Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет22/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   258
Биохимиялық қорлар. Бейімделу кезінде биохимиялық қорларды 
мобилдеу мен пайдалану нəтижесінде организмнің ішкі ортасының 
динамикалық тұрақтылығы сақталады. Егер организмде зат алма-
су өнімдері жинақталып қалса, гомеостазды сақтаудың гуморалдық 
механизмдері іске қосылады. Осылайша биохимиялық қорлар тек 
энергиялық пен пластикалық алмасуды ғана емес, сонымен бірге 
негізінен жасушалық жəне ұлпалық деңгейлермен байланысты ор-
ганизм гомеостазын да қамтамасыз етеді. 
Психологиялық қорлар. Организмнің қызметтік қорларын 
«іргетасы» биохимиялық, ал «шыңы» психологиялық қорлар бо-
лып табылатын күрделі қорлар жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Қызметтік қорлар жүйесінің «негізі» – нейрогуморалдық реттелу 
механизмдері есебінен оны біртұтас етіп біріктіретін физиологиялық 
қорлар болып табылады. Жүйе түзуші факторлар организм 
қызметтерінің нəтижесі немесе бейімделу нəтижесі ретінде көрінеді. 
Нəтиженің болмауы жүйелі жеткіліксіз нəтиже сияқты қызметтік 


49
қорлар жүйесінің қалыптасуына түрткі болып қана қоймай жəне 
ерік, мақсат, нұсқау, құндылық жүйесіне жəне т.б. байланысты оның 
қызмет етуін тоқтатып əрі оны істен шығаруға да əкелуі ықтимал. 
Қызметтік жүйелер теориясына сəйкес адам организмінің жасы-
рын мүмкіндіктерінің жекелей көрінуін қор ретінде бағалау мүмкін 
емес. Тек аталмыш қызметтің организмнің тұтас қызметтерінің 
нəтижесіне қатысы ғана бейімделу резервтері туралы сөз қозғауға 
мүмкіндік береді. Осының салдарынан организм адаптациясы 
резервтері анықтамасы организмнің құрылымдық элементтері 
функциялық белсенділігінің бейімделу нəтижесіне қол жеткізуге 
үлес қоса алатын өзгерістерімен түсіндіріледі. 
Адаптация үдерісінде организмде қызметтік қорлар жүйесі 
қалыптасады жəне жетілдіріле түседі. Ол организмнің бейімделу 
деңгейі мен сипатымен, оның жыныстық, жастық жəне конституци-
ясы ерекшеліктерімен анықталады. 
Қызметтік қорлардың күрделі жүйесін түзетін жеке бөлімдері
бір-бірлерімен өзара əсерлеседі. Олардың кейбірі бір-біріне 
жағымды (оң) жəне жағымсыз (теріс) əсер етіп, яғни қызметтерінің 
күшеюіне немесе тежелуіне себепші болса, ал кейбіреулері тек 
біржақты ғана ықпал жасайды. Мəселен, талдағыштар жүйесі 
қозғалысқа жауап беретін жүйелер қызметін белсендіре əлде 
төмендете алуымен қатар ол гомеостазды сақтау жүйелеріне тек 
белсендіруші ықпал ғана ете алады. Бұлшық ет жүйесі гомеостазды 
сақтау жүйесін белсендірумен қатар (гомеостазды сақтау жүйелері 
сияқты) қозғалысты ұйымдастыру жүйелері қызметіне тежеуші əсер 
етеді. 
Негізінде организм адаптациясы қосбірлікті үдеріс ретінде 
қарастырылуы мүмкін. Бір жағынан, организм ішкі ортаның өмірлік 
маңызды константаларын (тұрақты шамаларын) сақтауға бейімделсе, 
ал басқа жағынан үнемі гомеостаз өзгерістерінің алдын алу мүмкін 
болмағандықтан, организм арнайы қызметті орындауға неме-
се адаптацияның физиологиялық жүйелерінің қорын жұмылдыра 
қатыстыру жолымен əсер етуші факторларға бейімделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет