Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Орташа аэробтық қуаттылықты жаттығуларға



Pdf көрінісі
бет39/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   258
Орташа аэробтық қуаттылықты жаттығуларға (жеке ОМП 
55-65% оттегіні арақашықтық пайдаланумен жүретін жаттығулар) 
орындау кезінде жұмыс атқарушы бұлшық еттер энергиясының 
барлығына дерлігі аэробтық жолдармен қамтамасыз етілетін 
жаттығулар жатады. Негізгі энергиялық субстрат жұмысшы 
бұлшық ет пен қан майлары болып табылады, ал көмірсулар (тыныс 
коэффиценті 0,8 жуық) салыстырмалы аз рөл атқарады. Жаттығу 
шекті ұзақтығы бірнеше сағатқа дейін созылады (6-кестені қараңыз). 
Бұл топ жаттығуларына 50 км-ге спорттық жүру, 50 км-ден жоғары 
ұзақ арақашықтықтағы шаңғы жарыс жатады (7-кестені қараңыз). 
Кардиореспираторлық көрсеткіштер сол спортшыға тəн макси-
малды мəннен 60-75%-дан аспайды. Бұл жаттығулар мен алдыңғы 
топ жаттығуларының көптеген сипаттамалары ұқсас келеді.
Аз аэробтық қуатылықты жаттығуларға (жеке ОМП 50%
жəне одан төмен оттегіні арақашықтық пайдаланумен жүретін 
жаттығулар) орындалу кезінде жұмыс атқарушы бұлшық еттердің 
барлық энергиясы көп мөлшерде майлар жəне аз дəрежеде көмірсулар 
(тыныс алу коэффиценті 0,8 төмен) арқылы шығындала отырып 
жүретін тотығу үдерістері есебінен қамтамасыз етілетін жаттығулар 
жатады. Мұндай салыстырмалы физиологиялық қуаттылықты 
жаттығулар көптеген сағаттар бойы орындалуы мүмкін. Бұл 
адамның тұрмыс əрекетімен (жүру) жəне жаппай немесе емдік дене 
шынықтыру сабақтары жүйесіндегі жаттығуларға сəйкес келеді.


81
7-кесте
Аэробтық циклдік жаттығулар түрлері жəне жетекші 
физиологиялық жүйелер мен механизмдері
Топ
Жаттығулар
түрлері
Жаттығуларды
орындау 
барысында 
организмде жүретін 
өзерістер 
Жетекші 
физиологиялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет