін тигізеді.
Қорыта айтқанда, оқушының шығармашылық қабілеті практикалық
əрекеттері, іздемпаздығы арқылы дамиды.
Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуын ұқыпты
қадағалап, тəжірибе негізінде жинақтап, өсу динамикасын бақылап,
зерттеуге бастауыш сынып мұғалімдеріне мектеп психологының
көмегі көп тиеді. Психологпен диагностика жүргізіліп, мониторинг
жасалынып, қорытынды шығарылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту проблемасын
ұқыпты қадағалау, оқу үдерісінің тиімді болуында қандай көрініс
табады? Жалпы үлгерім, яғни олардың шығармашылық қабілетін
дамытуға бағытталған жұмыстар білім сапасына əсер етеді.
Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, əдепті, іскер, мейірімді
мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы
білім бере алады.
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту
технологиясы бойынша өткізілетін сабақ құрымын төмендегідей
көрсетуге болады:
Сабақтың мақсаты:
а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;
б) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мəселені зерттеу;
в) ой толғаныс – ойлау үдерісінің ең жоғарғы сатысында мəселені
талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу үдерісін
осындай үш сатыда ұйымдастыру.
Сабақтарда стратегияларды оқу бағдарламасына сəйкес бірізді
жүйелі түрде қолдануға болады. Сабақта жиі қолдануға болатын
əдістер мынадай:
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ – ой-толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу,
т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы
жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол
салынады.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде
оқушылар арасында:
- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-
қатынастың негізі қаланады;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
- бір-біріне құрметпен қарауға;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолда-
рын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады.
Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа
дейінгі жəне кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың
оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы
қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық,
төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны
қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын
сабаққа ендіру бүгінгі таңда əрбір ұстаздың басты мақсаты болуы
керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай
алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл
азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай,
балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын
қарастыру да дəстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын
салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл
жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан
өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз
сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Əйтпесе, жаңа жүйенің
құны болмайды. Енді оқу үдерісін дəстүрлі əдіспен жəне RWCT
жаңа жүйемен өткізгендегі мұғалім мен оқушының іс-əрекеттерін
кесте түрінде көрсетейік.
300 301
Дəстүрлі сабақтар
Мұғалімнің əдістері Оқушының іс-əрекеті
Тақырыпты түсіндіреді Мазмұнын айтып береді
Кейіпкерлер туралы айтып
береді
Кейіпкерге мінездеме береді
Мəтіннің идеясын анықтайды Оқулық бойынша мұғалімнің
түсіндіргенімен байланыстырып
айтады
Мəтіннің көркемдік ерекшелігін
мысалдар арқылы түсіндіреді
Мəтіндегі негізгі сөздерді тауып,
айтып береді, дəптерлеріне
жазады
Тақырыпқа шығарма жазуды
тапсырады
Шығарма жазады
Сабақты қорыту сұрақтары
жалпы қойылады
Жауап береді
RWCT сабақтары
Мұғалімнің əдістері Оқушының іс-əрекеті
Топқа бөліп, ой қозғайды Ұжыммен жұмыс жасайды
Тақырыпқа қызықтырып
бағыттайды
Мəтінмен өздері танысады
Мəтіндегі ең құнды нəрсені
анықтауды ұсынады
Əр түрлі əдістер арқылы мəтінді
зерттейді
Кейіпкердің ерекшеліктерін
тануға бағыттайды
Жеке кейіпкерлерді талдайды,
өздерін олардың орнына қойып,
қарайды, салыстырады
Мəтіннің тілдік ерекшелігі
туралы сұрақ қояды
Əр түрлі əдістер арқылы
шығарманың негізгі мазмұнын
анықтайды
Өз ойларын жазуды ұсынады Ойларын қорытып, оны қағаз
бетіне түсіреді
Ойларын қорытуға бағыттайды Өз тұжырымдамасын жасайды
Осы салыстыру кестелерінен Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту
бағдарламасының негізгі қағидаларының шығармашыл тұлға
қалыптастыруға бағытталғандығы айқындалады. Академик Лернер
бойынша білім-мəліметтер мен деректер, икемділіктер мен дағдылар,
шығармашылық іс-əрекеттер, көңілүй құндылық бағдарларынан
тұрады. Осыны ескерсек, сын тұрғысынан ойлау сабақтарында осы
аталған бағдарлардың іске асып, нəтижесін беретіндігіне күмəн
болмайды.
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында сыни тұрғыдан
ойлау технологиясының тиімділігі
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған қазіргі
заманғы педагогикалық технологиялардың бірі – оқушылардың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет