Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Табалдырықтық жаттығу жүктемелері



Pdf көрінісі
бет122/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   258
Табалдырықтық жаттығу жүктемелері
Барлық жаттығулар тіптен, жүйелі түрде орындалған дене 
белсенділігі де жаттықтыру ретінде қарастырылуы мүмкін, себебі 
егер жүйелі функциялық жаттығу жүктемелері табалдырықтық 
жүктемеге жетсе немесе одан асса ғана тұтас организмнің жəне 
оның жеке жүйелері мен мүшелерінің қызметтік мүмкіндіктерінің 
жоғарылауы, яғни жаттығу əсерлері байқалады. Мұндай 
табалдырықтық жаттығу жүктемесі қарапайым (күнделікті 
тұрмыстық немесе үйреншікті жаттығу) жүктемеден жоғары бо-
луы тиіс. Сондықтан табалдырықтық жүктемелер қағидасын көбіне, 
жүктемеден өсіп отыратын прогрессивті қағида ретінде қарастырады. 
Табалдырықтық жаттығу жүктемелерін таңдау кезінде 
бағынатын ереже бойынша олар сол адамның аталмыш жаттығулар 
үшін жетекші жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерімен белгілі бір 
сəйкестікте болуы қажет. Мəселен, қандай да бір жаттығу жүктемесі 
аз жаттыққан адам үшін табалдырықтық немесе табалдырықтан 
жоғары жүктеме болғанымен де, жақсы жаттыққан спортшы үшін 
табалдырықтан төмен болып ықпал етпеуі мүмкін. Сондықтан да 
индивидуализациялаудың (жеке-даралаудың) педагогикалық прнципі 
айтарлықтай шамада табалдырықтық жүктемелердің физиологиялық 
принциптеріне сүйенеді. Бұл үшін жаттығу жүктемелерін анықтау 
кезінде оқытушы немесе жаттықтырушы дене шынықтыру мен 
спортпен айналысушының физиологиялық мүмкіндіктері жайында 
жеткілікті мағлұматтарды білуі тиіс. 
Жүктемені біртіндеп арттыру педагогикалық принципі де 
табалдырықтық жүктемелердің физиологиялық принциптерінің сал-
дары болып табылады, өйткені табалдырықтық жаттығу жүктемесі 
шұғылданушы адамның қызметтік мүмкіндіктерінің жоғарылау ба-
рысымен біртіндеп ұлғайып отыру керек. 
Жаттығудың 
түрлі 
міндеттерін 
(дене 
дайындығының 
жоғарылауы, спорттық нəтиженің өсуі, денсаулық күйінің жақсаруы, 
сырқаттанудан немесе зақымнан кейін жұмысқа қабілеттіліктің 
қалпына келуі жəне т.б.) шешу үшін, сонымен қатар жасы, жыны-
сы жəне жаттығу дəрежесі əртүрлі адамдар үшін табалдырықтық 
жүктемелер бірдей болмайды. Мəселен, спортшылар спорттық 
нəтижелерді жоғарылату мақсатында қолданатын салыстырмалы 


236
жəне əсіресе абсолюттік табалдырықтық жүктемелер денсаулық 
күйін жақсарту мақсатында дене шынықтырумен айналысатындар 
пайдаланатын жүктемелерден айтарлықтай көп болады. Бірдей емес 
табалдырықтық жүктемелер бір жағдайда қызметтік мүмкіндіктерді 
(дене дайындығын) арттыру үшін жəне басқа жағдайда ол қол жет-
кен деңгейді ұстап тұру мақсатында қолданылады. 
Дене жүктемесінің негізгі параметрлері оның қарқындылығы
ұзақтығы мен жиілігі болып табылады. Бұл көрсеткіштердің 
барлығы бірге жүктеменің көлемін анықтайды. Бұл параметрлердің 
əрқайсысы жаттығу əсерінің көлемін анықтауда жеке өзіндік 
рөл атқарса да, алайда, олардың өзара ықпалдары аса күрделі 
болғандықтан, олардың əрбірінің салыстырмалы маңызы мен өзара 
алмасу дəрежесін бөліп көрсету аса қиын. Дене жүктемесінің 
əрбір параметрінің рөлі айтарлықтай шамада жаттығу əсері туралы 
бағалайтын көрсеткіштерді таңдауға байланысты. 
Дене жүктемесінің оптималды (табалдырықтық) параметрлері 
ОМП жоғарылату мен дене салмағын (май массасын) азайту 
мақсаттарында жаттығу əсерін анықтауда бірдей болмайды. 
Табалдырықтық дене жүктемелер параметрлерінің салыстыр-
малы маңызы, сонымен қатар жаттығулар (күштік, жылдамдықты-
күштік, төзімділік, техникалық немесе ойын) түріне жəне жаттығулар 
(үзіліссіз циклдік немесе интервалды қайталау) сипатына тəуелді 
болады.
Жаттығу жүктемелерінің қарқындылығы
Төзімділікті 
жаттықтыру 
үдерісінде 
ауқымды 
циклдік 
жаттығуларды 
орындау 
кезінде 
жүктеме 
қарқындылығын 
анықтаудың бірнеше физиологиялық əдістері бар. Тура əдіс О
2
пай-
далану жылдамдығын абсолютті (л/мин) немесе салыстырмалы 
(ОМП %) өлшеу немесе метаболизмдік эквивалент бірлігін анықтау 
арқылы орындалады. Қалған барлық əдістер жанама əдістер. 
Олар аэробы жүктеме қарқындылығы мен оны орындау кезіндегі 
физиологиялық көрсеткіштер арасындағы белгілі бір байланысты 
анықтауға негізделген. Мұндай көрсеткіштер ретінде ЖЖЖ мен ана-
эробты табалдырық ең көп пайдаланылады. Көп зерттелінгендіктен 
жəне қарапайымдылығына байланысты көбіне, ЖЖЖ қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет