Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет31/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   258
ǃ
ƶ 
Ǔ 
dž 
DŽ 
Ʒ 
Lj 
Ǒ 
ǂǖǠǧǞǢǖǡǚDZ ǖǣǖdzǦǤǗǨDZf 
fǩǖǨǨDZǡDZf 
ǂǖǠǧǞǢǖǡǚDZdǖ ǜǩDZf 
ǖǣǖdzǦǤǗǨDZf fǩǖǨǨDZǡDZf 
LJǩǗǢǖǠǧǞǢǖǡǚDZ 
ǖǣǖdzǦǤǗǨDZf fǩǖǨǨDZǡDZf 
ƶ 
Ǔ 
dž 
DŽ 
Ʒ 
Lj 
Ǒ 
ǂǖǠǧǞǢǖǡǚDZ ǖdzǦǤǗǨDZf 
fǩǖǨǨDZǡDZf 
ǂǖǠǧǞǢǖǡǚDZdǖ ǜǩDZf 
ǖdzǦǤǗǨDZf fǩǖǨǨDZǡDZf 
LJǩǗǢǖǠǧǞǢǖǡǚDZ 
ǖdzǦǤǗǨDZf fǩǖǨǨDZǡDZf 
DŽǦǨǖǮǖ ǖdzǦǤǗǨDZf 
fǩǖǨǨDZǡDZf 
ƶǝ ǖdzǦǤǗǨDZf
fǩǖǨǨDZǡDZf 
Бірінші топ жаттығуларын жалпы қозғалыс (кинематикалық) 
сипаттамасына, яғни уақытпен өту сипатына байланысты циклдік 
(тізбекті) жəне ациклдік (тізбекті емес) деп жіктейді (сызбанұсқада 
көрсетілген).


63
ljǿDZdzǴǭȎdz
ǯǩǻǻȄßǼǴǩǹ
ǑǶǻǮǹǫǩǴǭȄ

áǩDzǻǩǴǩǼ
ǚǻǩǶǭǩǹǻǻȄ
ǮǵǮǺ
éǰȎǴȎǺǻȎ
ǚǻǩǶǭǩǹǻǻȄ
éǰȎǴȎǺǻȎ
ǏǩǹȄǴȄǺǻȄá
Локомоторлық (орын ауыстыру) сипатты циклдік жаттығуларға 
жүгіру, жүру, конькимен, шаңғымен жүгіру, жүзу, ескек есу, вело-
сипед тебу жатады. Бұл жаттығуларға қозғалыстың стереотипті 
циклдерінің көп рет қайталануы тəн. Мұнда қозғалыстың тек жалпы 
бейнесі ғана емес, сонымен бірге жүктеменің орташа қуаттылығы не-
месе арақашықтық бойынша спортшының (велосипед, қайық) орын 
ауыстыру жылдамдығы да салыстырмалы тұрақты болады. Бұған 
өте қысқа циклдік жаттығулар жəне кез келген арақашықтықтың 
бастапқы кезі, яғни орын ауыстыру жылдамдығы айтарлықтай 
өзгеретін қарқын кезеңі қатысты емес. Басқаша айтқанда, циклдік 
жаттығулар – құрылымы жəне қуаттылығы салыстырмалы тұрақты 
жаттығулар. 
Ациклдік жаттығуларға орындау барысында қозғалыс белсенді-
лігі сипаты тез өзгеретін жаттығулар жатады. Жаттығулардың бұл 
түріне барлық спорттық ойындар, спорттық жекпе-жектер, лақтыру 
мен секіру, гимнастикалық жəне акробатикалық жаттығулар, су 
мен тау шаңғысы, конькимен мəнерлеп сырғанау кіреді. Соны-
мен қатар ациклдік жаттығуларға олардың орындалу барысын-
да қуаттылығының шұғыл өзгерістері тəн. Бұған тек жарыс ғана 
емес, онымен бірге жаттықтыру жаттығулары да, мысалы, түрлі 
жылдамдықпен біртұтамдап орындалатын қайталама жүгіріс жата-
ды.
Техникалық жаттығулардан басқа жаттығулардың маңызды 
жіктемелік сипаттамасы олардың қуаттылығы болып саналады. 
Олардың циклдік жаттығуларда салыстырмалы тұрақты екендігін 
ескере отырып, оларды жаттығудың орындалуының кез келген уақыт 
біртұтамында орташа қуаттылығы бойынша жіктеуге болады. 
Ациклдік 
жаттығулар 
орындалу 
барысында 
неғұрлым 
белсенділігі (қуаттылығы) жоғары – жұмыс кезеңдерінен жəне толық 
демалысқа (нөлдік қуаттылыққа) дейін белсенділігі салыстырмалы 


64
болып келетін аралық кезеңдермен кезектесетін кезеңдерден тұрады. 
Ациклдік жаттығуларды жіктеу кезінде негізгі жұмыс кезеңдері 
қуаттылығы («шың» қуаттылығы) немесе жұмыс кезеңдері мен са-
лыстырмалы немесе толық демалыс аралық кезеңдерін қоса оты-
рып жаттығудың барлық уақытындағы «орташа» қуаттылығы бо-
йынша бағалау жүргізілетіндігі түсініксіз болып қалуда. Мұндай 
көрсеткіштерді əрқайсын қолдану кезінде ациклдік жаттығулардың 
физиологиялық сипаттамасы түрліше болады. 
Орындалатын жаттығудың механикалық немесе физикалық 
қуаттылығы – ватт, кгм/мин. сияқты физикалық шамалармен 
өлшенеді. Ол дене жүктемесін анықтайды. Көп жағдайларда 
спорттық жаттығулардың физикалық қуаттылығын нақты өлшеу 
өте қиын. Циклдік жаттығуларда қуат (дене жүктемесі) жəне орын 
ауыстыру жылдамдығы (қозғалысты орындаудың өзгеріссіз техни-
касы кезінде) сызықтық тəуелділікте байланысты, яғни жылдамдық 
артқан сайын соғұрлым дене жүктемесі жоғары болады. 
Организмнің сол дене жүктемесіне физиологиялық (жəне 
психофизиологиялық) реакцияларының жиынтығы жүктеменің 
физиологиялық қуаттылығын немесе жұмыс атқарушы адам 
организміне физиологиялық жүктемені дəл анықтауға мүмкіндік 
береді. «Физиологиялық жүктеме» немесе «физиологиялық қуат» 
түсініктері «жұмыс ауырлығы» терминіне таяу. Əр адамда сыртқы 
ортаның бірдей жағдайларында сол бір сипаттағы жаттығуды орын-
дау кезінде жүктеменің физиологиялық қуаттылығы дене жүктеме-
сіне тура тəуелділікте болады. Мысалы, жүгіріс жылдамдығы 
жоғары болған сайын соғұрлым физиологиялық жүктеме де үлкен 
болады.
Дегенмен, бірдей дене жүктемесі жасы жəне жынысы əртүрлі 
адамдарда, функциялық дайындық дəрежесі (жаттықтыру дəрежесі) 
бірдей емес адамдарда, сонымен бірге сол бір адамның түрлі орта 
жағдайларында (мысалы, жоғары немесе төмен ауа температурасы 
мен қысымы кездерінде) əртүрлі физиологиялық реакцияларын ту-
дырады. Осылармен қатар сол бір адамның түрліше физиологиялық 
реакциялары түрлі бұлшық ет топтарымен (аяқпен немесе қолмен) 
немесе дененің əртүрлі қалыптарында (жатқанда немесе тұрғанда) 
орындалған қуаттылығы бойынша бірдей дене жүктемесінің əсер 
етуі кезінде де байқалады. Физиологиялық қуаттылығы бірдей 
жұмыстарды атқаратын (оттегі пайдалану жылдамдығы бірдей) 
каноэ ескекшілері, жүзгіш пен желаяқтардың өздерінде дене 
жүктемелері (реакциялары) көп ерекшеленеді.


65
Сəйкесінше, жасы, жынысы, функциялық дайындықтары 
(жаттықтырылу дəрежесі) əртүрлі адамдар мен түрлі жағдайлардағы 
орындаған жаттығудың физикалық қуаттылығы көрсеткіштері түрлі 
спорттық жаттығуларды бірыңғай физиологиялық жүйелеуде кри-
терий ретінде қолданылмайды. Сондықтан жіктеу белгісі ретінде 
көбіне, физиологиялық қуаттылық немесе физиологиялық жүктеме 
пайдаланылады. 
Осындай көрсеткіштердің біріне сол жаттығуды орындаудың 
шекті уақыты жатады. Неғұрлым физиологиялық қуаттылық («жұ-
мыс ауырлығы») жоғары болған сайын жұмыстың орындалуының 
шекті уақыты қысқарақ келеді. Түрлі арақашықтыққа жету 
жылдамдығы мен шекті (рекордтық) уақыт арасындағы тəуелділікті 
əлемдік рекордтар мəліметтері бойынша В. С. Фарфель талдай оты-
рып, «рекордтар қисық сызығын» салыстырмалы қуаттылықтың
4 зонасына бөлді: максималды қуаттылық зонасы жаттығудың шекті 
ұзақтығы 20 секундқа дейін, субмаксималды қуаттылық зонасы
20 секундтан 3-5 минутқа дейін, үлкен қуаттылық зонасы 3-5 ми-
нуттан 30-40 минут жəне бірқалыпты қуаттылық зонасы 40 минут-
тан жоғары. Спорттық циклдік жаттығуларды осылайша жіктеу кең 
тараған. 
Физиологиялық қуаттылыққа сипаттама беруді тағы бір қырынан 
алып қарағанда салыстырмалы физиологиялық өзгерістерді 
анықтауға келіп саяды. Бірдей сол дене жүктемесіне жауап беруші 
физиологиялық реакциялардың сипаты мен мөлшері ең алды-
мен, жетекші физиологиялық жүйелердің шекті қызметтік 
мүмкіншіліктеріне байланысты. Неғұрлым қызметтік мүмкіндіктері 
жоғары адамдарда қызметтік мүмкіндіктері төмен адамдарға 
қарағанда бірдей дене жүктемесін орындау кезінде жетекші 
жүйелерде реакция мөлшері (физиологиялық ығысу) азырақ болса, 
сəйкесінше, жетекші (жəне басқа да) жүйелерге жəне тұтас организм-
ге физиологиялық жүктеменің əсері салыстырмалы төмен болады. 
Бірдей дене жүктемесі біріншілерге қарағанда, екіншілерге салыс-
тырмалы қиынырақ («салмақтырақ»), сəйкесінше, оны орындаудың 
шекті уақыты қысқарақ. Біріншілер екіншілер орындай алмайтын 
үлкен дене жүктемелерін орындауға қабілетті.
Сайып келгенде, спорттық жаттығуларды физиологиялық 
жіктеуде салыстырмалы физиологиялық қуаттылық көрсеткіштері: 
физиологиялық жүктеме, физиологиялық ширығу, жұмыс ауырлығы 


66
қолданады. Мұндай көрсеткіштерге жетекші физиологиялық 
жүйелерде белгілі бір сыртқы орта жағдайларында орындалатын 
аталмыш дене жүктемесіне жауап кезінде туындайтын салыстыр-
малы физиологиялық ығысулар жатады. Бұл ығысулар жетекші 
физиологиялық жүйелер əрекетінің ағымды жұмыс көрсеткіштерін 
шекті (максималды) көрсеткіштермен салыстыру жолымен 
айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет