196
Қан глюкозасы. Спортшылар мен спортпен шұғылданбайтын
адамдарда тыныштық күйде қандағы глюкоза концентра-
циясы бірдей. Салыстырмалы қысқа мерзімдік төзімділікке
жаттығулар кезінде тыныштық деңгейіне қатысты ұлғаю тенден-
циясы байқалады, ал ұзақ жаттығулар кезінде біртіндеп төмендеу
(тыныштық күйде 80-100 мг%-дан 50-60 мг%-ға дейін) көрініс
береді. Төзімділікке жаттықтыру нəтижесінде қандағы глюкоза
концентрациясының мұндай төмендеуі азая бастайды, кешірек пай-
да болады жəне қандағы глюкоза мөлшерінің төмендеуі (гипогли-
кемия) кезіндегі жұмыс кезеңі неғұрлым ұзарады. Жоғары білікті
спортшыларда тіпті, марафондық жүгіруден кейін де қандағы глю-
коза концентрациясының төмендеуі байқалмайды.
Қорытындылай келе, жаттықтыру үдерісінде жүретін жəне
төзімділіктің жоғарылауына əкелетін қандағы негізгі өзгерістер:
1) қан айналымдағы қан көлемінің ұлғаюына (көп мөлшерде
эритроциттерге қарағанда плазманың жалпы көлемінің жоғарылауы
есебінен, яғни гематокрит төмендеуінен);
2) максималды емес аэробтық жүктеме кезінде жұмыс
лактацидемиясының (жəне сəйкесінше ацидемия) төмендеуіне (жал-
пы түрде мұны анаэробтық табалдырықтың жоғарылауы ретінде
анықтауға болады);
3) максималды аэробтық жүктемелер кезінде жұмыс
лактацидемиясының (жəне сəйкесінше ацидемия) жоғарылауына
келіп тіреледі.
Достарыңызбен бөлісу: