Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Физиологиялық қорлар классификациясы



Pdf көрінісі
бет23/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   258
Физиологиялық қорлар классификациясы
Физиологиялық қорлар төмендегіше жіктеледі.
1. Организмнің құрылымдық жəне қызметтік деңгейлері бойын-
ша:
А) жасушалық физиологиялық қорлар – бұлшық ет, жүйке жəне 
т.б;


50
Ə) ұлпалық физиологиялық қорлар – жүйке, бұлшық ет, без жəне 
т.б; 
Б) мүшелік физиологиялық қорлар – жүрек, өкпе, бүйрек жəне 
т.б;
В) жүйелік физиологиялық қорлар – жүрек-тамыр, тыныс алу
зəр шығару жəне т.б;
Г) жүйе аралық физиологиялық қорлар;
Ғ) тұтас организмнің адаптациялық қорлары. 
2. Дене сапалары бойынша:
А) күштің физиологиялық қорлары;
Ə) шапшаңдықтың (жылдамдықтың) физиологиялық қорлары;
Б) төзімділіктің физиологиялық қорлары.
3. Орындалатын бұлшық ет жұмысының сипаты (қуаттылығы, 
ұзақтығы) бойынша:
А) максималды қуаттылықты жұмыс физиологиялық қорлары;
Ə) максималдыға жуық қуаттылықты жұмыс физиологиялық
қорлары;
Б) субмаксималды қуаттылықты жұмыс физиологиялық қорлары;
В) орташа (қалыпты) қуаттылықты жұмыс физиологиялық 
қорлары. 
4. Физиологиялық қорлардың мобилдену кезегі (жоғарыда толық 
сипатталған болатын) бойынша:
А) бірінші эшелон – тыныштық күйден шаршау сезімі пайда
болғанға дейінгі үйреншікті жұмысқа ауысқанда мобилденеді;
Ə) екінші эшелон – экстремалды жағдайларда қосылады;
Б) үшінші эшелон – өмір үшін күрес кезінде мобилденеді.
5. Физиологиялық қорлардың арнайылығы дəрежесі бойынша:
А) жалпы (арнайы емес) физиологиялық қорлар – сапа қызметі-
нің барлық түрлеріне ортақ жұмылдырылады;
Ə) арнайы физиологиялық қорлар – арнайы қызмет дағдылары
арқылы мобильденеді.
Адаптация үдерісінде организмнің резервті мүмкіндіктері 
диапазонының кеңеюі орын алады жəне оларды мобилдеу қабілеті 
жоғарылайды. 


51
Организмнің қызметтік қорларын сандық бағалау аса қиынға 
соғады. Организмнің резервті мүмкіндіктерін зерттеудің 2 жолы бар:
1. Бірінші жол организмге тестік жүктемелердің əсер етуі 
кезіндегі мүшелер, мүшелер жүйесі жəне тұтас организм қызметінің 
диапазонын анықтаумен байланысты;
2. Екінші жол гомеостаз бұзылған жағдайларда адам организмі-
нің жұмысты атқару қабілетін зерттеуге бағытталған, яғни ұйғарын-
ды (мүмкін болатын) гетеростаз деңгейі анықталады. 
Организмді кез келген функциялық тестілеу барысында 
физиологиялық қорлардың тек біраз бөлігінің ғана мобилденетінді-
гін ескерсек, оның потенциалды физиологиялық қорларын 
тікелей анықтау мүмкін емес. Дегенмен, нейрогуморалдық рет-
телу механизмдері есебінен физиологиялық жүйелер қызметінің 
өзгерістері өзара байланысты болып келетіндіктен организм 
адаптациясы қызметтік қорларын бағалау үшін жанама əдістер 
қолданылады. Ол мөлшерлі жəне шекті дене жүктемелері кезінде 
жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ), оттегіні пайдалану, гормон-
дар секрециясы, электроэнцефалограмма (ЭЭГ) жəне т.б. сын-
ды организмнің функциялық күйінің түрлі көрсеткіштерін тіркеу 
арқылы жүргізіледі. Мұндай əдіс организмнің функциялық күйін 
қалыптастырудағы сол немесе басқа да физиологиялық қорлардың 
нақтылы үлесін сандық бағалауға мүмкіндік береді. Физиологиялық 
қорлар барлық адаптациялық резервтер жүйелері ішінде орталық 
қосалқы жүйе болып табылатындықтан, оның қызметіне басқа да 
қосалқы жүйелердің жұмысы тəуелді болып келеді. Бұл тұтастай 
алғанда қызметтік қорлар жүйесінің мобильдеу мүмкіндігін 
бағалауға қолайлылық тудырады. 
Организмнің қызметтік қорын бағалау кезінде жүйелік тəсілдеме 
кең қолданылады. Ол тест жүктемелері əсеріне жауап ретінде 
туындаған организмнің жүйелік адаптивті реакциясында əртүрлі 
қорлардың интеграциясын (бірігуін) сипаттауға мүмкіндік береді. 
Қызметтік қорлардың интеграциясы организм бейімделгіштігінің 
ерекшелігі жəне оның деңгейімен, сонымен бірге организмге əсер 
етуші сыртқы орта факторының сипатымен анықталатындығы 
дəлелденген.


52


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет