Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Систолалық қан көлемі жəне жүректің қан айдау қызметі



Pdf көрінісі
бет201/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   258
Систолалық қан көлемі жəне жүректің қан айдау қызметі 
(жүректің минуттық қан көлемі) жас ұлғайған сайын жоғарылайды. 
Систолалық қан көлемі 7 жаста 23 мл, ал 13-16 жаста 50-60 мл бо-
лады. Оның артуы жүректің минуттық қан көлемінің жоғарылауына 
əкеледі. Тыныштық күйде жүректің минуттық қан көлемі 6-9 жаста 
2,6 л/мин, 10-12 жаста 3,2 л/мин, 13-16 жаста 3,8 л/мин-ге жетеді. 
Дегенмен дене масасының 1 кг-на шаққанда басқадай сипатты 
иеленеді: неғұрлым жас артқан сайын, соғұрлым жүректің қан ай-
дау қызметі төменірек болады. Сайып келгенде, балаларға жүректің 
неғұрлым қызу қызметі тəн болып келеді. 
Бұлшық ет жұмысы кезінде ересектерге қарағанда балалар-
да систолалық қысым мен жүректің қан айдауы азырақ артады.
Балалардың өсуі мен дамуы барысында максималды систолалық қан 
көлемі көбірек болады. Мəселен, ол 8-9 жастағы балаларда 70 мл, 14-
15 жаста 100-120 мл, ересектерде 110-130 мл-ге жетеді. 8-9 жастағы 


393
балаларда қызу бұлшық ет əрекеті кезінде жүректің минуттық қан 
көлемі максималды 13-16 л/мин, 14-15 жастағы жасөспірімдерде
20-24 л/мин. дейін жетуі ықтимал. Сəйкесінше, 8-9 жаста тыныштық 
күймен салыстырғанда жүректің қан айдауы 4 есеге, 14-15 жаста 5-6 
есеге, ал ересектерде 6-7 есеге артады. 
Сонымен, жас артқан сайын жүректің потенциалдық 
мүмкіндіктері жоғарылайды. Бала жүрегі адаптациясының 
айтарлықтай ерекшелігі салыстырмалы жоғары емес систолалық 
қан көлемінің жоғарылауы кезінде ЖЖЖ артуы есебінен жүректің 
минуттық қан көлемінің өсуі болып табылады (Өткен тараулар-
дан біз жүректің минуттық қан көлемі систолалық қан көлемінің 
(СҚК) жүректің жиырылу жиілігіне (ЖЖЖ) көбейтіндісі ретінде 
анықталатынын білеміз: МҚК=СҚКхЖЖЖ).
Балалардың қан айналым жүйесінің ерекшеліктері тыныштық 
күйдегі сияқты бұлшық ет жұмысы кезінде де зат алмасумен тығыз 
байланысты болып келеді. Неғұрлым жоғары қарқындылықты 
энергиялық алмасу, салыстырмалы О
2
(1 кг дене массасы-
на) көп пайдалану балалардың жүрегіне айтарлықтай салмақ 
түсіреді. Сондықтан ересектерге қарағанда балалардың немесе 
жасөспірімдердің жүрегі тыныштық күйдегі іспеттес бұлшық ет 
əрекеті кезінде де біршама қызу жұмыс атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет