Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Максималдыға жуық анаэробтық қуаттылықты жатты-



Pdf көрінісі
бет34/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Максималдыға жуық анаэробтық қуаттылықты жатты-
ғуларға (аралас анаэробтық қуаттылықты) – жұмыс атқарушы 
бұлшық еттердің анаэробтық энергиялық қамтамасыз етілуі 
артық болатын жаттығулар жатады. Жалпы энергия өнімділіктің 
анаэробтық компоненті 75-85%-ға тең келеді. Ол фосфагендік жəне 
барынша лактацидтік (гликолиздік) энергиялық жүйелер есебінен 
құралады. Жүгіруде рекордтық максималдыға жуық анаэробтық 
қуаттылық шамамен, 50-100 ккал/мин. Мұндай жаттығулардың 
шекті ұзақтығы айтулы спортшыларда 20-50 секундқа дейінгі 
аралықта болады (4-кестені қараңыз). Жарыс жаттығуларына 200-
400 м арақашықтыққа жүгіру, 100 м-ге дейін арақашықтықта жүзу, 
500 м-ге конькимен жүгіру жатады (5-кестені қараңыз).
Бұл жаттығулардың энергиялық қамтамасыз етілуі үшін 
оттегі тасымалдау жүйесі қызметінің айтарлықтай күшеюі белгілі 


72
энергиялық рөл атқарады. Мұнда жаттығу ұзағырақ болған сайын, 
соғұрлым бұл жүйелердің энергиялық рөлі көбірек болады. Сөре 
алдыңғы күйде жүректің жиырылу жиілігінің аса айтарлықтай (150-
160 екп/мин. дейін) жоғарылауы орын алады. Ол неғұрлым жоғары 
мəнге (максималдыдан 80-90%) 200 м мəреден жəне 400 м мəреден 
кейін дереу жетеді. Жаттығуды орындау үдерісінде өкпе вентиля-
циясы тез өседі, сондықтан ұзақтығы 1 мин. жуық жаттығу соңына 
таман сол спортшы үшін максималды жұмыс вентиляциясының 50-
60% жетуі (60-80 л/мин) мүмкін. Арақашықтықтарда оттегіні пай-
далану жылдамдығы да тез өседі жəне 400 м мəреде жеке ОМП-дың 
70-80% құрауы мүмкін.
Қандағы лактат концентрациясы жаттығудан кейін (білікті спорт-
шыларда 15 ммоль/л дейін) жоғары мəнді көрсетеді. Арақашықтық 
үлкен жəне спортшы біліктілігі жоғары болған сайын ол көп бола-
ды. Қандағы лактаттың жинақталуы оның жұмысшы бұлшық ет-
терде түзілу жылдамдығының өте жоғары болуымен (қарқынды 
анаэробтық гликолиз нəтижесі ретінде) байланысты.
Қандағы глюкоза концентрациясы тыныштық жағдаймен 
салыстырғанда (100-120 мг%-ға дейін) жоғарылайды. Қандағы 
гормондық ығысулар максималды анаэробтық қуаттылықты 
жаттығуларды орындау кезіндегі өзгерістермен ұқсас келеді.
Максималдыға жуық анаэробтық қуаттылықты жаттығулардың 
спорттық нəтижесін анықтайтын жетекші физиологиялық жүйелер 
мен механизмдері алдыңғы топ жаттығуларындағыдай болады. Со-
нымен қатар жұмысшы бұлшық еттің лактацидтік (гликолиздік) 
энергиялық жүйелер қуаттылығы жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет