Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жүрек-тамыр немесе қан айналу жүйесі



Pdf көрінісі
бет102/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   258
Жүрек-тамыр немесе қан айналу жүйесі
Барлық дені сау адамдардағы сияқты спортшыларда сыртқы ты-
ныс алу оттегіні пайдалану жылдамдығын лимиттемейді, оттегі та-
сымалдау мүмкіндіктері негізінен қан айналу мүмкіндіктерімен, ең 
алдымен, жүректің тамырлар бойымен қанның көп мөлшерін айдау 
қабілетімен анықталады. Осылайша қаннан оттегі алатын жұмысшы 
бұлшық еттер жəне альвеолалық ауадан оттегі қапсырылатын өкпе 
арқылы қанайналымның жоғары көлемді жылдамдығы қамтамасыз 
етіледі.
Жүрек жұмысы көрсеткіштері. Фик теңдеуіне сəйкес оттегі 
пайдалану (О
2
П) жүректің минуттық қан көлеміне жəне оттегі бо-


197
йынша артерия-веналық айырмасына (АВА-О
2
) тура тəуелділікте 
болады: О
2
П=МҚКхАВА – О
2
. Өз кезегінде жүректің минуттық қан 
көлемі систолалық қан көлемінің (СҚК) жүректің жиырылу жиілігіне 
(ЖЖЖ) көбейтіндісі ретінде анықталады: МҚК=СҚКхЖЖЖ.
10-кестеде төзімділікке жаттыққан спортшылар мен жаттықпа-
ған ер адамдардың оттегі тасымалдау жүйесінің осы негізгі 
функциялық көрсеткіштерінің орташа мəліметтері көрсетілген.
Осы мəліметтер бойынша жоғары білікті спортшылардың 
үлкен аэробтық мүмкіндіктері (ОМП) негізінен систола кезінде 
қарыншаның əр жиырылуы кезінде шыққан қан мөлшерінің, яғни 
жүректің систолалық қан көлемінің (СҚК) артуы есебінен жететін 
жүректің минуттық қан көлемінің көп болуын қамтамасыз етуге 
қабілетті жүректің жоғары қызметімен анықталады. 
Тыныштық күйде жүректің жиырылу жиілігі спортшыларда 
(50-55 екп/мин) жаттықпаған адамдармен салыстырғанда төмен 
болады. Экстра класс өкілдері спортшыларында (шаңғышы-
жарыскерлерде, веложарыскерлерде, марафоншы желаяқтарда) 
ЖЖЖ минутына 30-35 рет болады. ЖЖЖ жас, жыныс, қоршаған орта 
жағдайлары, дене қалпы сияқты көптеген факторларға байланысты 
(11-кесте). Дене жүктемесі жүректің минуттық қан көлемінің арту-
ын қамтамасыз етілуіне қажетті ЖЖЖ жоғарылауына əкеледі. Бұл 
көрсеткіш жүктеме тестілерін жүргізудегі маңызды көрсеткіштердің 
бірі ретінде қолданылады. ЖЖЖ мен жұмыс қарқындылығы ара-
сында сызықтық тəуелділік байқалады (50-сурет).
Тыныштық күйде жаттыққан спортшыларда оттегі пайдала-
ну жылдамдығы, жүректің минуттық қан көлемі жəне АВА-О
2
мəні бойынша жаттықпаған адамдардың осы көрсеткіштерінен 
ерекшеленбейді. Бірдей минуттық қан көлемі кезінде төзімділікті 
жаттықтыратын спортшыларда спортпен айналыспайтын не-
месе жылдамдықты-күштік спорт түрлерімен шұғылданатын 
спортшыларға қарағанда ЖЖЖ 10-20 екп/мин. төмен болады.
ЖЖЖ төмендеуі (брадикардия) төзімділікке жаттығудың ар-
найы əсері болып табылады (ЖЖЖ тыныштық күйде 30 екп/мин, 
«рекордтық» ЖЖЖ тыныштықта 21 екп/мин. төмен болуы мүмкін). 
Тыныштық күйдегі брадикардия дəрежесі ұзақ қашықтыққа 
жүгірудегі (стайер) спорттық дəрежелермен жəне ОМП-мен 
өзара жақсы байланысады (корреляция): тыныштық күйде ЖЖЖ 
неғұрлым төмен болған кезде орта есеппен, ОМП жəне спорттық 
нəтиже жоғары болады.


198
10-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет