405
тəн деңгей – 2710 кгм/мин дейін артатынын
27-кестеден байқауға
болады.
27-кесте
Велоэргометрде жұмыс қуаттылығының жасқа сай өзгерістері
(А. З. Колчинская бойынша)
Жас, жылмен
Қуаттылық, кгм/мин
8-9
509
10-11
745
13
916
14
1045
15-16
1219
22
2710
Төзімділік түрлі жас кезеңдерінде біркелкі артып отырмайды.
Мəселен, аэробты қуаттылықты жаттығулар кезінде төзімділіктің
ең жоғары өсімі 15-16-дан 17-18 жастағы жасөспірімдер мен бозба-
лаларда анықталған. Анаэробты қуаттылықты жаттығуларда жұмыс
ұзақтығының айтарлықтай артуы 10-12-ден 13-14 жасқа
дейін
аралықтарда байқалған.
Жас спортшылар тек төзімділіктерінің жоғары болуымен ғана
емес жəне айтарлықтай көбірек болатын жасқа сай өсімдерімен си-
патталады. Мəселен, жүзумен айналысатын қыз балаларда 8-ден 15
жасқа дейін велоэргометрде орындалатын
жаттығуларда жұмысқа
қабілеттілік 3 есе, ал ұлдарда 3,4 есе артқан. Демек, неғұрлым жас
спортшылар есейген сайын, сəйкесінше
спортпен айналысу өтілі
(стажы) көбейген сайын соғұрлым олар спортпен шұғылданбайтын
тұлғалардан көп ерекшеленеді. Алайда, дене белсенділігі
жағдайында бола тұра ядро серпу, диск лақтыру, марафон жəне бас-
кетбол сияқты спорт түрлерінде жұмыс өнімділігінінің жасқа байла-
нысты төмендейтіндігін
74-суреттен көруге болады.
Ептілік. Бұл қимыл сапасы қозғалыстың күштік, уақыттық жəне
кеңістіктік параметрлерін басқара білумен сипатталады.
Ептіліктің
қалыптасу
факторларының
бірі
кеңістікті
бағдарлаудың дəлдігі болып табылады. Қозғалысты кеңістіктік диф-
ференциалдау (ажырату) қабілеті 5-6 жаста елеулі күшейеді. Бұл
қабілеттің барынша өсуі 7-ден 10 жасқа дейін байқалады. 10-12 жа-
ста ол тұрақтанып, 14-15 жаста біраз төмендеп, ал 16-17 жаста қимыл
бағдарлау көрсеткіштері ересектерге тəн деңгейге жетеді. Жүйелі
406
түрде жаттығу қозғалыстың кеңістіктік
параметрлеріне неғұрлым
сапалы анализ жасай білуін дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: