Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары



Pdf көрінісі
бет105/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   154
Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары 
1. 
Тұлғаның 
əлеуметтік-психологиялық 
шарттарының 
қалыптасуы.
2. Отандық жəне шетелдік психологтардың еңбектеріндегі 
тұлғааралық өзара əрекеттестік мəселесінің зерттелу жағдайлары.
3. Үйлесімді қарым-қатынастың жастардың тұлғалық 
жағынан қалыптасуындағы рөлі. 
Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) 
тақырыптары
1. Студенттердің тұлғалық белсенділігін жетілдіру – тұлға 
ретінде қалыптасуының маңызды факторларының бірі.
2. Жасөспірімдік шақта кəсіби – өзі анықтауға дайындығы
жəне мамандық таңдауының психологиялық ерекшеліктері.
Реферат тақырыптары
1. Жасөспірім жастағы ұлдар мен қыздардың психикалық 
даму ерекшеліктері.
2. Жасөспірімдердің отбасылық өмірге дайындығының 
мəселелері.
3. Жасөспірімдердің интеллектуалдық дамуы мен 
тəрбиесіндегі оқытудың рөлі.


310
4.9. Ересек жас шамасы
Жоспары:
1. Есею белгілері жəне ересектік жас шамасын кезеңдерге 
бөлу мəселесі
2. Ересектік жас шамасындағы дағдарыстар
3. Егде жастағылармен психологиялық алдын алу 
жұмысын жүргізудің сатылары
1. Есею белгілері
Ересектік өмір циклінің ең ұзақ əрі едəуір аз зерттелген фа-
засы. Ересек адамды əлі есеймеген адамнан ажыратуға мүмкіндік 
беретін белгілердің анықталуы біршама қиындықтарды ту-
дырады. Ересектіктің табиғаты əлеуметтік-тарихи жəне 
тікелей хронологиялық жаспен анықталмайды. Тұлғаның 
жауапкершілікті, қисынды шешімдерді қабылдай алуы, басқа 
адамдарға жанашырлық танытуы, фрустрациясын жеңіп
əлеуметтік рөлді алып жүруі психологиялық есеюінің белгілері бо-
лып табылады. Психологиялық тұрғыдан есею: өзін-өзі жетілдіру 
қабілетімен (А. Маслоу) еңбекке, оқуға, жанұяға, саясатқа, дінге 
жəне мəнді белсенділіктің басқа да түрлеріне енудің негізінде Мен 
сезімінің кеңеюі; басқаларды эмоциялы қабылдауымен; эмоциялы 
қауіпсіздік шешімімен; ақиқатты жəне өз-өзін тұлға ретінде бара-
бар қабылдауымен; өмірлік философиясымен (Г. Оллпорт) сипат-
талады.
Ересектік жас шамасын кезеңдерге бөлу мəселесі
Ересектік кезеңі ерте ересектікті (жастық шақ), орта 
ересектікті, кеш ересектікті (қартаю, қарттық жəне ұзақ өмір 
сүру) қамтиды. Хронологиялық, биологиялық, əлеуметтік жəне 
психологиялық жасты жіктеу қажеттігін ескере отырып, ересектікті
анықтаудың белгілері мен оны кезеңдерге бөлу мəселесі туын-
дайды. Адам ересек жасқа келгенде оның психикалық дамуының 
сипаты – əлеуметтік-мəдени тəжірибені меңгеру формасындағы 
дамудан, мəдениетті жəне өзін-өзі қалыптастыру формасындағы 
дамуға дейін өзгереді. Егер балалық шақта əлеуметтену үдерісі 


311
жетекші болса, ересектікке тұлғаның даралану үдерістері басым 
болады (К. Г. Юнг). Оның шығармашылық белсенділігі, фило-
софиямен, өнермен, рухани тəжірибемен жəне т.б. айналысуы іс-
əрекеттің негізі болып табылады.
Жас ерекшеліктерінің қалыпты дағдарысын мойындау 
– ересек жастарды кезеңдерге жіктеудің келесі мəселесі бо-
лып табылады. Қалыпты дағдарыстар тұрақты кезеңдер сияқты 
əлеуметтік-тарихи, мəдени табиғатқа ие. Дағдарыс тұлғаның 
жеке таңдау еркіндігі жағдайларында өзін-өзі жетілдіру жо-
лына түсу қажеттігі пайда болғанда ғана орын алады. Адамның 
кез келген таңдауды жүзеге асыруы бір уақытта өзін-өзі шек-
теу жəне жеке басының жауапкершілігін қабылдауы. Бұдан 
«өміріне көз жүгіртіп, қорытындылаудың» құнды-мағыналы 
дағдарыстар ретінде тұлға дамуының қалыпты дағдарысының 
қажеттігі туындайды. Л. И. Анцыферова тұлғаның əлеуметтік 
даму ырғақтарының тездеуінен өмірде алға қойылған міндеттерді 
шешуде мамандану деңгейінің сəйкес келмеуін сезінуі ересек 
жастағылар дағдарысының себебі деп есептейді. Автордың ойын-
ша дағдарыстан шығу жолы тұлғаның үздіксіз білім алуы мен 
өзін-өзі жетілдіруінде. 
Ересектік кезеңдегі дағдарыстарды балалық шақтағы 
дағдарыстардан ерекшеліктерінің бірқатар белгілері бар. 
Біріншіден, олар жас ұлғайған сайын психикалық даму ырғағының 
төмендеуінен сирек кездеседі. Екіншіден, олар балалық шақтағы 
дағдарыстар сияқты айқын түрде хронологиялық жасқа байланыс-
ты бола бермейді. Дəл осы жағдай ересектіктегі дағдарыстардың 
кезедесу-кездеспеуі жөніндегі қызу пікірталастардың себебіне 
айналды. Үшіншіден, балалық шақтағы дағдарысқа қарағанда 
сыртқы бақылаудан жасырын ішкі жоспарда саналы жүреді. Жас 
ерекшеліктерін жіктеу үлігілерінде ересектіктегі дағдарыстар де-
ген атауға ие болды. 
Р. Хевигхерст жастық шақтың дамуына қажетті төмендегідей 
міндеттерді көрсетеді:
1) некелесетін серігін іздеу жəне отбасын құру;
2) отбасы жүйесін қалыптастыру (жанұядағы құндылықтарды 
құру, жанұяның рөлдік құрылысын қалыптастыру);
3) ата-аналық қызметтерді жəне балалар тəрбиесін жүзеге 
асыра бастау;


312
4) отбасы үшін жауапкершілікті қабылдау;
5) кəсіби мансаптың дамуы;
6) əлеуметтік қатынастардың дамуы жəне азаматтық 
жауапкершілікті сезіну.
Р. Гоулд дамудың міндеттеріне ата-анадан тəуелсіздікке ие 
болып, өзін-өзі зерттеуді, ал Г. Шихи теңдестірудің ары қарай да-
муын қосады.
Ересектіктің даму міндеттері:
1) балаларға көмектесу;
2) əлеуметтік жəне азаматтық міндеттерді орындау;
3) кəсіби міндеттерді қанағаттанарлық орындау;
4) дем алу мен бос уақытты өткізу түрлерінің дамуы;
5) физиологиялық өзгерістерді қабылдап, оларға бейімделу;
6) қартайып келе жатқан ата-аналарға бейімделу (Р. Хевиг-
херст);
7) өмір арасындағы дағдарысты күйзелу;
8) Мен тұжырымдамасының қайта құрылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет