232
арнайы дайындық барысында басқа спорт түрлерінде кездесетін
жаттығулар түрлерін де қолдану тиімді.
Негізгі арнайы дайындықта қолданылатын жаттығулар қарқыны
жарыстық кездегі қарқын талабы бойынша орындалады, немесе 85-
90% көлемінде, кей жағдайларда жаттығу қарқыны жарыстық талап-
тардан да артып кетеді.
Сайып келгенде, спортшының дене дайындығы жалпы дене
дайындығы (ЖДД), алдыңғы арнайы дайындық (АДД 1), негізгі
арнайы дайындық (НАД 2) сатыларынан тұрады. Бұл сатылардың
өтуі бір-бірімен тығыз байланысты. Мəселен, бастапқы жалпы дене
дайындығының жақсы өтуі кейінгі сатылардың нəтижелі болуын
қамтамасыз етеді.
Сондықтан, жылдық жаттығу жұмыстарын іске асыру кезінде
барлық дайындық сатыларының бір-бірімен орынды алмасып оты-
руы, болашақ спорттық жетістіктердің тұрақты болуына ықпал етеді.
Дене дайындығын арттырудағы көрсетілген үш саты барысын-
да, бірінші кезеңде жаттығу жұмыстарының көлемі ұлғая отырып,
қарқыны орташа сақталатын болса, келесі бөлімдерде көлемі азая
отырып, есесіне қарқыны арта түседі.
Дене дайындығын арттырудың барлық сатылары жылдық
жаттығу жұмыстарында іске асырылып, бірінші жəне екінші саты-
сы дайындық кезеңінде, ал үшінші негізгі арнайы дайындық сатысы
жарыстық кезеңінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: