Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тамырлар жүйесі жəне артериялық қысым



Pdf көрінісі
бет202/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   258
Тамырлар жүйесі жəне артериялық қысым. Балалардың 
дамуы барысында қан тамырларының саңылау диаметрі кеңиді. 
Нəтижесінде қан айналымдағы қан көлемі артып, жұмысшы 
мүшелердің оттегімен, ұлпалардың қанмен толық жабдықталуына 
жəне ыдырау өнімдерінің жойылуына жағдай жасалады. 
Тамырлар саңылауларының кеңеюімен қатар жаңа қан тамыр-
лар түзіледі. Бұл əсіресе, дене шынықтыру мен спортпен белсенді 
шұғылданатын балаларға тəн. Жүйелі бұлшық ет əрекеті нəтижесін-
де жаңа тамырлар мен олардың бүйір (коллатералды) тамырларының 
қалыптасуы перифериялық (шеткі) қанайналымның күшеюіне 
əкеледі. 
Жас артқан сайын артериялық қан қысымының да жоғарылайты-
ны белгілі. Мəселен, тыныштық күйде систолалық қысым 11 жас-
та 95, 15 жаста 109 мм сынап бағанасы тең болса, минималды 
артериялық қан қысымы 11-13 жаста 83, ал 15-16 жаста 88 мм сынап 
бағанасы тең. 
Жасөспірімдер мен бозбалаларда 13-16 жаста кейде 130-140 


394
мм сынап бағанасы дейін жететін систолалық қысымның уақытша 
жоғарылауы – бозбалалық гипертония байқалады. Бұл жүрек пен 
қан тамырлар жүйесінің дамуы сирек жағдайларда ғана емес син-
хронды (ілеспе) жүрмеуімен байланысты. Əрі жыныстық жетілу 
кезінде жүректің өсуі қан тамырларының өсуінен озып кетуі де 
ықтимал. Мұның салдарынан жүрекке салыстырмалы жіңішке қан 
тамырлары тұстарынан туындайтын үлкен кедергілерді жеңуге тура 
келеді. Бұл жағдайларды спорт сабақтарында ескеру қажет, яғни дене 
жүктемелерін тыңғылықты индивидуализациялау жəне мөлшерлеу 
(дозасына сай) қажет. 
Ересектерге қарағанда балаларда дене жаттығулары кезінде 
систолалық қысым айтарлықтай азырақ ұлғаяды. Мəселен, макси-
малды қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде 11-12 жастағы 
оқушыларда систолалық қысым орта есеппен 32 мм сынап бағанасы, 
ал 15-16 жастағы жасөспірімдерде 45 мм сынап бағанасы мен 18-
20 жас аралығындағы бозбалаларда 50 мм сынап бағанасы дейін 
артады. 
Жүрек-тамыр жүйесінің жасқа байланысты өзгерістері өсіп 
келе жатқан организм қанайналымы реттелуінің ерекшеліктерін 
айғақтайды. Өмірдің алғашқы жылдарында симпатикалық ықпал 
айрықша басымырақ келеді. Организмнің дамуы барысында атал-
мыш басымдық кезеген (вагус) жүйкесі ықпалының күшеюі ая-
сында азырақ көріне бастайды. Нəтижесінде, тыныштық күймен 
қатар, əсіресе, қызу дене жаттығулары кезінде жүрек-тамыр 
жүйелерінің тиімді қызметін қамтамасыз ететін симпатикалық жəне 
парсимпатикалық ықпалдардың өзара əрекеттестігі жұмылдырыла 
құрылады. 
Ересектерге қарағанда бозбала спортшыларда түрлі эмоция-
лар жүрек-тамыр жүйесіне тезірек жəне күштірек əсер етеді. Ұзақ 
уақыттық жағымсыз эмоциялар, сезімдер жүрек-тамыр жүйесі 
реттелуінің бұзылуына əкелуі мүмкін, əрине, бұл факторлардың
спорттық жетістіктерге жетуде қолайсыз əсер ететіні сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет