18-сурет. Бұлшық ет жиырылуы кезіндегі 3 əрекет потенциалы (Modifi ed
from Vander, Sherman, Luciano Human Physiology, McGraw-Hill)
54
Жоғарыда – изотониялық (бұлшық ет талшығы тонусы өзгермей,
тек ұзындығының қысқаруы);
Ортада – изометриялық (бұлшық ет талшығы ұзындығы
өзгермей, тек тонусының артуы);
Төменде – ауксотониялық жиырылу (бұлшық ет талшығы тону-
сы да, ұзындығының да өзгеруі)
Табиғи жағдайда таза изотониялық немесе таза изометриялық
жиырылулар кездеспейді. Денеде бұлшық еттің екі ұшы сүйек ры-
чагына бекитіні белгілі (8-, 18-суреттер), сондықтан ол жиырылған
кезде өзі əсер ететін мүшенің салмағына тең кедергіні немесе антаго-
нист еттердің қарсылығын жеңу керек. Демек, əрекет үстінде бұлшық
ет талшығы əрі (тонусы артады) ширығады əрі қысқарады. Қимыл-
əрекет үстінде бұлшық еттер ауксотониялық жиырылу жағдайында
болады, бірақ онда не изотониялық, не изометриялық жиырылу
басымырақ келеді. Бұлшық етке зақым келтіру ықтималдылығы осы
жиырылу барысында жоғары болып келеді.
Дене жаттығуларын жалпы физиологиялық жіктеу сəйкесінше
жаттығуларды жүзеге асыратын бұлшық ет белсенділігінің:
1. Қызметтегі белсенді (активті) бұлшық ет салмағы көлемі;
2. Бұлшық ет жиырылуы типтері;
3. Жиырылудың күші немесе қуаттылығы сияқты үш негізгі си-
паттамасына негізделе жүргізіледі.
Белсенді бұлшық ет салмағы көлеміне байланысты дене
жаттығуларының жіктелуі. Белсенді бұлшық ет салмағы көлеміне
байланысты барлық дене жаттығулары жергілікті (локалды),
аймақтық жəне ауқымды (глобалды) деп бөлінеді.
Жергілікті жаттығуларға дененің барлық бұлшық ет
салмағының үштен бір бөлігінің (1/3) қатысуымен жүзеге асырыла-
тын жаттығулар жатады. Мысалы, садақ, пистолет ату, белгілі бір
гимнастикалық жаттығулар.
Аймақтық жаттығуларға дененің барлық бұлшық ет
салмағының 1/3-ден 1/2-ге дейін қатысуымен орындалатын
жаттығулар жатады. Мысалы, тек иық белдеуі мен қол бұлшық
еттерімен, кеуде бұлшық еттерімен орындалатын гимнастикалық
жаттығулар.
Ауқымды жаттығуларға барлық бұлшық ет салмағының жарты-
сынан аса бөлігінің белсенді қатысуымен орындалатын жаттығулар
жатады. Мысалы, жүгіру, ескек есу, велосипед тебу. Көптеген
спорттық жаттығулар осы ауқымды жаттығулар тобына кіреді.
|