Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жаттықтыру үдерісінің физиологиялық негіздері



Pdf көрінісі
бет120/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Жаттықтыру үдерісінің физиологиялық негіздері
Организмнің 
дене 
сапалары 
дамуы 
мен 
қызметтік 
мүмкіндіктерінің өсуі нəтижесінде, жалпы (арнайы емес, 
мамандандырылмаған) дайындық базасында ғана таңдаулы спорт 
түрінде спортшы дайындығының мамандандырылған түріне ал-
масуы жүзеге асырылады. Бұл үдеріс мүмкіндігінше үздіксіз болу 
қажет, яғни үзілістер болмауы шарт, өйткені жүйелі түрде өткізілген 
сабақтардағы үзілістер осыған дейін меңгерілген қимыл дағдылары 
мен қол жеткізген қимыл əрекеттерінің сапалық көрсеткіштері 
деңгейінің дереу төмендеуіне əкеледі. Мысалы, жасөспірімдерде 
бір жыл жаттығу барысында қол жеткізген бұлшық ет күшінің өсуі 
жаздық демалыстан кейін толығымен жойылатындығы анықталған 
(Солодков А.С., 1999). 


233
Жаттығу үдерісінің циклділігі арнайы жұмысқа қабілеттіліктің 
ең жоғары деңгейге өтуінің дайындық кезеңдері (3-4 ай) барысында 
біртіндеп жүзеге асырылуымен байланысты. Жарыс кезеңдерінде 
спортшы жұмысқа қабілеттіліктің жоғары деңгейіне жетеді, 
алайда, бұл қол жеткен адамның функциялық жəне психикалық 
мүмкіндіктерінің ең жоғары деңгейін тек шектеулі уақыттарда (4-5 
айдан көп емес) ғана ұстап тұра алады. Осыдан кейін белгілі бір 
тынығу қажет жəне басқа əрекет түріне ауысып, жүктемені азайту 
керек. Жылдық жаттығу циклі (немесе жылына 2 цикл) аралық мезо-
циклден, ол апталық микроциклдерден тұрады, яғни жылдық цикл, 
мезоцикл, апталық микроцикл болып бөлінеді. Мұндай циклділік
адам организмінің табиғи биоырғақтарына сəйкес келеді жəне 
осымен қатар қолданатын дене жүктемелерін түрлендіріп отыруға 
мүмкіндік береді.
Тынығудың оптималды интервалдарын жасай отырып, 
дене жүктемелерін ауырлығы бойынша дұрыс кезектестіру 
организмнің суперкомпенсациясын, яғни «қайта қалпына келуін» 
қамтамасыз етеді. Бұл келесі жаттығу сабақтарының бастапқымен 
салыстырғанда жоғарырақ жұмысқа қабілеттілікпен басталуына 
əкеледі. Мұндағы режимде спортшы нəтижелері бұлжытпай өседі 
жəне оның денсаулығы сақталады. Өте ұзақ интервалдар ешқандай 
өсімге əкелмесе, ал жеткіліксіз интервалдар жұмысқа қабілеттіліктің 
төмендеуі мен организмнің функциялық күйінің нашарлауына əкеліп 
соғады. 
Жаттығу жүктемелері қызметтік мүмкіндіктердің қол жеткен 
деңгейіне байланысты біртіндеп жоғарылап отыру керек, əйтпесе, 
тіпті, жүйелі түрде жүргізілген сабақтар кезінде де тек оларды ұстап 
тұратын ықпал ғана қамтамасыз етіледі. Мысалы, дене жүктемелері 
кезінде жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) жастарда 150 екп/мин. 
жоғары болу керек, ал егде жастағы адамдарда 130 екп/мин. асу 
қажет.
Жоғары спорттық нəтижелерге жету үшін жаттығудың 
функциялық пен құрылымдық ізін қалдыра отырып, орталық 
жүйке жүйесінің (ОЖЖ), қозғалыс аппаратының жəне вегетативтік 
жүйелердің қызметтік қорларының мобильденуін тудыратын мак-
сималды жүктемелер қолданылуы тиіс.
Жаттығу əсерін анықтайтын факторларды анализдеу нəтижесінде:
1. Жаттығудың негізгі функциялық əсерлері;


234
2. Жаттығу əсері туындауға қажетті табалдырыққа тең (сыни) 
жүктемелер;
3. Жаттығу əсерінің арнайылылығы;
4. Жаттығу əсерінің кері қайтымдылығы;
5. Жаттығу əсерінің мөлшерін анықтайтын жаттығудың дəрежесі 
сияқты физиологиялық заңдылықтар айқындалған (Коц Я. Ц.,1986).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет