Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет131/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

қалыптастыра отырып, пəнге деген қызығушылықтарын арттыру
мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі
оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы.
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту
бағдарламасы – əлемнің түкпірүкпірінен жиылған білім
берушілердің бірлескен еңбегі. Технологияның негізін қалаушылар
американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит.
Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшы-
лыққа алады.
Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстан
қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Оқу
мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29
мемлекетте қолданылады.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясының басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде Сыни
тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамытубағдарламасын
іске асыру, балаларға терең білім беру.
Қазіргі заманғы педагогикалық технология ретінде ең озық
əдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан
өнімді нəтиже шығара білу – əрбір ұстаздың басты міндеті.
RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда Сын
тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазудегенді білдіреді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының мақсаты:
барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан
қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім
қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың
ашық қоғам институты, Сорос-Қазақстанқоры арқылы келген
бұл технология орыс жəне қазақ тілдерінде мектеп тəжірибелеріне
енгізілуде.
Сын тұрғысынан ойлауұғымы белгілі бір идеяларды
қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл
септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға
қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен
қарау деп түсіндіреді авторлар. Сыни тұрғыдан ойлау – сынау емес,
шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға,
жоғарғы сынып оқушыларына ғана тəн деп ойлау аса дұрыс
емес. Бастауыш сынып оқушыларының да бұл жұмысты дұрыс
ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып,
белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Сыни ойлау – өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан жəне
шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады.
Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл
құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің
болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп
ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға
үйретеді.
Бұл технология мұғалімдерді несімен өзіне баурап алғандығын
бірнеше сұрақ-жауап ретінде көрсетейік.
Сын тұрғысындан ойлау дегеніміз не?
292 293
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
бағдарламасы бойынша ол:
- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты
мəселелерге сын көзбен қарау;
- күрделі мəселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім
қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан
тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
СТО-ды дамытутехнологиясы немен қызықтырады?
Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік
беретіндігімен.
Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді əдістерінің
/стратегияларының/ көптігімен.
Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.
СТО-ды дамытутехнологиясының өзге технологиялардан
қандай ерекшеліктері бар?
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы
/қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/.
Негізгі үш кезеңінің маңыздылығы.
Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.
«Оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлаусабақтарында мына
мəселелерге назар аударылады:
1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға
жағдай жасау.
2. Қиялын дамыту үшін менің ойымшадеген жауапқа
дағдыландыру.
3. Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауапты соңына дейін
тыңдау.
4. Жеке тұлға ретінде мендеген рөлін көтеру, өз пікірін
қалыптастыру.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамытутехнологиясы үш кезең
бойынша қолданылады:
 Қызығушылықты ояту ( көпір жасау, ой қозғау);
 Мағынаны тану (мағынаны ажырату);
 Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады).
Білім берудің маңызды шарты оқу үдерісінде оқушылардың
қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын
дамыту болып табылады.
Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып
өтейік.
Қызығушылықты ояту. Үйрену үдерісі – бұрынғы білетін жəне
жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды,
түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,
кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған
мəселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан
басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына
тітіркенгіш арқылы əсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін
Топтау, Түртіп алу, Ойлану, Жұпта талқылау, Болжау,
Əлемді шарлау, т.б. деген аттары бар əдістер (стратегиялар)
жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты
үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену – енжарлықтан
гөрі белсенділікті талап ететін іс-əрекет екені даусыз. Оқушы
өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет