болады. Біріншісі – сабаққақызығушылығын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу. Сабақтақолданылатын ойындар: «Бəйге», «Кім жылдам?», «Кім тез табады?», «Ойлан тап!», «Жалғасын айт», «Полиглот», «Не, қайда, қашан?». Ойын барысында оқушының ойлау қабілеті, тапқырлығы дамиды. Модульдік технология мұғалімнің алдында тұрған көптеген мəселелерді шешуге көмектеседі: жалпы білім сапасын жоғарылату; сабақтың тиімділігін жоғарылату; дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау; бастауыш сынып оқушыларының мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау; жеке тұлғаныңөзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тəрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы. Модуль соңында əр модульге сəйкес эсселер жазу ұсынылады. Жазған эсселер сынып алдында оқылып бағаланады. М. М. Жанпеисованың модульдік технологиясы көптеген жылдар ізденісте болған мұғалімдерге мынадай мүмкіншіліктер ашып берді: - өзінің кəсіптік шеберлігінің шыңдалуына жоғарғы деңгейге көтерілуінесебепкер болды; - тілді оқып-үйрену дағдыларынқалыптастыруда одан ары жоғарғы деңгейге көтеруге болатын жолын көрсетті; - оқуүдерісінің дамып жетілуіне мүмкіншілік берді; Оқушыларға: • интерактивті мұғалім-оқушы, оқушы-оқушықарым-қатынас түрін берді. • оқушыларға барынша еркіндік беріліп, өздіктерінен жұмыс істей алатындықтарын дəлелдете білді. Оқушылардыңөз іс-əрекетін бақылау, бағалау мүмкіншілігі туды. • оқушылардың пəнге деген қызығушылығы артты. • өзін-өзі көрсету мүмкіншілігі туды. Осы модульді пайдаланғанда оқушылардың тіл меңгерудегі сенімінің жоғарлағаны, сөйлеу дағдыларының мейлінше еркін 288 289 бола бастағаны, берілген сұрақтарға жауап берулері терең, жүйелі құрылатыны, əңгімелеуге деген ұмтылыстарының əлдеқайда жоғары екендігін байқауға болады. Енді 2 сыныптыңқазақ тілі сабағындақұрылған модульді ұсынамыз. Модуль: Жай сөйлем (10 сағат) Бөлімі Сабақ саны Сабақтың мазмұны Уақыты Кіріспе 1-ші сабақ 1. Модульдіңқұрылысымен, мақсатымен таныстыру. Лексикалық тақырыбы: Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы. Грамматикалық тақырыбы: Жай сөйлем түрлері. 1. Тірек сызбамен тақырыпты түсіндіру 2. Мəтінмен жұмыс 3. Сөздікпен жұмыс 4. Қорытынды, үйгетапсырма 2 Сөйлесу бөлімі 2-ші сабақ Тақырыпты меңгерту Қазақстан экономикасы. Хабарлы сөйлем 1. Мəтінмен жұмыс 2. ォБрейн-рингサ оқытаүйрету ойыны 3. Жаттығу жұмысы 4. Сөздікпен жұмыс 5. Қорытынды, үйге тапсырма 2 3-ші сабақ Кəсіби шеберлік (қадрды жəне құқықтанушы мамандығы бойынша). Сұраулы сөйлем 1. Мəтінмен жұмыс 2. ォҚазымыр оқушыサ оқытаүйрету ойыны 3. Қорытынды, үйге тапсырма 2 4-ші сабақ Қазақ халқының ата кəсібі. Лепті сөйлем. Бұйрықты сөйлем 1. Мəтінді мазмұндап айту 2. Сөздікпен жұмыс 3. ォШеңбер бойымен əңгімелеуサ оқыта үйрету ойыны 4. Қорытынды, үйге тапсырма 2 Қорытынды 5-ші сабақ 1. ォКім жылдамサ оқытаүйрету ойыны 2. Грамматикалық тақырыпты бекіту нəтижесінде ォТапқырларサ ойыны 3. Бір-біріне диктант жүргізу 4. Қорытынды 2 Қорыта келгенде, біздің ойымызша модульдік оқыту технологиясы: - бастауыш сынып оқушысы тұлғасының танымдыққабілет- терін дамытуға; - танымдық процестерін дамытуға; - оқуға жағымдықызығушылыққалыптастыруға; - белсенді сөздікқорын, ауызша жəне жазбаша тілін дамытуға: - тұлғаны қиындықтарға даяр болу жəне білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерінқанағаттандыруға ықпал етеді. Өздік жұмыс тапсырмалары: 1. Модульдік оқыту технологиясына сипаттама беріңіз. 2. Модульдік оқытудың басқа оқыту технологиялардан ерекшелігі мен айырмашылығын тірек сигнал түрінде көрсетіңіз. 3. Модульдік оқытудың мақсатын сипаттап, модульдік оқытудың жүгінетінғылыми идеяларын атаңыз. 4. Модульдік бағдарламаныңқұрылымын сызба түрінде көрсетіңіз. 5. Модульдік оқытудағы мұғалімнің іс-əрекетінің жүйесін саралаңыз. 6. М. Жанспейісова бойынша модульдік оқыту технологиясының құрылымын сипаттаңыз. Ұсынылатын əдебиеттер: 1. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д. А. Қайшыбекова. – Алматы, 2002. 2. Жанпеисова М. М. Модульная технология обучения как средство развития ученика. //Алматы, 2008. 3. Третьяков П. Н., Сенновский И. Б. Технология модульного 290 291 обучения в школе. – М.: Новая школа, 1997. 4. Копжасарова М. Р., Нурахметов Н. Н., Аульбекова Г. Д. Технология модульного обучения – //Халық тəлімі, 2002. – №1. 5. Дьяченко В. К. Новая дидактика. – М.: Народное образова- ние, 2001. 6. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудыңқазіргі технологиялары. Алматы, 2005. 7. ƏбдіғалиевҚ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – Алматы, 2004. 8. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007. 9. ЖүнісбекƏ. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008. 10. Педагогические технологии: Методические рекомендации /Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К.Д.Ушинского, 2002. 11. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 1998. 12. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. – М.: Педагогика, 1990 г. 13.2. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын