Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Спортшылардың стандартты жəне шекті жүктемелер кезіндегі



Pdf көрінісі
бет134/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   258
Спортшылардың стандартты жəне шекті жүктемелер кезіндегі 
функциялық дайындығын тестілеу
Спортшылардың функциялық дайындығы туралы тыныштық 
күйдегі көрсеткіштерді есепке алған сияқты жұмыс кезіндегі түрлі 
қызметтердің өзгерістері бойынша да бағалайды. Тестілеу үшін 
стандартты жəне шекті жүктемелер қолданылады, мұнда стандарт-
ты жүктемелер ретінде зерттелушінің жасына жəне шыныққандық 
дəрежесіне тəуелсіз барлық тұлғалар үшін қолжетімді жүктемелер 
таңдап алынады. Ал шекті жүктемелер адамның жеке дара 
мүмкіндіктеріне байланысты келеді. 
Стандартты жəне шекті жүктемелерге спортшылар 
организмі реакциясының принциптік ерекшеліктері
Стандартты жəне шекті жүктемелер кезіндегі шыныққан 
жəне шынықпаған тұлғалардағы физиологиялық көрсеткіштер 
өзгерістеріне принциптік айырмашылықтар тəн. Стандарт-
ты жүктемелер кезінде жұмыстың қуаттылығы мен ұзақтығы 
регламенттеледі. Велоэргометрде педаль айналдыру жиілігі жəне 
меңгерілетін кедергі шамасы, степ-тест кезіндегі басқыш биіктігі 
мен шығу темпі, сынама арасындағы интервал мен жұмыс ұзақтығы 
жəне т.б. тапсырмалар барлық зерттелушілер үшін бірдей беріледі. 
Бұл жағдайларда неғұрлым дайындығы жоғары адам жетілген 
қозғалыс координациясы есебінен үнемді жұмыс атқара отырып, 
энергия аз жұмсайды жəне вегетативті қызметтері мен қозғалыс ап-
параты күйі азырақ өзгерістерге ұшырайды.
Шекті жүктемелерді орындау кезінде жаттықпаған адамға 
қарағанда шыныққан спортшы көп қуаттылықпен жұмыс істейді, 
көрінеу үлкен жұмыс көлемін орындайды. Жеке физиологиялық 
үдерістердің үнемділігі мен тыныс алу, қан айналудың жоғары 
тиімділігіне қарамастан спортшының шыныққан организмі шекті 
жұмыс орындау үшін аса көп энерия жұмсайды жəне жаттықпаған 


263
адам үшін мүлдем мүмкін болмайтын моторлық пен вегетативтік 
қызметтердің айтарлықтай өзгерістері орын алады. 
Жұмыс кезіндегі функциялық дайындықты тестілеу
Спортшылардың функциялық дайындығын тестілеудің келесідей 
түрлері болады:
1) Жалпы, мамандандырылмаған тестілеу – түрлі функциялық 
сынамалар, велоэргометрлік тестілер, степ-тест;
2) Таңдаулы спорт түрі жаттығуларына барабар, мамандан-
дырылған тестілеу – берілген жылдамдықта немесе уақытта 
белгілі бір арақашықтықты жүгіріп өту немесе жүзіп өту, берілген 
статикалық күш салуды қажетті уақыт бойы ұстап тұру жəне т.б. 
Стандартты жұмыс кезінде шыныққан организмді шынықпаған 
адамнан:
1) Неғұрлым тезірек бабына келу;
2) Организмнің түрлі қызметтері өзгерістерінің аз деңгейі;
3) Жақсы көрінетін тұрақты күй;
4) Жүктемеден кейін тезірек қалпына келу сияқты ерекшеліктері 
ажыратады. 
Динамикалық жұмыс кезінде шыныққан спортшыда минуттық 
тыныс көлемінің жоғарылауы тыныс тереңдігі (көлемі) артуы 
есебінен, ал минуттық қан көлемінің өсуі систолалық қан көлемі 
(екпінді мөлшер) артуы есебінен жүзеге асады. Шынықпаған адам-
дарда аталмыш көрсеткіштердің өсуі жиілік көрсеткіштер, яғни 
тыныс жиілігі мен жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) есебінен 
қамтамасыз етіледі. 
Статикалық жұмыстарды орындауға бейімделген спортшылар-
да статикалық күш салу феномені азырақ байқалады, яғни басқа 
тұлғаларға қарағанда жүктеме кезінде тыныс алу мен қан айна-
лу қызметтерінің азырақ бəсеңдеуі жəне олардың жұмыстан кейін 
азырақ өсуі орын алады.
Ең көп тараған стандартты тестілер ЖЖЖ=170 екп/мин. кезінде 
жұмыс қуаттылығы кезіндегі PWС
170 
көрсеткіші бойынша дене 
жұмыс қабілеттілігін анықтау тесті жəне жүктемеден кейін ЖЖЖ 
қалпына келу жылдамдығы бойынша бағаланатын Гарвард степ-
тест индексін (ГСТИ) анықтау болып табылады. PWС
170 
көрсеткіші 
спортпен шұғылданбайтын тұлғаларда 1060 құраса, жылдамдықты-
күштік спорт түрлерімен шұғылданатын спортшыларда 1255, ал 
төзімділікке жаттығатын спортшыларда 1500 кгм*мин
-1
жəне одан 
жоғары болады. 


264
Қандай да бір арнайы құрал-жабдықтарды қажет етпей-ақ орын-
далатын келесідей қарапайым функциялық сынамалар спортшының 
күйі жайында пайдалы ақпараттар бере алды: 20 рет жүрелеп 
отырып-тұру, орнында тұрып 15 сек. максималды темпте жүгіру, бір 
орында 2 немесе 5 минуттық жүгіру жəне т.б. 20 рет отырып-тұру 
арқылы орындалатын функциялық сынамалардан кейін ЖЖЖ 2 ми-
нут ішінде қалпына келуі керек. Бір орында орындалатын 2 минуттық 
жүгіру сынамасынан кейін пульстің қалпына келуі 5 минутқа дейін 
созылады. 
Функциялық сынамалардан кейін қалпына келу кезеңіне тал-
дау жүргізудің маңызы зор. Қалпына келу кезеңі ең алдымен, 
жүктеме қарқындылығына, оны орындау кезіндегі зерттелушінің 
белсенділігіне жəне жүрек-тамыр жүйесінің қызметтік күйіне бай-
ланысты екендігі белгілі. Неғұрлым ЖЖЖ бастапқы мəніне тез кел-
се, соғұрлым жүрек-тамыр жүйесінің функциялық күйінің жоғары 
екендігін көрсетеді. 20 рет отырып-тұру арқылы орындалатын 
функциялық сынамаға қалыпты реакция кезінде ЖЖЖ бастапқы 
көрсеткіштен 60-80%-ға артады, ал 2 минуттық жүгіруден кейін 
100%-дан аса жоғарылай қоймайды. Бұл цифрлардан ЖЖЖ мəнінің 
жоғары болуы жүректің функциялық қабілетінің нашарлауын 
көрсетеді. 
Бастапқы мəндермен салыстырғанда 20 рет отырып-тұрғаннан 
кейін пульстік қысым (егер систолалық қан қысымы 120, диастола-
лық қан қысымы 80 болса, пульстік қысым олардың айырмасы-
на, яғни 40-қа тең) 80-100%-дан, 3 минуттық жүгіруден кейін 100-
120%-дан артпауы қажет. Пульстік қысымның арту пайызы пульстің 
жиілеу пайызынан айтарлықтай қалыс қалмауы тиіс. 
Жоғарыдағы сынамаларды жекелей немесе біріктіре (комби-
нациялы) орындауға да болады. Дене жүктемесімен комбинация-
лы сынаманың ең типтік үлгісі кең танымал Летунов сынамасы 
болып табылады. Бұл сынамаға 20 рет отырып-тұру, содан соң 15 
сек. максималды темпте жүгіру, ал одан кейін минутына 180 қадам 
жылдамдықпен 3 минуттық жүгіру кіреді. Мұнда 20 рет отырып-
тұру бой жазу ретінде болса, 15 сек. жүгіру шапшаңдық сапасын, 3 
минуттық жүгіру төзімділік сапасын анықтайды. 
Ортоклиностатикалық 
сынамалар 
ортостатикалық 
жəне 
клиностатикалық əдістерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет