Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жүрек жұмысының максималды көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет106/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   258
Жүрек жұмысының максималды көрсеткіштері максималды 
аэробтық жүктемені (ОМП деңгейінде) орындау кезінде тіркеледі. 
Үлкен ОМП тек жоғары максималды жүректің минуттық қан 
көлемі (МҚК) спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда екі 
есе жоғары болатын спортшыларда ғана болуы мүмкін. Мəселен 
тредбанда жүгіру кезінде айтулы швед шаңғышыларында ОМП 
деңгейінде жүректің минуттық қан көлемі орта есеппен 38 л/мин, ал 
солардың 6,24 л/мин. ОМП жоғары біреуінде 42,3 л/мин. (81,1 мл/
кг-мин) болған.
Максималды ЖЖЖ тіпті, ұзақ емес төзімділікке жаттықтыру 
нəтижесінде біршама, бірақ өте айтарлықтай емес 3-5 екп/
мин-қа төмендейді. Жоғары білікті спортшыларда спортпен 
шұғылданбайтын адамдарға қарағанда 10-15 екп/мин. төмен бо-


202
латын максималды ЖЖЖ көбіне, 185-195 екп/мин. тең болады 
(10-кестені қараңыз). Бұл ұзақ көп жылдар бойы жаттықтыру 
сияқты конституциондық (туа пайда болған) ерекшеліктер салдары-
нан да болуы ықтимал. Максималды ЖЖЖ төмендеуіне жүректің 
өзінің көлемінің ұлғаюы да əкелуі мүмкін. 
Спортшыларда максималды жүректің минуттық қан көлемі 
систолалық көлемнің артуы есебінен жоғарылайды. Систолалық 
көлем қаншалықты дəрежеде артса, соншалықты максимал-
ды жүректің минуттық қан көлемі жəне сəйкесінше ОМП да 
жоғарылайды. Систолалық көлемнің артуы – бұл жүрек-тамыр 
жүйесі жəне тұтас барлық оттегі тасымалдау жүйесі үшін төзімділік-
ке жаттықтырудың басты функциялық нəтижесі.
Төзімділіктің көрінуін қажет ететін спорт түрлерінің үздік 
өкілдерінде максималды систолалық көлем 190-210 мл-ге дейін жет-
се, ал жаттықпаған ер адамдарда көбіне, 120-130 мл-ден аспайды. 
Салыстырмалы төмен ЖЖЖ кезіндегі жоғары систолалық көлем ең 
бастысы ұлғайған оттектік пульсті, яғни жүректің əр жиырылуына 
келетін тұтынған оттегі мөлшерін анықтайды. 
Ұлғайған максималды систолалық көлем ең əуелі:
1. Жүрек қуысының (қарыншаларының) үлкен мөлшері, яғни 
ұлғайған қарыншалардың соңғы-диастолалық жəне функциялық 
қалдық сыйымдылығы;
2. Атап айтқанда, салыстырмалы жоғары қан айналымдағы 
қанның жалпы көлемі мен қанның орталық көлемі есебінен 
қамтамасыз етілетін жүрекке қанның веноздық қайтарылуының 
ұлғаюы;
3. Қарыншалардың неғұрлым толық босауын, яғни неғұрлым 
жаттыққан жүректің қанның резервті көлемін толық пайдалану-
ын қамтамасыз ететін миокард жиырылғыштығының жоғарылауы 
арқасында мүмкін болады.
Сонымен қатар жаттықпаған адамдарда систолалық көлем 
көбіне, ОМП 40%-ға дейін жұмыс жүктемесінің артуымен 
өсетінін атап өткен жөн. Жүктемені əрі қарай жоғарылату кезінде 
ол айтарлықтай өзгермейді жəне жүректің минуттық қан көлемі 
ЖЖЖ артуы есебінен өседі. Жаттыққан спортшыларда систолалық 
көлем көбіне, максималды аэробтық жүктемеге дейін артады. Бұл 
олардағы систолалық көлемнің өсуі (ЖЖЖ жоғарылауымен бірге) 
максималды аэробтық жүктемеге дейін үлкен қуаттылықты жұмыс 


203
кезінде жүректің минуттық қан көлемінің артуының резерві болып 
табылатындығын көрсетеді. Бұдан басқа спортшы жүрегінің əр жи-
ырылуы кезінде тіпті, ЖЖЖ 185-190 екп/мин. болғанның өзінде 
қанның көп көлемін айдауға қабілетті екенін көруге болады. Бұл тек 
миокардтың жоғары жиырылғыштығының арқасында ғана мүмкін 
болады. Əлі неғұрлым жоғары ЖЖЖ кезіндегі систолалық көлемнің 
диастоланың (босаңсу уақыты) жəне (немесе) систоланың (жиыры-
лу уақыты) критикалық қысқаруынан азаюы ықтимал. Бұл жақсы 
жаттыққан спортшыларда неліктен максималды ЖЖЖ 190 екп/мин-
тан сирек асатындығын түсіндіреді.
Оттегі пайдалануы бірдей максималды емес аэробтық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет