Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет105/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   258
,,,
,,
,
ǛȄǶȄȁǻȄá
ǏédzǻǮǵǮ
âǩDzǻǩ áǩǴǸȄǶǩ dzǮǴǼ
ǏǏǏ
50-суретДене жүктемелері қарқындылығының ЖЖЖ-не ықпалы 
(L. Droucha бойынша):
І – жеңіл жүктеме;
ІІ – орташа жүктеме;
ІІІ – ауыр жүктеме


201
Төзімді спортшыларда ЖЖЖ төмендеуі систолалық қан 
көлемінің ұлғаюы есебінен өтеледі. Тыныштық күйде неғұрлым 
ЖЖЖ төмен болса, соғұрлым систолалық қан көлемі жоғары бо-
лады. Егер систолалық көлем жаттықпаған адамдарда тыныштық 
күйде орта есеппен, 70 мл болса, ал жоғары білікті спортшыларда 
(тыныштық күйде ЖЖЖ 40-45 екп/мин) 100-120 мл болады.
Систолалық көлем төзімділікке ұзақ қарқынды жаттықтыру 
нəтижесінде біртіндеп артады жəне жүректегі екі негізгі 
өзгерістердің: жүрек қуысы көлемінің ұлғаюы (дилятация) жəне 
миокардтың жиырылу қабілетінің жоғарылауы салдары болып та-
былады.
Қарынша көлемінің ұлғаюы арқасында оның соңғы диастолалық 
көлем, яғни қарынша сыйдыра алатын максималды қан көлемі де 
өседі, функциялық қалдық сыйымдылығы, яғни систола аяқталған 
соң қарыншада қалған қан мөлшері жоғарылайды жəне қарыншадағы 
қанның резервті көлемі, яғни функциялық қалдық сыйымдылық пен 
қанның қалдық көлемі арасындағы айырмашылығы жоғарылайды. 
Қанның резервті көлемі жүректің функциялық резервінің өлшемі 
болып саналады: неғұрлым бұл резерв көп болса, бұлшық ет жұмысы 
кезінде əр жиырылған сайын соғұрлым жүректен айдалатын қан 
көбірек болады. В. Л. Карпман мəліметтері бойынша ол спортшы-
ларда спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда тыныштық 
күйде систолалық көлемнің жоғары болғанына қарамастан сол жақ 
қарыншаның толық (əрине, диастолалық) көлемінен біріншілерде 
50%-дан аз, ал екіншілерінде 80% жуық болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет