Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет135/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   258
Ортостатикалық сынама (Превел ортостатикалық рефлексі) 


265
келесідей орындалады: Зерттелуші кушеткада 5 мин. бойы жата-
ды, жатысымен 15 сек-та ЖЖЖ саналады, зерттелуші тұрған соң 
ЖЖЖ тағы да есептеледі. Вертикалды қалыпқа ауысқаннан кейін 
пульстің жиілеуі нормада орта есеппен, 1 минутта 6-18 екпінге 
дейін болатындығы белгілі. (Кейбір əдістемелерде норма бойын-
ша ЖЖЖ-нің 1 минутта 10-12 екпінге жиілеуі тəн). 1 минутта 
пульстің 18 екпінге дейін жиілеуі – қанағаттанарлық реакция, ал 
оның 1 минутта 20 екпіннен асып кетуі – қанағаттанарлықсыз ре-
акция болып табылады. Пульстің мұндай жиілеуі жүрек-тамыр 
жүйесі қызметінің жүйкелік реттелуінің жеткіліксіздігін көрсетеді. 
Сонымен, егер спортшының жаттықтырылу дəрежесі жоғары бол-
са, ортостатикалық əсерлер пульстің айтарлықтай өзгерістерін ту-
дырмайды. Сонымен қатар оның көп мəнге артуы организмдегі 
функциялық ауытқулардың болуын дəлелдейді. Пульстің 24 екп/
мин.-тан аса жиілеуі симпатикалық жүйке жүйесі тонусының, ал 
оның 6 екп/мин.-тан төмен болуы парасимпатикалық тонустың 
басымдығын дəлелдейді. 
Клиностатикалық сынама (Даниелопол клиностатикалық 
рефлексі) тұрған күйден жатқан күйге ауысқан кезде ЖЖЖ анықтау 
арқылы жүргізіледі. Қалыпты жағдайда пульстің 1 минутта 4-12 (20-
ға дейінгі) екпінге баяулауы байқалады. Пульстің баяулауының айқын 
байқалуы (6 екп/мин.-тан көп болуы) вегетативтік жүйке жүйесі 
парасимпатикалық тонусының жоғарылауын, ал мүлдем реакцияның 
болмауы немесе керісінше пульстің жиілеуі симпатикалық жүйке 
жүйесі тонусының басымдығын көрсетеді (вегетативтік тонусты 
Кердо индексі арқылы анықтау 7-тарауда көрсетілген). Неғұрлым 
спортшының жаттықтырылу дəрежесі жоғары болса, соғұрлым 
ортоклиностатикалық сынама кезінде ЖЖЖ айырмашылығы аз бо-
лады. Пульстің көп мəнге баяулауы шынығудың төмен дəрежесін 
көрсетеді. Бұл екі сынаманы таңертең ояна салысымен жүргізу 
ұсынылады. 
Ашнердің көз-жүрек сынамасы. Зерттеуді арқамен жатқан күйде 
жүргізеді. Зерттелушіден көзін жұму сұралады, содан соң бас бармақ 
пен сұқ саусақ арқылы екі көз алмасын қатар 20-30 сек. бойы жайлап 
басқаннан кейін дереу пульс жиілігін санайды. Қалыпты жағдайда 
ол минутына 10 екпіннен жоғары баяуламайды. 
Кеудені еңкейту арқылы сынама жүргізу зерттелуші тік тұрған 
кезде жүргізіледі. Зерттелушіден алға басын түсіріп, 5 сек. еңкею 


266
сұралады. Одан соң бет жүзінің түсі (вазомоторлық реакция) 
бақыланып, пульс жиілігі саналады. Қалыпты жағдайда бет түсі 
айтарлықтай өзгермейді, ал пульс минутына 20 екпіннен жоғары 
жиілемейді. 
Тынысты кідірту арқылы сынама. Зерттелуші терең емес ты-
ныс алады да, 20 сек. тыныс алуды кідіре тұрады. Содан соң дереу 
пульс жиілігі мен артериялық қан қысымы өлшенеді. Қалыпта (нор-
мада) пульс минутына 20 екпіннен асып жиілемейді, систолалық 
қан қысымы 20 мм сынап бағанасынан жоғары көтерілмейді, ал 
диастолалық қан қысымы не жоғарылауы, не төмендеуі ықтимал. 
Алайда, оның өзгерісі 10 мм сынап бағанасынан аспайды. 
Тыныс алу мен жүрек-тамыр жүйесі мүшелерінің қызметтік 
күйін тыныс алғанда (Штанге сынамасы) жəне тыныс шығарғанда 
(Генч сынамасы) демді кідірту арқылы орындалатын гипоксиялық 
сынамалар көмегімен де анықтауға болады. 
Штанге сынамасы зерттелуші отырған қалыпта жүргізіледі. 
Қалыпты тыныстағаннан соң терең (максималдыдан 85-95%) дем
алу кезінде ауызды жабу, мұрынды саусақтармен қысу арқылы 
дем алу тоқтатылады. Тынысты тоқтатқан уақытты секундомер-
мен өлшейді. Нормада дем алғанда тынысты кідіру əйел адамдар-
да 35-45 сек. (спортшы əйелдерде 45-55 сек. жəне одан көп), ерлер-
де 50-60 сек. (спортшы ер адамдарда 65-75 сек. жəне одан жоғары), 
Жаттыққан спортшылар демін бірнеше минутқа дейін ұстап тұра 
алады. Жүрек-тамыр жүйесінде ауытқулар болған жағдайларда ты-
нысты тоқтату ұзақтығы 50%-ға төмендейді. Штанге сынамасы бой-
ынша тынысты кідіру уақыты жасқа байланысты əртүрлі мəнге ие: 
6-7 жаста – 16-26, 8-9 жаста – 32-34, 10-10 жаста – 37-39, 12-13 жаста 
42-45 сек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет