Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет136/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Генч сынамасы максималды дем шығарғаннан кейін тынысты 
кідіру уақыты тіркеу арқылы іске асырылады. Зерттелуші терең дем 
алып, одан соң максималды дем шығарады. Ауыз, мұрын жабылып, 
тынысты тоқтатады. Тыныс алу мен тыныс шығару арасындағы 
демді кідіру уақыты тіркеледі. Қалыпта Генч сынамасы мəні дені сау 
ерлер мен əйелдерде 20-40 сек., ал спортшыларда 40-60 сек.-қа тең.
Динамикалық спирометрия – дене жүктемелері ықпалынан 
өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) өзгерістерін анықтау. 
Зерттелушінің тыныштық күйде ӨТС өлшенген соң, оған орнында 
тұрып санды 70-80°-қа көтере, минутына 180 адым қарқынмен 2 ми-
нут бойы жүгіру ұсынылады. Жүгіргеннен кейін ӨТС тағы өлшенеді. 


267
Сыртқы тыныс алу мен қан айналым жүйесінің функциялық күйі 
мен олардың жүктемеге бейімделуіне байланысты ӨТС төмендеуі, 
ұлғаюы немесе өзгеріссіз қалуы мүмкін. Егер жүктемеге дейінгі мен 
кейінгі арасындағы мəннің айырмашылығы 200 мл-ден көп болса 
ғана, ӨТС-ның нақтылы өзгерістері туралы сөз қозғауға болады. 
Розенталь сынамасы ӨТС-н 15 секундтық интервал арқылы бес 
рет өлшей отыра жүргізіледі. Сынама нəтижелері тыныс алу бұлшық 
еттерінде қажу жүретін немесе жүрмейтіндігін анықтауға жəне егер 
ол орын ала қалған жағдайда, оның дəрежесін бағалауға мүмкіндік 
береді. Ал бұл басқа да қаңқа бұлшық еттері қажуын дəлелдейді. Ро-
зенталь сынамасы нəтижелері:
– 1-ден 5-өлшегенге дейін ӨТС жоғарылауы – «өте жақсы»;
– ӨТС-ның өзгеріссіз қалуы – «жақсы»;
– ӨТС мəні 300 мл-ге дейін төмендеуі – «қанағаттанарлық»;
ӨТС-ның төмендеуі 300 мл-ден асып кетуі – «қанағаттанарлық-
сыз» деп бағаланады.
Рюффье индексін анықтау кезінде 30 секундта ерлер 30 
отырып-тұру, ал əйел адамдар 24 рет орындайды. Сынама
ИР=(Р
1

2

3
-200)/10 формуласы бойынша бағаланады. (Пульс 
30 секунд ішінде саналып, екіге көбейту арқылы анықталады). 
Мұндағы, Р
1
– тыныштық күйдегі, Р
2
– жүктемеден соң бірден 
өлшенген, Р
3
– жүктемеден 1 мин. кейінгі жүректің жиырылу 
жиілігі. Егер мəн теріс болса (нөлден төмен) қан айналу жүйесінің 
қызметі «өте жақсы», 0-ден 5-ке дейін – «жақсы», 6-дан 10-ға дейін 
«қанағаттанарлық», 11-ден 15-ке дейін «əлсіз», ал 15-тен жоғары 
болса «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады. 
Суықтық сынама жүргізгенде зерттелушінің қолын (құбыр 
астына) суық суға салады. Сол мезгілде екінші қолда артериялық 
қан қысымы өлшенеді. Қан қысымы одан соң 1, 2, 3, 5-минуттар-
да анықталады. Нормада систолалық қан қысымы 15-25 мм сынап 
бағанасына жоғарылауы тиіс. Ал симпатикотония кезінде артерия-
лық қан қысымы 25 мм сынап бағанасынан көп болады.
Қарашық рефлексі оның жарыққа, конвергенция, аккомода-
ция, ауырсынуға реакциясына жүргізілетін тестілер көмегімен 
зерттеледі. Дені сау адамның қарашығы диаметрі 3-3,5 мм, дұрыс 
домалақ пішінді. Қалыпта қарашықтардың диаметрлері бірдей бо-
лады. Зерттеу жүргізуші зерттелушілерде «көзді жұму» дыбыстық 
сигналына қарашықтың ешқандай кеңеюі болмайтынын анықтап 


268
алады. Кейін бір көзді жұмғанда жабылмаған көздің қарашығының 
өзгеруін бақылайды. Əрі қарай «көзді жұму» дыбыстық сигналына 
шартты қарашық рефлексін 5-6 рет қайталатып бекітеді.
Шекті жүктемелерді орындау кезінде спортшылардың жұмысқа 
қабілеттіліктері тікелей көрсеткіштер – орындалған жұмыстың 
мөлшері мен қуаттылығы бойынша жəне жанама көрсеткіштер – 
организмдегі функциялық өзгерістер мөлшері бойынша бағаланады. 
Қызметтік қорлардың неғұрлым кең диапазонына ие жаттыққан 
спортшыларда жаттықпаған тұлғалар қол жеткізе алмайтын 
функциялық көрсеткіштердің айтарлықтай дəрежеде артуы 
байқалады.
Шыныққан спортшылардың орталық жүйке жүйесі қызметі 
ақпаратты қабылдау мен қайта өңдеудің жоғары жылдамдығымен, 
тосқауылдарға жақсы тұрақтылығымен, организмнің функциялық 
резервтерінің мобилденуінің жоғары қабілеттілігімен сипаттала-
ды. Оларда қажуды өз еріктерімен жеңудің мүмкіндігі, эмоциялық 
стрестерге қарсы тұру қабілеттері аса жоғары болады. Бұған, бір 
жағынан, мида қалыптасқан қуатты жұмыс доминанталары, ал 
екінші жағынан, нейропептидтер мен гормондардың көп мөлшері 
ықпал жасайды. Мысалы, жаттыққан спортшыларда спортпен 
жаттықпаған адамдардан жарыс кезеңінде адреналиннің тəуліктік 
мөлшері 150 есе асып түсуі ықтимал. 
Энергия жұмсау өте жоғары болады: жеке энергия шығыны 
максималды қуаттылықты жұмыс кезінде 4 ккал*с
-1
жəне жал-
пы энергиялық шығын қалыпты қуаттылықты жұмыс кезінде 2-3 
мың ккал жəне одан жоғары болады. (Жалпы энергиялық шығын 
– жаттығудың барлығын тұтасымен орындау кезінде шығындалған 
энергия мөлшері).
Аэробтық мүмкіндіктерді сипаттайтын ОМП мөлшері ай-
тулы спортшыларда (шаңғышы, жүзгіштер, ескек есушілерде) 
абсолютті ОМП үшін 6 жəне тіпті, 7 (л О
2
/мин) жəне салыстырма-
лы ОМП үшін 85-90 (мл О
2
/кг·мин) жетеді. Мұндай ОМП мөлшері 
спортшыда қозғалудың айтарлықтай қуаттылығын дамытуға жəне 
жоғары спорттық нəтижелер көрсетуіне мүмкіндік береді. Барлық 
арақашықтықта оттегіні жалпы пайдалану мөлшері де аса көп. 
Шыныққандықтың маңызды көрсеткіші стайер-спортшылардың 
қандағы глюкоза мөлшерінің дереу төмендеуі кезінде жұмысты əрі 
қарай жалғастыра алу қабілеті болып табылады. 


269
Субмаксималды қуаттылықты жаттығулармен шұғылданатын 
жоғары білікті спортшылар анаэробты мүмкіндіктерінің өте жоғары 
көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Оларда оттектік қарыздылық 
мөлшері 20-22 л-ге жетеді. Бұл олардың қанның рН деңгейі 7,0 
жəне тіпті, 6,9-ға дейін болатын айрықша өзгерістері мен қандағы 
лактаттың жоғары концентрациясына төзе алушылығын көрсетеді. 
Мұндай өзгерістер вегетативтік жүйелер қызметтерінің шекті 
өзгерістеріне қарамастан жұмыс кезінде орны толтырылмайтын
жоғары оттектік сұранысқа ие жұмыстар үшін тəн. Минуттық ты-
ныс көлемі 180 л/мин, ал минуттық қан көлемі 40 л/мин. болады. 
Систолалық қан көлемі 200 мл-ге жетіп жығылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет