Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет135/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

жазу мен оқуда сын тұрғыснан ойлау қабілетін қалыптастыруға
бағытталған əдіс-тəсілдер. Осындай əдістеме негізінде бастауыш
сынып оқушыларына қазақ тілі, əдебиеттік оқу, дүниетану
пəндерінен терең де тиянақты білім беруге болады.
Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың
дамытушылық, тəрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып жəне осы
жүйені қолдану барысында қазақ тілі, əдебиеттік оқу, дүниетану
сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады.
Бастауыш мектептің оқу үдерісінде сабақтарды Сыни
тұрғыдан ойлаутехнологиясы стратегиялары негізінде құрып
оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тəсілін бастауыш сынып мұғалімі
іс-тəжірибесіне енгізу нəтижесі оқушылардың бойында мынадай
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.
Əрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен
жəне ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы)
қабылдауға үйренеді;
Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді /мағынаны тану
кезеңінде/;
Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;
Өздеріне белгіліні пайдалана алады;
Өз біліміне сүйеніп, мəселенің шешімін дұрыс тауып, ойын
жеткізе біледі, яғни Мендеген сөзді ұғады.
302 303
Сызба
СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
􀉀􀉈􀔐􀈺􀉊􀉕
􀈾􀈿􀔘􀈽􀈿􀉃􀈾􀈿􀈽􀈱
􀉈􀉃􀉅􀈺􀉍
􀉋􀉂􀉉􀈺􀉌􀉌􀈺􀉆􀈺􀉋􀉕
􀈺􀈾􀈺􀉆􀉇􀈺􀉇
􀔔􀈺􀉀􀈿􀉌 􀈿􀉌􀈿􀈾􀈱
􀉪􀉟􀉮􀉥􀉟􀉤􀉫􀉢􀉜􀉬􀉿
􀉛􀉚􀔑􀉚􀉥􀉚􀉭
􀉛􀉚􀔑􀉵􀉬􀉬􀉚􀉥􀔑􀉚􀉧
􀉦􀉚􀔕􀉫􀉚􀉬 􀔕􀉨􀉸
􀉲􀉵􀔑􀉚􀉪􀉦􀉚􀉲􀉵􀉥􀉵􀔕
􀉚􀉧􀉚􀉥􀉢􀉬􀉢􀉤􀉚􀉥􀉵􀔕
􀉤􀉨􀉧􀉫􀉬􀉪􀉭􀉤􀉬􀉢􀉜􀉬􀉿
􀉋􀉚􀉥􀉦􀉚􀔕􀉬􀉵,
􀔧􀉥􀉲􀉟􀉦􀉞􀉿
􀉥􀉨􀉝􀉢􀉤􀉚􀉥􀉵􀔕
􀈻􀉚􀉫􀉵􀉦􀉞􀉵􀔕-
􀉬􀉚􀉪􀉞􀉵
􀉚􀉧􀉵􀔕􀉬􀉚􀉣 􀉚􀉥􀉭
􀉀􀉟􀉤􀉟
􀉠􀉚􀉭􀉚􀉩􀉤􀉟􀉪􀉲􀉿-
􀉥􀉿􀉤􀉬􀉿
􀔕􀉚􀉛􀉵􀉥􀉞􀉚􀉭
􀈺􀔕􀉩􀉚􀉪􀉚􀉬􀉩􀉟􀉧
􀉠􀔝􀉦􀉵􀉫 􀉠􀉚􀉫􀉚􀉭
􀉦􀔥􀉞􀉟􀉧􀉢􀉟􀉬􀉿􀉧􀉿􀔙
􀉛􀉨􀉥􀉭􀉵
􀉈􀉣􀉥􀉚􀉭
􀔛􀉪􀉞􀉿􀉫􀉬􀉟􀉪􀉿􀉧
􀉛􀉚􀔑􀉚􀉥􀉚􀉭
Осындай сабақ барысында оқушылар өздерінің, бір-бірінің ой-
пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады.
Сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше
білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқушылар мұндай сабақтарда оқудың қызықты əрі жеңіл өтетіндігін,
ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі,
əрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға
арналған оқытудың əдіс-тəсілдері оқушыларға құбылыстардың
себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың
сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми біліміндегі орнын
аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Сабақ барысында
оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін жетілдіруге,
дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға
мүмкіндік береді. Тақырыптың негізі өзегін, бағытын, мəн-
мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын қысқа,
мазмұнды, мағыналы баяндауға дағдыланады, пəнге қызығушылығы
артады, ғылым негіздерін игеру əдістерін меңгереді, сөйтіп өзін
келесі мəселені талдауға дайындайды.
Осындай əдіспен бастауыш мектептің дүниетану сабақтарында
оқушыларға Гүл өсімдік сəукелесітақырыбы бойынша өткізілген
сабақ жоспары төмендегідей мазмұнда жасалды.
Сабақтың білімділік, дамытушылық, тəрбиелік мақсаттары
белгіленді. Мұнда гүлдің тірі табиғат өкілі екенін дəлелдеу, оның
мүшелері, атқаратын қызметі жəне оған қажетті жағдайлар жасау
жөнінде түсінік беріледі.
Сабақта суреттер, альбомдар, жұмбақтар, нобайлар қолданы-
лады. Оқушылар топтарға бөлінеді, əр топтың қорғайтын, дəлелдей-
тін Гүл өсімдік сəукелесі, Гүл табаны, Аталық, Аналық
сияқты тақырыптары белгіленді. Топ оқушылары берілген
тақырыптар жөнінде білгендерін, оқығандарын, өз ойларын
ортаға салды, бір-бірлерін сынады, толықтырды, теріс айтылған
пікірлер түзетілді, шалағай жауаптардың мазмұны кеңейтілді.
Нəтижесінде ұжымдық тұжырым, қорытынды жасалды, осы
қорытынды тірек-сызба түрінде көрсетіледі.
Бастауыш мектептің əдебиеттік оқу пəнін оқытуда сыни
тұрғыдан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалану
барысында мұғалім оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып,
олардың іс-əрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік, дербес
ізденуге баулып, əрбір оқушыны өз беттерімен көркем туындыны
оқуға, талдауға, бағалауға жетелеу қажет. Сонымен қатар Сыни
тұрғыдан ойлаутехнологиясы дайын білімді қайталап айту емес,
оны өз белсенділіктері бойынша алуға тəрбиелейді. Оқушылардың
өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза
білуге үйретеді.
Бастауыш мектептің оқу үдерісіне сыни тұрғыдан ойлау
стратегияларын пайдалану оқушыларды проблемалық сұрақтарды
бөліп алу, əзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз
304 305
беттерімен талдау, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау жұмыстары
балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.
Қорыта айтқанда, сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы бойынша
жүргізілген сабақтарда бастауыш сынып оқушылары іздеудің мəн-
жайына қанығады, білімді тереңінен айтуға төселеді, дəлелдер
келтіру, дəлелдеу тəсілдеріне жаттығады, теория мен практика
бірлігін игереді, жеке жəне топпен бірлесіп, мəселе түйінін шешіп,
жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға,
өткір сындарды тыңдап, одан тиісті қорытындылар жасай білуге
машықтанады.
Сонымен қатар Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамытужобасында жұмыс жасайтын бастауыш сынып мұғалімдері
бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз
бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал
ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты,
жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін,
білімнің тереңдігі, əрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет