Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет138/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   258
Шамадан тыс зорығу – түрлі функцияларды жүйкелік жəне 
гуморалдық реттеу үдерістерінің, зат алмасу мен гомеостаздың 
бұзылуынан туындайтын организмнің функциялық күйінің дереу 
төмендеуі. Ол организмнің дене жүктемесі кезінде энергия ресур-
старына деген сұраныстары мен оларды қамтамасыз ету арасындағы 
сəйкессіздіктен туындайды. Бұл күйдің дамуында гормондық 
тапшылықтың, əсіресе, жұмыс кезінде гипофиздің адренокортико-
тропты гормон резервтерінің түгесілуінің рөлі аса зор. 
Шамадан тыс зорығудың дамуы кезінде натрий мен калий 
иондарының балансы бұзылады, ал бұл жүйке мен бұлшық ет 
жүйелерінде қозу үдерістерінің қалыпты өтуінің ауытқуын туды-
рады. Бұл өзгерістер, атап айтқанда, жүрек бұлшық етінің ошақтық 
жəне диффузиялық зақымдалуына əкеледі. Оның күйінің өзгерістері 
кезінде тіпті, спортшы дистанциялардан өту үдерісінде тікелей мио-
кард бұлшық ет талшықтарының жарылуына да əкелуі ықтимал.
А. С. Солодков бойынша шамадан тыс зорығудың басты себебі 
шектен тыс жəне жылдамдатылған дене жүктемелері болып табыла-
ды. Оның: 
1) Жедел;
2) Созылмалы деген екі түрі бар.
Жедел (жіті) шамадан тыс зорығу қатты əлсіздік, бас айналу
жүрек айну, ентігу, жүрек қағу, артериялық қан қысымының түсуімен 
қатар жүреді. Ол ең ауыр жағдайларда оң жақ қабырға асты бауыр 
ауырсынуына, жедел жүрек жеткіліксіздігіне, талып қалуға əкеліп, 
тіпті өлімен де аяқталуы мүмкін.


272
Созылмалы шамадан тыс зорығу спортшы организмінің 
қызметтік мүмкіндіктеріне сəйкес келмейтін жаттығу жүктемелерін 
көп рет қолданған кезде байқалады. Олар қатты шаршаумен, ұйқы 
мен тəбеттің бұзылуымен, жүрек тұсында шаншып ауырсынумен, 
артериялық қан қысымының аса жоғарылауы немесе төмендеуімен 
көрінеді. Спортшының жұмысқа қабілеттілігі дереу төмендейді. 
Дене жүктемелерін азайту немесе толық тоқтату организмнің 
қалпына келуіне əкеледі. Сонымен қатар жүрек-тамыр жүйесінің 
өзгерістеріне емдік дəрілік заттар қолданылады. Жəне де дұрыс 
теңдестірілген тамақтану мен дəрумендерді қосымша қабылдауға 
аса көңіл бөлу қажет. Жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтірудің 
биологиялық факторлары туралы 5-тарауда толығымен баяндалған. 


273


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет