398
Жұмыс кезінде балаларда О
2
пайдалану мен сыртқы тыныс
алудың аса күшеюі мүмкін болмайды. Мысалы, 8-9 жастағы балалар-
да қызу жұмыс кезінде минуттық тыныс көлемі тыныштық күйдегі
мəліметтермен салыстырғанда 10-12 есеге (50-70 л/мин. дейін), ал
ересектерде – 15-18 есеге (100-150 л/мин), спортшыларда мұнан да
жоғары – 20-25 есеге (180-220 л/мин) дейін артуы ықтимал.
Балаларда өкпе вентиляциясы көбіне, тыныс тереңдігінің
емес тыныс жиілігінің артуы есебінен ұлғаяды. Бұл 8-9 жастағы
балалардың жаттықпаған ересектерге қарағанда 1 тыныс циклінде
оттегіні 3,5 есе жəне жоғары санаттағы спортшыларға қарағанда 6
есе аз тұтынатындығымен түсіндіріледі.
Балалардың жұмыс кезінде организмді оттегімен қамтамасыз ету
қабілетінің төмен, сонымен қатар қанның оттектік сыйымдылығы-
ның аз болуымен де анықталады. Қандағы гемоглобиннің жалпы
мөлшері 1 кг дене массасына шаққанда 7-11 жастағы балаларда
7,5 г, ал ересектерде 10,4 г болады. Дене жаттығуларын орындау
кезінде балаларда оттегі пайдаланудың аса күшеймеуінің тағы да
бір себебі жүрек-тамыр жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері
болып табылады. Өйткені организмнің оттегімен қамтамасыз
етілуінің жүрек қызметіне тікелей тəуелді екені белгілі. Мысалы,
тіпті салыстырмалы тыныштық күйдің өзінде 1 л оттегіні тұтыну
жасөспірімдерде – 21-22 л, ал ересектерде – 15-16 л жүректің қан
айдауына (ЖМҚК) сəйкес келеді.
Бұлшық ет жұмысы кезінде балаларға аз АВА-О2 тəн. ОМП-
мен қатар жүретін жүктеме АВА-О
2
балаларда 8%, ал жаттықпаған
ересек адамдарда 14-15%-ға дейін артуын тудырады. Бұл жас
өскен сайын артериялық қаннан оттегіні пайдаланудың артатынын
көрсетеді. Мысалы, ОМП жағдайында артериялық қаннан ересек-
терде 70% оттегі пайдаланылатын болса, 8-11 жастағы балаларда
тек 50%-ға жуық оттегі, ал жоғары санаттағы спортшыларда 90%
тұтынатындылығы анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: