335
алғашқы күндері жаңа мекен орнының күн мен түн ауысымымен
келісімсіздігі (
сыртқы десинхроноз), одан кешірек қайта құрылудың
əртүрлі жылдамдығы нəтижесінде олардың өзара келісімсіздігі (
ішкі
десинхроноз) жүреді.
Жаңа
климаттық
белдеу
жағдайында
десинхроноздың
айғақталуы, қызметтердің адаптациялық
қайта құрылуының сипа-
ты мен жылдамдығы уақыт белдеулерінің өзгерістеріне, ұшудың
бағытына, тұрақты жəне уақытша мекен орындарындағы климаттық
ауа райы режимінің айырмашылықтарына (контрастылығына),
спортшының қимыл əрекетінің арнайы ерекшеліктеріне байланыс-
ты.
Адам организмі функциялық күйінің елеулі өзгерістері 2-3
сағаттық белдеулерді қиып өткен кезде-ақ байқалады.
Белдеу
айырмашылығы 4-5 сағат жəне əсіресе, 7-8 сағат болатын жерлерге
жылдам орын ауыстырған кездерде организм қызметінің тəуліктік
ырғағының айтарлықтай бұзылулары орын алады.
Климаттық белдеулік адаптация тек негізгі тіршілік қызметтердің
жаңа тəуліктік ырғағының өндірілуімен ғана емес, сонымен бірге
биологиялық маңызы жаңа өмір жағдайында физиологиялық
жүйелер қызметінің адекватты жүйе аралық жəне жүйе ішілік инте-
грациясына жетуден тұратын жасуша жəне ұлпалық деңгейдегі аса
терең үдерістермен сипатталады.
Қайта құрылудың ерекшелігі айтарлықтай
шамада эндогендік
жəне экзогендік ырғақтардың қатынасымен анықталады. 7-8
сағаттық белдеу айырмашылығымен батыс бағытқа ұшу кезінде
экзогендік ырғақ белгілі тəулік кезеңі барысында эндогендік
ырғақпен бірлесіп, тəуліктік ритмиканың «шайылуына» əкеледі. Бұл
функциялық күйдің жаңа тəуліктік стереотипін салыстырмалы тез
қалыптастыруға негіздейді. 7-8 сағаттық белдеу айырмашылығымен
батыстан шығысқа ұшу кезінде экзогендік ырғақ негізінен эндогендік
ырғаққа қатысты қарсы фазада болады. Бұл жағдай жаңа өмір орта-
сына организмнің адаптациялық қайта құрылуын күрделендіретін,
тежейтін фактор болып табылады.
Трансконтиненталды ұшу кезінде түрлі
қызметтердің циркада-
лық ырғақтары əртүрлі жылдамдықпен – 2-3 күннен 1 айға дейін
қайта құрылады (R. Wever, 1980). Циклділікті қалпына келтіру үшін
ұшуға дейін əр күн сайын ұйықтайтын уақытты 1 сағатқа жылжытып
отыру керек. Егер ұшуға дейін осыны 5-7 күн бойы орындап қараңғы
336
бөлмеде ұйықтаса, сонда акклиматизация тезірек өтеді. Жаңа уақыт
белдеуіне келгенде жаттықтыру үдерісіне бірқалыпты, баяу ену ке-
рек (қалыпты дене жүктемелері жарыс өткізілетін сағаттарда орын-
далу керек). Жаттығулар «соққылық сипатта» болмау керек.
Тұрақты мекен орнына қайта оралғанда реадаптация адаптацияға
қарағанда неғұрлым қысқа кезеңде өтеді. Адаптациялық
үдерістерге қорғаныс əрекетінің ерекшелігі айтарлықтай ықпал
етеді. Жылдамдықты-күштік спорт түрлері
мен спорт ойында-
ры өкілдерінде адаптациялық реакциялар көбірек көрінеді, бірақ
төзімділіктің көрінуін қажет ететін спорт түрлері өкілдеріне
қарағанда тезірек өтеді.
Организмнің тіршілік əрекетінің
табиғи ырғағы тек ішкі
факторларға ғана емес сыртқы жағдайлармен де байланысты екенін
атап өткен жөн. Зерттеулер нəтижесінде, жаттықтыру барысында
жүктеме өзгерісінің толқындық сипаты анықталған. Жаттықтыру
үдерісіндегі жүктемелер өзгерісінің толқын тəріздес сипаты
адамның ішкі биологиялық ырғақтарымен байланысты. Жаттықтыру
«толқынының» 3 категориясы бар: «аз» 3-7 күнді (немесе одан біраз
көбірек) қамтиды, «орташа» – көбіне 4-6 апта (апталық жаттықтыру
үдерістері) жəне «үлкен» – бірнеше айға созылады.
Жаңа климаттық белдеу жағдайында
спортшылардың арнайы
жұмыс қабілеттілігі динамикасы бірізді фазалар ауысымынан
тұрады: (ұшудан кейін 2-5 тəуліктерде) 0,7-5,5%-ға төмендеуі, (6-10
тəуліктерде) толық емес қалпына келуі жəне келесіде оны бастапқы
деңгейден 1-3,5%-ға артуы
(63 А-сурет).
ОМП есептеп анықтау алыс жерлерді уақытша мекендеудің 2-3
тəулігінде бұл көрсеткіштің 1,5 мл/кг-мин. төмендейтінін, одан соң
бейімделудің 7-13 күндері 2,9 мл/кг-мин-қа (бастапқы деңгейге
салыстырмалы) артатынын жəне адаптацияның 18-20 күндері
қалпына келетінін көрсетеді. Осыған сəйкес қалпына келу кезеңіне
3 мин. дейін пульстік сома жəне жұмысқа қабілеттілік өзгереді
(63
Ə-сурет). Аталмыш құбылыс (феномен) тіршілік əрекетінің күрделі
жағдайларында организмнің функциялық резервінің мобильденуі
нəтижесін көрсетеді. Бұл мобильдену
механизмдерінің бірі
симпатикалық жүйке жүйесі адаптациялық-трофикалық қызметінің
күшеюі болып табылады.